ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабына, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың өкімімен Әлімқұл Баязит Базарбайұлы ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
    Бүгін аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырып, орынтағына жайғастырды. Ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының локомотиві екенін есіне салып, алда атқарар шаруалар мен бағындырар белестер көп екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.
   Б.Әлімқұл 1994 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «агроном» мамандығы бойынша аяқтаған.
   Еңбек жолын 2016 жылы Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маманның көмекшісі болып бастап, осы бөлімде инспектор, статист болып еңбек жолын жалғастырған.
    2017 жылдан бастап Мақтаарал ауданына қарасты Асықата кентінің әкімі аппаратында жетекші маман-ветеринар мемлекеттік әкімшілік лауазымында жұмыс жасады.
   2018 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып нәтижелі еңбек етті.
 Мақтаарал ауданы
әкімінің баспасөз қызметі.
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған