Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін 695 922 адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1-ші компонентін қабылдаған. Уақыт өткен сайын ерікті түрде салдыратын азаматтардың қатары артып келе жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова мәлімдеді.
   Ол өңіріміз коронавирус аурушаңдығының көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқанымен арқаны кеңге салуға болмайтынын айтады.
  «Облыс бойынша 3600 инфекциялық 300 карантиндік және 320 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Індеттің әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен
10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы 950 898 адам тексеруден өткізілді. Бүгінгі таңға ПТР тесттен қалдық 68 786 құрайды. Соңғы тәулікте 106 адам КВИ аурушаңдықпен тіркеліп, оның 43 науқас симптомсыз түрі», – деді облыстық бас дәрігердің орынбасары.
   Өз кезегінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақов індетті жұқтырғандардың басым бөлігін вакцина салдырмағандар мен карантиндік талаптарды сақтамай көпшілік орындарға барғандар құрайтынын жеткізді.
   «Бүгінгі күні облыста ауырып үй карантиніне жатқызылған азаматтар, жауапкершілікті сезінбестен қоғамдық орындарға шығу фактілері жиілеуде. Мәселен, 1 тамыз күнінен бері «Ashyq» бағдарламасының көмегімен 171 карантин талатарын азаматты анықтаса, оның 94-і «қызыл» статуспен қоғамдық орындарда қолға түскен. Карантин режимін бұзып жұмыс істеген объектілерге және жеке тұлғаларға 4000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылып, 224 млн теңге айыппұл салынды», – деді А.Ысқақов.
Айта кетейік, облыс бойынша пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны 12 004 құрап отыр. Оның 10 252-сі жазылып шықса, 64-ті қайтыс болған.
                                                                                                   Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАРҒА 224 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған