Мақтаарал ауданына іс-сапары барысында Департамент басшысы Хаким Көшқалиев Мырзакент кентіндегі «Халықтық кеңсе» жұмысымен танысып, ел игілігіне берілген кеңсе қызметінің мүмкіншіліктеріне көз жеткізді.
  Өткен жылы ашылған халықтық кеңседе жер, тұрғын үй қатынастары, сәулет қала құрылысы, білім, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту салалары бойынша қызметтер көрсететін 7 маман жұмыс жасайды.
  Мұнда электронды терминал арқылы кезек алу, анықтама бұрышы, қызмет көрсету, күту залдарымен қатар азаматтар үшін арнайы «электронды үкіметтің» «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жасақталған.
     Сервистік әкімдіктің мүмкіншілігімен танысқан Хаким Дүйсешұлы халықтық кеңседе ЭЦҚ алу, «e-gov», түрлі анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру бойынша барлық қызметтің түрін «e-gov» порталы арқылы алу жолдарын үйрету бойынша консультациялық кеңестер беріліп, тұрғындарға ешқандай кедергі болмау қажеттігін және бұл кеңселерді ашудағы басты мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету саласында орын алуы ықтимал сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, сапасын арттыру екендігін жеткізді.
    Айта кетсек, кеңсе арқылы 2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы саны 600-ден астам тұрғынға қызмет түрлері көрсетіліп, жедел консультациялық кеңестер берілген.
ХАКИМ ДҮЙСЕШҰЛЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған