ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ АЛГОРИТМІ ҚҰРЫЛДЫ

 Жаппай вакцинациялау алгоритмінің құрылуына сәйкес, қала және аудан тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім бойынша және алдын-ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Вакцинация сондай-ақ, жылжымалы вакцинациялау пункттерінде жүргізіледі. Тұрғындар алдын-ала Egov электрондық жүйесі арқылы тіркеліп, ерікті түрде вакцина жасата

ТҮРКІСТАНДЫҚ 700-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Түркістан қаласындағы құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс басында болды. Аймақ басшысы құрылыс барысында ең алдымен сапаға басты назар аударуды мықтап міндеттеді. Жұмысшылармен кездескен облыс басшысы қолға алынған жұмыстарды дер кезінде, белгіленген кестеге сәйкес

ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

   10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты

  Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті маңында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының (ХСЭЫО) құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты. Тараптар Қазақстанның Өзбекстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы,

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ 200-ГЕ ЖУЫҚ ШАММЕН ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

  Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағында Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Сұлтан Бегім, Есімхан мазарлары мен сегіз бұрышты кесене, бұрынғы казарма ғимараты мен бекініс қабырғасы орналасқан. Кесенені жарықтандырудың бірегей жобасын жүзеге асыру кезінде ескерткіштің даралығын, тұтастығы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ 100% СУМЕН ҚАМТИТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

    ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты.     Арыс ауданындағы ««Көксарай су реттегішіне» барған ведомство басшысы нысан бөгетінің беріктігін арттыруға және реконструкция жасауға арналған жобалық-сметалық

МАҚТААРАЛДА БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛУ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

  Мақталы өлкеде «Мақтаарал ауданының агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруда – бір алқаптан 2-3 өнім алудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өтті.     Шараға аудан әкімі Бақыт Асанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Плалов, «Мақта және бақша» ауыл

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  Түркістан облысы Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен Жетісай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Мұрат Болатұлы Қадырбектің кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданды үш жыл басқарған Жамантай Бейсенбаевты құрметпен зейнет

ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІ БЕЙРЕСМИ САММИТІНІҢ ТҮРКІСТАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІ БЕЙРЕСМИ САММИТІНІҢ ТҮРКІСТАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

   2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (бұдан әрі–Түркі кеңесі) бейресми саммиті бейнеконференция арқылы өтті.      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің

ЕЛБАСЫ САММИТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн форматтағы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитін ашып берді.    «Осы кеңеске қатысып отырғаныма қуаныштымын. Негізі ел Президенті айтқандай, жиынды Түркістанда өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Бірақ пандемияға байланысты көптеген халықаралық іс-шара онлайн форматқа көшіп жатыр. Біз

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «FARAB» КІТАПХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

  Түркістан қаласындағы «Farab» жаңа кітапханасы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес көпфункционалды білім кешені болып жасақталуда. Елімізде теңдесі жоқ жаңа білім алу мекені заманауи технологиялармен жабдықталған жастар орталығына айналмақ. Аймақ басшысы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы аралап, онда атқарылып жатқан

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

     Департамент басшысы Хаким Көшқалиев Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапары барысында жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг топ мүшелерімен кездесіп, аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.     Еркін форматта өрбіген келелі кездесуге «Мақтаарал

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН АЛХОРЫ БАҒЫ ЕГІЛУДЕ

   Түркістан қаласында еліміздегі ең үлкен алхоры бағы егіле бастады. Халықаралық әуежайға барар жолдың бойындағы бақтың жалпы аумағы 400 гектар. Онда 3-5 жылда өнім беретін алхорының «Black Splendor», «Black Diamond» және «Angeleno» сұрыптары отырғызылуда. Бақша өнім берудің толық мерзіміне жеткенде

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕР ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ ӨТТІ

   Түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер таныстырылды. Шетелдік журналистерге арналған ауқымды шараға Әзірбайжан,

ТҮРКІСТАННЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН КІТАПХАНАСЫ АШЫЛАДЫ

     Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын. 400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

  Тәжікстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулла Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Бақыт Асановпен кездесті.    Кездесу барысында аудан әкімі Б.Асанов Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы елшіге таныстырып, ауданда басқа диаспоралардың мәдениетін дамыту үшін атқарылып жатқан

200 мың теңгеден бастап: Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру туралы бұйрық шықты

   Елімізде жоғарғы оқу орны оқытушыларының жалақысы өсіп, оларға міндеттелетін жүктеме көлемі азайтылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  2019 жылғы қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының

САУРАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

  Сауран ауданының тұрғыны атанған 100 мыңнан астам халықтың атынан сөз сөйлеген саурандықтар тарихи сәттен тыс қалмай, Елбасына алғыстарын жеткізді. Тарихи жаңалықты шын ықыласпен қабылдаған халық Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тарихы бастау алған игі іске байланысты Ұлт көшбасшысының қосқан елеулі

100 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АТАНДЫ

   Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында жаңа ауданның құрылуына орай салтанатты шара өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті тұрғындармен кездесіп, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тарихы бастау алған игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтты. 2021-03-17«Баршаңызды Сауран ауданының құрылуымен құттықтаймын!

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

  Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов «EL UMITI» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.    Аталған жобаның мақсаты – әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де

Жер сату мәселесі біржола шешілмек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалдауға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Парламентке жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   «Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды

ТҮРКІСТАННАН ЫСТАМБҰЛҒА ТІКЕЛЕЙ ҰШАҚ ҚАТЫНАЙДЫ

 Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады. «Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы ұшақ 2021 жылғы 21 наурызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.   Бастапқыда Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты

МАҚТААРАЛДА КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ

   8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданында мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде атап өтілді.    Ең алдымен аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәрсекбаев бастаған ауданның жастары Мырзакент кентінің орталық көшесінде әжелер мен аналарға, қыз-келіншектерге

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАС АНАЛАРДЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

     Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов пен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов №1 Облыстық перинаталдық орталығында болып, жас аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады.   «Аяулы аналар! Сіздерді

Мерекелік құттықтау

ҚҰРМЕТТІ АПАЛАР, АРДАҚТЫ АНАЛАР, ҚАДІРМЕНДІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР, ҚАРЫНДАСТАР!   Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!    Қазақта: «Дүниеде үш нұр бар. Біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, ал үшіншісі – ананың нұры» деген ұлағатты сөз

БАҒДАТ МУСИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АХУАЛДЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

 Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ахуалдық талдау орталығында болды. Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев әкімдікте орналасқан заманауи орталықтың қызметімен таныстырып, екі жаңа жобаның тұсауын кесті.   Ситуациялық орталық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА БАҒДАТ МУСИН ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

   Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.    Министр жұмыс сапары барысында Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы технологиялық сүт-тауар фермасында болды. Ферма

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЕКІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

  Түркістан облысы, Төлеби ауданында үшем дүниеге келді. Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, осымен облыста жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді.

ИТАЛИЯНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ

 Түркістан облысында орналасқан күн электр стансасы – еліміздегі күн энергетикасы секторындағы «Eni» халықаралық энергетикалық компаниясының алғашқы ірі инвестициясы. Инвестициялық жобаның жалпы құны 12 млрд. теңгені құрайды. Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының маңында қуаттылығы 50 МВт күн электр стансасының құрылысы бойынша жұмыстар

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 400 БАЛА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУДАН ӨТЕДІ

   Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаеваның Шымкент қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығын аралау кезінде белгілі болды.  Естеріңізге сала кетейік, орталық 2020 жылдың желтоқсан айында Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында ашылып, Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасында орналасқан. Орталықтың жалпы ауданы

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

  Түркістан қаласында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын болып өтті. Шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов аталған мейрамның мән-мағынасына тоқталды.   «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

  ҚР тұңғыш Президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мерекені бекіткен еді. Ол Қазақстан халқының тағы бір асыға күтетін мерекесі – алғыс айту күні. Бұл мейрамның заңды түрде мереке ретінде қабылданғанына көп

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛДЫ

  2021 жылдың 27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: 1980 ж, анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балаларға газдан уланып қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған. Өмірзақ

ПРОКУРАТУРА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырулар таратуда. Осыған байланысты, Бас прокуратура митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы

ШАРДАРА: ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

  Бүгін Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков Шардара ауданына арнайы іссапармен келді. Қайрат Сұлтанбайұлы мен облыстық полиция департаментінің басқарма басшылары, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудан прокуроры Руслан Әбдірайымов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі

ШАРДАРА: ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНҒА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

   Бүгін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов ауданымызға іссапармен келді. Вице-министр Қызылқұм және Алатау батыр ауылдарында ПУИД-2 бағдарламасы арқылы (каналдарды бетондау, тазалау, қашыртқыларды қазу,) жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.   Сондай-ақ, жергілікті шаруа қожалық басшылары және

ТҮРКІСТАН: СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Өзекті мәселе ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың қатысуымен өткен селекторлық жиында жан-жақты талқыланды. Отырыста облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов су шарауашылығындағы өзекті мәселелер бойынша баяндады. Басқарма басшысы өз сөзінде суды үнемдеуші технологияларды қолданатын шаруаларға

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «TURKESTAN TEXTILE» ИМПОРТТЫҢ ОРНЫН БАСУҒА ОҢ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ

  Түркістан облысының спортшылары, дәрігерлері мен мектеп оқушыларының арнайы формалары «Turkestan Textile «БК» фабрикасында тігіледі. Бүгін мұнда 200 мыңға жуық арнайы киімге тапсырыс берілді.   Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев рекордтық қысқа мерзімде іске қосылған тігін фабрикасында болды. Отандық өнімнің үлесін

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

   Короновирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасын табуда. «Гам-КОВИД Вак» препаратының тағы 1300 дозасы Түркістан облысына жеткізілді. Медицина қызметкерлері «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцина екінші рет қабылдауда. Өңірде мұндай мамандандырылған мекемелердің 20 нүктесі ашылған.    Бұдан басқа, «Гам-КОВИД Вак» вакцинасының тағы

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫН 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

  Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн режимде көрсетілді. Тікелей эфирді 50 мыңға жуық адам тамашалады. Әлеуметтік желіде байланысқа қосылған 20 мыңнан астам көрермен куә болды. Түркістан облысы әкімдігінің

ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АУМАҒЫНА 140 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

  Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан халықаралық әуежайға барар тасжолдың бойы тұтастай жасыл желекке бөленеді. Мұнда 140 мың түп шаған, үйеңкі, қарағаш, бозарша, жиде ағаш көшеттері отырғызылды. Бүгінде тамшылатып суару жүйелері жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, алдағы 2-3 жылда бұл

Бес періште өлімі: Бердібек Сапарбаев қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты

 Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Facebook-тегі парақшасында Жаңатаста бес кішкентай баланың өмірін жалмаған трагедия туралы жазды. «Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары

Түркістан облысында туризм қалай дамуда

   ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Ел алдында есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МАҚТААРАЛДЫҚ «NUR OTAN»-ДЫҚТАР ЖАҢА ҚҰРАМЫН САЙЛАДЫ

  «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының құрамы бүгін қайта жасақталды. Аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде бас қосқан партияластардың жиынына аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Асанов Бақыт Насырханұлы, филиал төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев пен аудандық мәслихат

Қазақстанда азаматтардың аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі әзірленбек

  Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына

Елімізде бензин тапшылығы болуы мүмкін

  Бүгінде елімізде ауа райы да қолайлы болып тұр. Оңтүстік өңірде арагідік көктайғақ болғанымен, қалааралық және халықаралық автожолдар ашық. Дегенмен біз табиғаттың тосын мінезі жайлы емес, еліміздегі бензин нарығы мен ондағы жәйттерді сөз еткіміз келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.   Мұнай және

ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН ШЕКАРАСЫНДА «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

  Мақтаарал ауданын көрші елмен байланыстырып тұрған үш шекара өткізу бекеті жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария», «Целинный» шекара өткізу бекеттері арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері барыс-келіс жасауда. Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

  Мақтаарал ауданының жер қатынастар бөлімі облыс әкімдігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыста жер қатынастары саласын дамыту мақсатында 2020 жылға жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде орындағаны үшін берілген марапатты аудан әкімі Бақыт Асанов бөлім басшысы Нұржан Атақұловқа табыстады. Ауданымызда жер ресурстарын

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

Кешегі бағыт-бағдары белгісіз, бақандай он жылға созылған ауған соғысының қасіреті қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Бір ғана, Мырзашөл топырағынан интернационалдық борышын өтеуге 253 жауынгер аттанып, оның 18-і жат жерде мерт болды. Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БІРҚАТАР ШЕНЕУНІКТІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

  Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында бірқатар шенеунікке сөгіс жарияланып, тәртіптік шара қолданылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлердегі кемшіліктерді атап, бірқатар сын-ескерту айтқан болатын. Айтылған мәселелер аппарат отырысында ортаға салынып, жауапты сала басшылары есеп