Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек өңірдегі эпидахуалға байланысты карантиндік шектеулерді сақтай отырып онлайн жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша тоғыз тұрғын «Zoom» ақпараттық жүйесі арқылы байланысқа шығып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға қатысқандадың дені ауыз су мәселесін мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.
     Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғындарына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.
МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған