ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, ауданның индустриалды аймағында орналасқан тамшылатып суғаруға қажетті құрал-жабдықтарды және тұқымдық шитті өндіретін «BEGASH» ЖШС-на қарасты қос бірдей зауыттың құрылыс жұмыстарын көрді. Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 млрд. теңгені

ОБЛЫС БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өзінің қызметтік сапары барысында Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде болды. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның конкурстық құны – 600 миллион теңге.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ  АТАЛЫП ӨТТІ

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «5 желтоқсан – еріктілер күніне» орайластырылған мерекелік концерт болып өтті. Осы салтанатты іс-шараның басты мақсаты: қоғамға өз күштері мен уақыттарын аямай, ақысыз көмектесіп жүрген ауданымыздың белсенді жастарына ризашылық білдіру

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағы әр саланың кіл мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2024» байқауының марапаттау кеші болып өтті. Осы аталған байқау өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және

ЖАҢА МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында жылына 80 мың тонна мақта талшығын өндіретін «Жанасыл» зауыты ресми түрде іске қосылды. Индустриалды аймақтың 6 гектарында  орналасқан кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, бүгінде тәулігіне 600 тонна мақтаны өңдеп, одан 180 тонна мақта талшығын шығарып жатыр.

АУДАНДА ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНА ОТАНШЫЛДЫҚ РУХ БЕРГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы, Қарақыр елдімекенінде орналасқан №29  А.Тұяқбаев атындағы жалпы білім беру мекемесінің 8-9-10-11 сынып оқушылары және мұғалімдерінің қатысумен  «Этносаралық татулық – ел дамуының кепілі» тақырыбында кездесу болып өтті. Бұл кездесудің мақсаты – ауыл тұрғындары арасында бірлік пен келісімді нығайта отырып,

ӘРІПТЕСІМІЗ СӘБИТ ҚАЛДЫБАЕВ МЕРЕКЕЛІК  МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Биыл қараша айында оңтүстік өңірінің шежіресі, Түркістан облысы баспасөзінің қарашаңырағы – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жарыққа шығып келе жатқанына 100 жыл толды. Бұл газет еліміздегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым. Қазақтың даңқты перзенттері – Сұлтанбек

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Дін – өте нәзік әрі маңызды сала. Ал, зайырлылық – көпконфессиялы және полиэтносты қоғамда бейбітшілікті сақтаудың жолы. Бұл тек мемлекетке ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да қажетті. Сондықтан қоғамның рухани мәселелерін шешуде бұл салада да бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз. Биылдан

ИНТЕРНЕТТІҢ АРҚАСЫНДА ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРДІ

Интернет пен цифрлы тех­но­ло­гиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірі­мізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен вир­туалды қызметтер мен өнімдерге қол жет­кі­земіз, белгілі бір тауарларға сұраныс та

АУДАНДА БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛДЫ

2024 жылдың 10 айында Мақтаарал ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 107 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында – 76,5 млрд. теңге, құрылыс саласында – 8 млрд. 39 млн. теңге, ал өнеркәсіпте – 10,9 млрд. теңге, сауда көлемі – 10,8

ДӘСТҮРЛІ «АЛТЫН КҮЗ – 2024» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан мақтасының отаны саналатын – Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде күзгі жиын-терім науқанын қорытындылаған дәстүрлі «Алтын күз – 2024» салтанаттық шарасы кең көлемде аталып өтті. Диқандарымыздың, шаруаларымыздың және кәсіпкерлеріміздің мерекесінде ауыл шаруашылығы тауарларының, кәсіпкерлеріміздің өндірген тауарларының және ауыл шаруашылығы техникаларының

АУДАНДЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Халыққа мәдени қызмет көрсету шараларын барынша жақсарту, ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамытып, кент, ауыл округтері арасында талантты жастарды іздеу, оларды елге таныту мақсатында «Өнерлі өлке өрендері» аудандық өнер фестивалін ұйымдастырған болатын. Үш ай бойына Мырзакент кенті

ДІНИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптастыру қажет. Мемлекет өз аумағында конфессияаралық татулық пен келісімді қамтамасыз ету үшін дінге сенушілермен

АУДАНДА «КІТАП – AMANAT» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан болатын. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес деп баға берген Қазақстан Республикасының Президенті, кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені екеніне

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ

Аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысының Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның бөлім мамандары Д.Аманов, М.Әлиасқардың және ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог-инспекторы М.Асанханның қатысумен

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келіп, 2008-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық «Ауыл барысы» турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, жарысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев және ҚР Парламенті

МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлының және аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Департамент өкілі Е.Икрамұлының баяндамасында Қылмыстық

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР ЖАҢА ӘДІСТЕР ҚОЛДАНУДА

Алаяқтар алдаудың тың тәсіліне көшкен. Енді WhatsApp желісіндегі сіздің дауысыңызбен жазылған аудиохабарламаны қолданып, жақындарыңызды тақырға отырғызуы мүмкін. Олар ауруханаға түстім, қаржыдан қатты қысылып тұрмын деп түрлі сылтау айтып, құрығына түсіреді. Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр 21 мыңнан астам қазақстандық алаяқтардың құрбаны

КӨКПАР ОЙЫНДАРЫН ОЙНАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Халқымыздың көне замандардан бері келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бірі көкпар халық арасында үлкен құрметке ие болғаны соншалықты жыл сайын ресми жарыстардан өзге ұйымдар, жекелеген азаматтардың ұйымдастыруларымен де ойындар өткізіліп, мыңдаған көреремендерді қамтуда. Бүгінгі таңда Қазақтың атадан балаға мирас болып

МАҚТААРАЛДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакент кентінде ҚР Президенті әкімшілігінің бекіткен жоспарына сәйкес, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы болып өтті. Мырзакент кентінің орталық алаңында аудандық полиция бөлімі, 2037 әскери бөлімі, дербес

10 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ» ӨТТІ

Түркістан облысы жастарының 2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша «Үйлестіру кеңесі» болып өтті. Аталмыш үйлестіру кеңесіне облыстық “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің басшысы Ернар Нұралыұлы, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” мекемесі басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы және аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Біздің елімізде жастар мәселесіне жоғарыда деңгейде мән беріледі. Бұл саламен мемлекетімізде тікелей «Жастар саясаты жөніндегі кеңес» айналысады. Төменде сол кеңестің функциялары мен негізгі міндеттеріне жан-жақты тоқталып өтеміз. Мемлекет басшысының 2008 жылғы 1 шілдедегі №625 Жарлығымен  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар

ЖЕКЕ ДАРЫНДАРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында Мақтаарал ауданына қарасты “№ 14 колледж” орта арнаулы білім беретін мекемесінің ғимаратында жастардың қатысуымен семинар-тренинг болып өтті. Бұл шараның мақсаты – жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, алға

ЖАСТАР ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІН

Мақтаарал ауданында ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профикалактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы аясында, аудандық прокуратураның жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Жастар және дәстүрлі дін» атты тақырыптарда

ЖИЫН АШЫҚ ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА ӨТТІ

Мақтаарал аудандық » Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мәжіліс залында 2024 жылғы 12 қарашада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаевтың төрағалық етуімен қоғамдық–саяси ахуал мәселелері бойынша құзырлы органдардың қатысуында 2024 жылғы 17 қазанда өткен мәжіліс хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДІНИ ҒҰЛАМАСЫ

Қожа Ахмет Ясауи – түркістандық ғұлама, әулие. Ясауи ұстаздарының  көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахмет Ясауидің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі

БҰЛ СӨЗ ДЕ ДҰҒА БОЛЫП САНАЛАДЫ

Ханафи мәзһабы – қазақ халқының сан ғасырлық діни тәжірибесінің негізгі желісі. Қазір де қазақ халқының 70 пайызы осы мәзһабты ұстанады. Тарихи негізге қарар болсақ Ханафи мәзһабының өзінің алар орны бөлек. Тіпті 2011 жылғы 11 қазандағы Діни қызмет және діни бірлестіктер

 «МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫ ДҮБІРЛЕТІП АТАЛЫП  ӨТТІ

1924 жылы 1 қарашада Мырзашөл өңірінің темір қазығы болып ең бірінші «Мақтаарал» кеңшары құрылған болатын. Еліміздегі алғашқы тұқым шаруашылығы болып құрылған кеңшар мақта шаруашылығымен айналысатын аймақтарды – Орта Азия, Закавказье, Поволжье және бірқатар аудандарды элиталық тұқымдармен қамтамасыз ету міндеті тұрды.

ДІН МЕН ДӘСТҮР, ТІЛ МЕН ТАРИХ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТЫНДАРЫ

Ислам діні – Еуразия мұсылмандары арасында Қарахан кезеңінде тарала бастап, Алтын Орда дәуірінде аяқталғаны баршамызға мәлім. Мәураннахр мен Анадолы және Каспий мен Еділ бойында жаңа түркі-ислам өркениетінің негізі қаланды. Яғни, біздің діни рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған ортақ тарихымыз бен

СОЛ БІР ЖЫЛДАР…

Биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған «Мақтаарал» кеңшарына  1985 жылы сәуір айында  директор болып тағайындалдым.  Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров шұғыл шешім қабылдап, «Әбдіжапар «Мақтаарал» кеңшарына басшы болып барасың»,-деді. Орнымнан қалай атып тұрғанымды білмей қалдым. – Асеке, менің

ТЕРБЕЛЕР КӨҢІЛ ЖЫР БОЛЫП

Мақтаарал аудандық орталық кітапханасында Мырзакентте туып-өскен жерлесіміз «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ақын-композитор, журналист-жазушы Бекжан Әшірбаевпен «Тербелер көңіл жыр болып» атты әдеби-сазды онлайн кеші болып өтті. Әдеби-сазды басқосуды аудандық кітапхана басшысының орынбасары Жанат Зұлпыхарова ашып жүргізіп отырды. Ол Б.Әшірбаевтың Республика күні

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Жамбыл атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысы діни істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маман Д. Аманов, ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы М.Асанхан

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ГЕКТАРЫНА 60 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛЫНУДА

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы берілген тапсырмаға сәйкес, ағын суды үнемді пайдалану мақсатында 2030 жылға дейін суғармалы егістік алқаптарында тамшылатып суғару технологиясын кеңінен қолдану керектігі айтылған болатын. 2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2,0 мың гектар алқапқа

ИНТЕРНЕТ САУДАДА САҚ БОЛУ КЕРЕК

Бүгінде алаяқтықтарда ең көп қолданылатын тәсіл – сайттарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда деп мәлімдейді құзырлы органдар.    Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін төмен баға көрсетіп, алдын ала төлем немесе толық төлем сұрайды. Жыл басынан бері

ЖАҢАЖОЛДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР КӨПШІЛІКТІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫНА БӨЛЕНДІ

Өткен жұма күні аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде апта сайын өтіп жатқан аудандық өнер фестивалі аясында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Жаңа жол ауылдық округінің өнерпаздары өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Бұл іс-шараны осы ауылдық округтің әкімі Марат Тұранов,

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

А.Қалыбеков ауылдық округіндегі Б.Соқпақбаев атындағы  жалпы білім беретін мектепте қазақ балалар әдебиетінің  классигі, талантты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» деген тақырыпта салтанатты кеш өтті. Биылғы жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізбесіне енгізілген

ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫМЕН ҚАТАР, ҚАУІПТІ ТҰСТАРЫ ДА ЖЕТЕРЛІК

Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  – ҚАНЫМЫЗДА БАР ҚАСИЕТ

Қайырымдылық жасау, көмек көрсету – бұл барлық әлем халықтарының байырғы заманнан келе жатқан дәстүрі. Қазір осы құбылыстың нақты қашан пайда болғанын дөп басып айту тіпті, мүмкін емес. Сондықтан, көмек көрсетудің қажеттілігі көптеген мыңжылдықтар бойы қалыптасқан деп тұжырым жасауға толық негіз

ӘУЕНДІ ӘРІ ӘСЕРЛІ КЕШ

Өткен бейсенбі күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде өнер фестивалінің сахна шымылдығын Мақтарал ауылдық округінің өнерпаздары ашты. Ел арасынан талантты жастарды іздеу мақсатында өтіп жатқан  аудандық өнер фестивалін Мақтарал ауылдық округінің мәдениет, әлеуметтік және спорт бойынша бас маманы А.Абдикаримов ашып, сөз сөйледі.

ӘРІПТЕСІМІЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мырзашөлден шыққан талантты қаламгер – Тамара  Қуанышбекқызы Дәулетбаева журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталды. Тамара Қуанышбекқызы 1968 жылы 9 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде  дүниеге келген.

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауданында салтанатты кеш өтіп, осы салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, көпшілікті ұлттық мерекемізбен құттықтады. «Ұлттық мереке – бұл туған жерін, Отанын сүйетін әрбір қазақстандық үшін ұлық күн. Біздің бір ғана

«ДӘСТҮРЛІ» АЛАЯҚТЫҚ ТҮР­ЛЕРІ ДЕ ҚАЙ­ТАДАН КЕҢ ТАРАЛА БАСТАДЫ

Адамзат баласы виртуалды әлемге неғұрлым енген сайын қылмыскерлер, соның ішінде алаяқтар да заман көшінен қалмау үшін өздерінің қитұрқы әрекеттерін интернет және цифрлы технологиялар арқылы жүзеге асыра бастады. Дегенмен оған қарсы жасалып жатқан шаралар да көп. Мамандардың айтуынша, шынайы өмірдегі алаяқтықтан

КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының 2024 жылға азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар өткізу жоспары және облыс әкімдігінің 2024 жылға Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығуды өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылы 22-24 қазан аралығында Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығу жиындары болып өтті. Осы кешенді оқу-жаттығуды өткізу

ЕЛІМІЗДЕГІ БІРЕГЕЙ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ БІРІ

Мақта шаруашылығы тарихының музейі – еліміздегі бірегей әрі қызықты музейлердің бірі десек қателеспейміз. Оны көне музейлердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені, музей орналасқан ғимарат 1926 жылы тұқым шаруашылығы зертханасы ретінде салынған. Мақта шаруашылығы тарихы музейі ауыл шаруашылығын, яғни мақта шаруашылығын насихаттайтын

ФЕЙК АҚПАРАТ. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ОНЫМЕН КҮРЕС АМАЛДАРЫ

Фейк жаңалық дегеніміз – шындыққа жанаспайтын, алайда шынайы дереккөз ретінде ұсынылып, қоғамды жаңылыстыруға бағытталатын ақпарат. Жалпы фейк жаңалықтар екі санатқа бөлінеді. Алғашқысында автор материалдың ішінде жалған ақпарат бар екенінен хабардар болса, екіншісінде жалған ақпараттың барын білмей, бірақ белгілі бір көзқарасқа

МАҚТААРАЛДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН БОЛДЫ

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі, әкімдік бастамасымен, прокуратура және “Жастар арасындағы ресурстық орталығы” мекемесімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жиын болып өтті. Осы аталған жиынға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, прокуратура өкілдері, ауыл

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 68,2 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іскерлік форум шеңберінде құны 352 млн. АҚШ долларынан асатын 76 құжатқа қол қойылса, соның 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдер

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі, әкімдік бастамасымен, прокуратура және “Жастар арасындағы ресурстық орталығы” мекемесімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жиын болып өтті. Осы аталған жиынға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, прокуратура өкілдері, ауыл

«ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы»  мекемесінің ұйымдастыруымен, “Жас алаш” ЖОМ-нің 9-10-11 сынып оқушыларына «Дін және дәстүр» атты кездесу өткізілді. Мақсаты – оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру  болған жиынға, Түркістан облыстық Дін істері

МАҚТААРАЛ – БАҚША ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АУДАН

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай облыстық «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты іс-шарасы болып өтті. Салтанатты іс-шара барысында Мақтаарал ауданы бақша өндіруден озат аудан атанып, облыс әкімінің арнайы дипломымен және статуэткасымен марапатталды. 2024 жылы аудан бойынша 60,6 мың гектар