Көксу ауылдық округінде жалпы 17,05 шақырымды құрайтын 19 көше орналасқан. 2010 – 2021 жылдар аралығында 19 көшенің 18-і (16,0 шақырым) орта жөндеуден өтіп, асфальттан төселген. Яғни 95 % құрап отыр.
     Сондай-ақ, 2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 8 көше орта жөндеуден өткізілген. Олар: С.Сейфуллин (0,99 км), А. Иманов (0,750 км), Ж.Жабаев (1,050 км), А.Құнанбаев (0,60 км), Халықтар достығы (0,320), М. Әуезов (0,650 км), № 2 жобадағы көшесі (1,4 км) және ауылға кіре беріс көше (2,1 км).
      Ал ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы (1,3 км) және К.Ендібаев көшелері (0,90 км) орта жөндеуден өтті. Сонымен қатар Көксу ауылындағы ұзындығы 0,9 шақырымды құрайтын А.Құнанбаев көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
(с) Шардара ауданы әкімнің баспасөз қызметі
КӨКСУ АУЫЛЫНЫҢ 95 ПАЙЫЗ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған