Өткен бейсенбі күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде өнер фестивалінің сахна шымылдығын Мақтарал ауылдық округінің өнерпаздары ашты. Ел арасынан талантты жастарды іздеу мақсатында өтіп жатқан  аудандық өнер фестивалін Мақтарал ауылдық округінің мәдениет, әлеуметтік және спорт бойынша бас маманы А.Абдикаримов ашып, сөз сөйледі. Өнерлі жастарға сәт-сапар тіледі.

 Мақтарал ауылдық округінен шыққан тарихи  тұлғалар – Социалистік Еңбек Ерлері Нұрмұхамед Есентаев, Мамық Тоқжігітов, Ұлтай Ділдабековалардың суреттері қойылып, кітап көрмесі жасақталды. Әжелеріміздің қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары көпшілікті тәнті етті. Жастардың шеберлігімен салынған суреттер мен өнер туындылары да көрерменнің қызығушылығын туғызды. Ауылдың батагөй ақсақалы Тағабай Байбосынов бата беріп, әжелер алқасының  төрайымы Мира Есентаева апайдың ұйымдастыруымен «Қыз ұзату» атты ұлттық салт-дәстүр көрінісі қойылып, көпшіліктің көңілінен шықты. Ауылдың өнерлі жастары – ағайынды Каландаровтар, Ертуған Ақерке, Эмиля Энуллаева, Ерік Мөлдір, «Қызғалдақ» би тобы өз өнерлерін паш етті.

 Кешке келген өнер сүйер қауым әнші, биші, күйші, термешілердің өнерлеріне риза болып, қол соғып, қошемет  білдірді.

ӘУЕНДІ ӘРІ ӘСЕРЛІ КЕШ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған