ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

   Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады. Құжаттарды қабылдау арнайы әзірленген www.pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі. Бұл жөніндегі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп

БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмау мақсатында Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кенті, Бірлік, Жаңажол ауылдық округтері және аудан орталығы Мырзакент кенті әкімі аппараттарының қызметкерлерімен

МАҚТААРАЛДА ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ БРИФИНГ ӨТТІ

   Мақтааралда ауданының әкімі Бақыт Асановтың бекітуімен Ұлттық халық санағын жүргізуге жәрдемдесетін аудандық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Жалпы 2 кезеңнен тұратын халық санағының бірінше кезеңі бойынша тұрғын және тұрғын емес үйлерді түгендеу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы бүгін ауданның статистика

Шардара

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Ресей федерациясының Уфа қаласында өткен грэпплингтен жастар, жасөспірім және жасжеткіншектер арасындағы Әлем чемпионатында жасжеткіншектер арасында 110 келі салмақта Жахан Рауан қола алқаны, жастар арасында 92 келіде Құттымұрат Батухан қола алқаны қанжығасына байлаған болатын.

Мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

    Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Мәселен, Мақтаарал АПБ полицейлері қызметтік міндетін атқару барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.     Толығырақ тоқтала кетсек, полицейлер Мақтаарал ауданы Атакент кентінің

«Сырдария» шекара бөлімшесіне ауыз су берілді

    Биыл 17 тамызы күні Мақтарал ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Сырдария» шекара бөлімшесіне ауыз су берілді. Бұл аталмыш жұмыс Түркістан облысы әкімдігі мен ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жол картасының негізінде іске

МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

     Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек өңірдегі эпидахуалға байланысты карантиндік шектеулерді сақтай отырып онлайн жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша тоғыз тұрғын «Zoom» ақпараттық жүйесі арқылы байланысқа шығып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға қатысқандадың дені ауыз су

«VERO CELL» ВАКЦИНАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

   Түркістан облысына Қытайда өндірілген вакцина «Vero Cell» вакцинасының 52 мың дозасы жеткізілді. Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пункттерінен қабалдауға болады. Жаңа вакцинаны сақтаудың температуралық режимі QazVac екпесіне сәйкес келеді. Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac,

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАРҒА 224 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

   Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін 695 922 адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1-ші компонентін қабылдаған. Уақыт өткен сайын ерікті түрде салдыратын азаматтардың қатары артып келе жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА ӨТКІЗЕДІ

   Түркістан облысында жаңа оқу жылындағы оқу процесі дәстүрлі форматта өткізіледі. Қазіргі таңда, осыған байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін ¬Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.     «Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРҒА ШЫҚТЫ

     Түркістан облысында 662 мың адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1-компонентін, 545 мың азамат 2-компонентін қабылдаған. Осындай көрсеткішпен вакцина салдыру бойынша өңіріміз республикада Алматы қаласынан кейін екінші орында. Мамандар осылайша тұрғындардың ауқымды түрде екпе салдырып жатқанын жоспарға сай егу

АУДАН ӘКІМІ М.ҚАДЫРБЕК МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек Мақталы ауылдық округінде болып, округ ақсақалдарымен, шаруа қожалық иелерімен және ауыл шаруашылық өндірістік кооператив төрағаларымен жүздесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Тасов, аппарат басшысы Е.Алданиязов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов, тұрғын үй-коммуналды

Қ.ТҰРЫСБЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ІШКІ ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

   Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылының ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған газ тарту жұмыстары «Шардара аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша, республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асуда. Құрылыс

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА АТТАНУДА

    Тамыз айының 17-31 күндері аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтпек.    Аталған Азия чемпионатына Шағалалы Шардарамыздан қаракөз қызымыз, былғары қолғап шебері Сәрсенбек Ұлжан және жеке бапкері, мектебіміздің жаттықтырушысы Демеуов Шыңғыс

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

  =Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіледі,оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.   Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы №580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35жастан аспаған,жоғары білімі

КӨКСУ АУЫЛЫНЫҢ 95 ПАЙЫЗ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАЛДЫ

     Көксу ауылдық округінде жалпы 17,05 шақырымды құрайтын 19 көше орналасқан. 2010 – 2021 жылдар аралығында 19 көшенің 18-і (16,0 шақырым) орта жөндеуден өтіп, асфальттан төселген. Яғни 95 % құрап отыр.      Сондай-ақ, 2020 жылы «Ауыл – Ел

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ҮШ АУЫЛДА СЕМИНАР-ЖИЫН ӨТКІЗДІ

    2021 жылы 12-тамыз күні Шардара ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Амантай Қоссейт, Көксу және Ұзыната ауылдық округтерінде болды. Әр ауылдық округі әкімдік аппаратында семинар-жиналыс өткізіп, мемлекеттік қызметшіге тән әдеп, ережелер мен нормалар бойынша профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.

ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

   2021 жылдың 6 тамызында болып өткен Түркістан облыстық Ардагерлер Кеңесінің VIII конференциясына облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев және төраға Ж.Мәуленқұлов бастаған облыс ардагерлері қатысты. Онлайн режимінде өткізілген конференция жұмысына сонымен қатар Шардара ауданы әкімі Қ.Жолдыбай, аудан әкімі орынбасары Б.Қ.Шомпиев, ішкі саясат

МАҚТААРАЛДА ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 ІРІ КӘСІПОРЫНДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

    Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Түркістан» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.      Ең алдымен басшылар Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында болып, «Береке

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛҒАН «К-19» КАНАЛЫНА СУ СОРҒЫШ ОРНАТЫЛУДА

     Мақтаарал ауанына қарасты Достық ауылдық округінде бірнеше жылдан бері ең өзекті мәселелердің бірі – К-19 каналына ағын су мәселесін жеткізу еді. Міне, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен бұл мәселе де өз шешімін табуда.     1957 жылы салынған

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабына, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу

АДАЛ ЕҢБЕК АБЫРОЙҒА ЖЕТКІЗЕДІ

   Тіршілігінде тындырымды тірлігімен көптің құрметіне бөленіп, абырой-беделін туған жерді түлетуге сарп еткен, етіп те келе жатқан азаматтар Мырзашөл топырағында аз емес. Ондай азаматтар қолға алған әрбір ісін соңына дейін жоғары нәтижелермен жеткізіп, биліктің де, бұқараның да сеніміне ие болған

АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕДІ

   Адам денесінің 70 пайыздан астамы судан тұратынын ескерсек, судың сапасы денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулар бүкіл ауданда таралуы мүмкін. Сумен таралатын жұқпалы ауруларға А, В паратифтер, дизентерия, түрлі энтериттер, мәселен энтероколиттер, жұқпалы гипатит А, тырысқақ

АУДАН ӘКІМІ Ш.ДІЛДӘБЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

     Аудан әкімі Мұрат Болатұлы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне барып кәсіпкерлермен және елді мекен тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында бірқатар ауылдық округ көлеміндегі кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді қозғады.     – Қазіргі уақытта кез келген ауыл тұрғындарының кәсіп ашып, тірлігін бастауына

ШАРДАРА

  ӘКІМДІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті әкімдік отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Шомпиев, Н.Сапаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғ.Амантай және экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев қатысты. Сондай-ақ, дербес бөлім басшылары

ШАРДАРА: ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

   Шардара ауданында күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, сондай-ақ, ауданға бекітіліп, айқындалған жанар-жағармай тасымалдаушы операторлар: «Казроснефть» ЖШС өкілі Қ.Жұмабек, «Майсс» ЖШС-ның

АГРАРЛЫ АЙМАҚ ҮШІН ӘРБІР САҒАТ МАҢЫЗДЫ

   Аудан әкімі Мұрат Болатұлының елді мекен тұрғындарымен кездесу жиыны түстен кейін Қазыбек би ауылдық округінде жалғасты. Алдымен аудан басшысы К-26 каналында болып, ағын судың жағдайын көрді. Су мамандарымен тілдесіп, мән-жайға қанықты. Сонан соң округ әкімінің ғимаратында жергілікті тұрғындармен жүздесті.

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЭПИДАХУАЛ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  Бүгін Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде аудандағы эпидахуал мен егістік алқаптардағы вегетациялық жұмыстардың дер кезінде жүргізілуі, таза ауыз сумен қамту секілді мәселелер қаралды.   Түркістан облысы бас санитарының N17 қаулысындағы талаптарды

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ШҰҒЫЛ ТАПСЫРМА БЕРДІ

   Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысының аумағында орналасқан 500-ден астам тойханалардың барлығын полиция қызметкерлері күзетеді. Облыстың эпидемиологиялық ахуалы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық отырыста талқыланды. Облыс басшысы пандемиямен күрестің негізгі жолы – вакциналау барысын бақылауды,

АУДАН БАСШЫСЫ ҮШЕМНІҢ ОТБАСЫНА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАДЫ

  Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бүгін Қарақай ауылдық округі Сәтпаев елдімекеніндегі педагогтар отбасында дүниеге келген үшемнің шаңырағында болып, сый-сияпат жасады. Ізгі тілегін жеткізді.   Жергілікті ауылдың мектебінде жұмыс істейтін Жомарт Бахитов пен жары Аягөз Қарымсақованың жанұясында бұған дейін 2

МАҚТААРАЛДА КӨЛІКТІК ТӘРТІПТІ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

     Аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жүзеге асыру мақсатында профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.    

Мақтаарал ауданы шаруалар назарына!

  Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағада берілетін жанар жағар май отыны келді. Барлық ауылдық округі әкімшілігі төмендегі бекітілген оператордан алатынын назарларыңызға жеткіземіз.   Мақтарал ауылдық округі – Өркениет елді мекенінде орналасқан «PETROL

МАҚТААРАЛДА САЙЛАУДА ЖЕҢГЕН АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КУӘЛІК ТАПСЫРЫЛДЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл бірінші рет жүзеге асырылған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Мақтаарал ауданында да жоғары деңгейде өтті.    130 мыңнан аса тұрғыны бар ауданда 3 ауылдық округтің әкімі жаңа жүйе бойынша сайланды. Яғни, халықтың арасында