Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Шардара ауылының ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған газ тарту жұмыстары «Шардара аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша, республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асуда. Құрылыс жұмыстарын «Компания Газ Строй» ЖШС-і жүргізуде.
 Құрылыстың 2021 жылдан басталып, аяқталуы 2022 жылға өтпелі болып саналады.
  Тарқатып айтсақ, газдың жылдық шығыны16010635,70 тыс.нм³/жыл құраса, полиэтилен құбырлы орта қысымды газ өткізгішінің ұзындығы 35,785 шақырым, ал электрдәнелерленуші құбырлы орта қысымды газ болат құбырының ұзындығы 2,823 шақырымға тең.
   Осынау жоба аяқталса, Қ.Тұрысбеков ауылына қарасты, Шардара ауылы және Ақберді елді мекеніндегі 6 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтылатын болады.
(с) Шардара ауданы әкімнің баспасөз қызметі
Қ.ТҰРЫСБЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ІШКІ ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған