Департамент басшысы Хаким Көшқалиев Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапары барысында жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг топ мүшелерімен кездесіп, аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
    Еркін форматта өрбіген келелі кездесуге «Мақтаарал – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сүндет Кенжебаев, «Бекет» газетінің бас редакторы Сафуан Утебаев пен облыстық мәслихат депутаты Нұргүл Пердебайқызы қатысып, бірқатар мәселелерді ортаға салды.
    Атап айтсақ, Сафуан Утебаев аудандағы сот орындаушыларының жұмысын қадағалау, сапасын жақсарту, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін пайдаланып қалтаны қағу әрекеттеріне тосқауыл қою сынды мәселелерді қаузаса,,Сүндет Кенжебаев халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттерін қалыптастыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жаңа форматта жүзеге асыру керектігін алға тартты және Нұргүл Пердебайқызы аудандағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу, мүгедектікке шығару, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу бағыттарында орын алатын сыбалас жемқорлық құқықбұзушылықтары жайында мәселе көтерді.
     Аудан аумағында бармақ басты, көз қысты әрекеттерді болдырмау және оған жол бермеу мәселелері кең талқыланған жиын соңында Департамент басшысы алдағы уақытта аталған мәселелердің тиісті деңгейде назарға алынатынын жеткізді.
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған