Облыстық бюджет есебінен Шардара ауданының коммуналдық меншігіндегі ағын су нысандарын қайта қалпына келтіру және тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2023 жылы аудандағы ауыл округтері әкімдіктерінің теңгеріміндегі каналдарға облыстық бюджет қаржысы есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қ.Тұрысбеков, Ақшеңгелді, Достық ауыл
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өткені белгілі. Жоба бойынша еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырғанын атап өтіп, олардың көпшілігі 10 және
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ
Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты жалғасуда. Әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды. Тартысқа толы өткен аламан күрес бәсекесінде түркістандық бұрымдылар нәтижелі өнер көрсетті. Жерлестеріміздің еншісінде 1 күміс, 4 қола медаль бар. Өңір мерейін үстем еткен арулар қатарында 53
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ
Облыстағы білім беру ұйымдарының барлық қаржыландыру саласы толықтай тексеруден өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының білім мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңейтілген мәжілісте мәлімделді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев,
САУРАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАРДАН ЛИМОН, БАНАН ӨСІРУДІ ҮЙРЕНЕДІ
Түркістан облысы республикада ауыл шаруашылығы саласы бойынша көш басында. Ал Сарыағаш – жылыжай шаруашылығы бағыты бойынша үздік аудан. Осы орайда, Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлері жылыжай шаруашылығын дамыту бағытында тәжірибе алмасу мақсатында Сарыағаш ауданына іссапармен арнайы барды. Жұмыс сапары
КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
Түркістан облысында түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны артып келеді. Сондай жанның бірі, тігінші кентаулық ана Динара Есіркепова. Қыз жасауын тігеді. Одан бөлек, түрлі оюлы, сәнді сәукеле, тойбастар және заманауи көрпе-жастықтарға тапсырыс алады. Динара Жанғалиқызы 2021-2025
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА ТОП ЖАРДЫ
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша аймақтардың рейтингін жариялады. Былтыр ұлттық спортты серік еткендер 11 спорт түрінен сайысқа түскен болатын. Жыл басынан бастап ұлттық спорт түрінен жекелеген ішкі чемпионаттар, кубок бәсекелері, ұлттық спорт фестивалі, халықаралық жарыстар
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-НЕМІС АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістанда Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) филиалы ашылмақ. Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны арграрлық саладағы озық тәжірибе негізінде жергілікті жастардың арасынан сұранысқа ие ауыл шауашылығы бағытындағы мамандарды даярлайды. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Қазақстан-Неміс университетінің
ОТЫРАР АУДАНДА ТАҒЫ ДА БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы аумағында ауыл-аймақтарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгін Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округіне қарасты Отырар ауылының тұрғындары да табиғи газға қол жеткізді. Аудан әкімі тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барды. – Ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды
ТУРИСТІК АСТАНА АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ТАНЫТУҒА ТУРОПЕРАТОРЛАР ДА АТСАЛЫСАДЫ
Түркістан – Түркі Мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Осыған орай түрлі бағыттағы ауқымды әрі халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде. Жоспарларды талқылау, туризм саласында бизнес пен мемлекеттік органдар арасында көпір орнату, ұсыныстарды тыңдау мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен
АТАКЕНТ КЕНТІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛМЕК
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың төрағалығымен және Атакент пен Өркениет елдімекені тұрғындарының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиында аталған елдімекендердің аумағын көгалдандыру, абаттандыру және сыртқы келбетін ретке келтіру мәселелері қаралып, қызыл сызыққа шығып кеткен тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелеріне