ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ:  ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖӘНЕ ӨМІР САПАСЫНА ӘСЕРІ

Бүгінде дене тәрбиесі дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады және іс жүзінде барлық тәрбие жүйелерінде ерекше орын алады, өйткені ол оқушылардың бойында табысты ақыл-ой және кейіннен еңбек қызметі үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Дене шынықтыру біздің өміріміздің ажырамас бөлігі

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

А.Қалыбеков ауылдық округіндегі Б.Соқпақбаев атындағы  жалпы білім беретін мектепте қазақ балалар әдебиетінің  классигі, талантты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» деген тақырыпта салтанатты кеш өтті. Биылғы жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізбесіне енгізілген

ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫМЕН ҚАТАР, ҚАУІПТІ ТҰСТАРЫ ДА ЖЕТЕРЛІК

Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең

Мектебімнің түлегі – Отанымның тірегі

2024 жылдың қазан айының 21- жұлдызы. Білім алушылар үшін ерекше күн болды. Комбоджо елінде еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын асқақтатып, қазақ атты рухты елдің ұрпағы екенін дәлелдеп, Азия елдеріне қазақтығымызды паш еткен ауылымыздың мақтанышы, мектебіміздің түлегі, Азия чемпионы атанып келген

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деп М.Әуезов айтқанындай, №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 14 – 24 қазан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің жоспарлауымен «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндіктің жоспарында білім

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ РӨЛІ

Бала – өміріміздің мәні. Бала өмірі үшін әрбіріміз жауаптымыз.  Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы заңына сәйкес баланың құқықтары сақталып, қорғалады. Баланың ең басты құқығы оның дүниеге келіп өмір сүруінен, оқып, білім алып, денсаулығын күту мен қатар баланың әлеуметтік қамтамасыз етілуі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  – ҚАНЫМЫЗДА БАР ҚАСИЕТ

Қайырымдылық жасау, көмек көрсету – бұл барлық әлем халықтарының байырғы заманнан келе жатқан дәстүрі. Қазір осы құбылыстың нақты қашан пайда болғанын дөп басып айту тіпті, мүмкін емес. Сондықтан, көмек көрсетудің қажеттілігі көптеген мыңжылдықтар бойы қалыптасқан деп тұжырым жасауға толық негіз

ӘУЕНДІ ӘРІ ӘСЕРЛІ КЕШ

Өткен бейсенбі күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде өнер фестивалінің сахна шымылдығын Мақтарал ауылдық округінің өнерпаздары ашты. Ел арасынан талантты жастарды іздеу мақсатында өтіп жатқан  аудандық өнер фестивалін Мақтарал ауылдық округінің мәдениет, әлеуметтік және спорт бойынша бас маманы А.Абдикаримов ашып, сөз сөйледі.

ӘРІПТЕСІМІЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мырзашөлден шыққан талантты қаламгер – Тамара  Қуанышбекқызы Дәулетбаева журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталды. Тамара Қуанышбекқызы 1968 жылы 9 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде  дүниеге келген.

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауданында салтанатты кеш өтіп, осы салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, көпшілікті ұлттық мерекемізбен құттықтады. «Ұлттық мереке – бұл туған жерін, Отанын сүйетін әрбір қазақстандық үшін ұлық күн. Біздің бір ғана

«ДӘСТҮРЛІ» АЛАЯҚТЫҚ ТҮР­ЛЕРІ ДЕ ҚАЙ­ТАДАН КЕҢ ТАРАЛА БАСТАДЫ

Адамзат баласы виртуалды әлемге неғұрлым енген сайын қылмыскерлер, соның ішінде алаяқтар да заман көшінен қалмау үшін өздерінің қитұрқы әрекеттерін интернет және цифрлы технологиялар арқылы жүзеге асыра бастады. Дегенмен оған қарсы жасалып жатқан шаралар да көп. Мамандардың айтуынша, шынайы өмірдегі алаяқтықтан

КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының 2024 жылға азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар өткізу жоспары және облыс әкімдігінің 2024 жылға Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығуды өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылы 22-24 қазан аралығында Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығу жиындары болып өтті. Осы кешенді оқу-жаттығуды өткізу

«МАҚСАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

Қазақстанның білім беру жүйесінде ең алдымен «Мақсатты мектеп» жобасы неліктен маңызды деген сауалға тоқталсақ. Біріншіден, жоба – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Жоба аясында ұстаздар үшін арнайы тренингтер, семинарлар және

ЕЛІМІЗДЕГІ БІРЕГЕЙ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ БІРІ

Мақта шаруашылығы тарихының музейі – еліміздегі бірегей әрі қызықты музейлердің бірі десек қателеспейміз. Оны көне музейлердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені, музей орналасқан ғимарат 1926 жылы тұқым шаруашылығы зертханасы ретінде салынған. Мақта шаруашылығы тарихы музейі ауыл шаруашылығын, яғни мақта шаруашылығын насихаттайтын

ФЕЙК АҚПАРАТ. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ОНЫМЕН КҮРЕС АМАЛДАРЫ

Фейк жаңалық дегеніміз – шындыққа жанаспайтын, алайда шынайы дереккөз ретінде ұсынылып, қоғамды жаңылыстыруға бағытталатын ақпарат. Жалпы фейк жаңалықтар екі санатқа бөлінеді. Алғашқысында автор материалдың ішінде жалған ақпарат бар екенінен хабардар болса, екіншісінде жалған ақпараттың барын білмей, бірақ белгілі бір көзқарасқа

Бидай мен арпаның бағасы күн сайын өсіп келеді

2024 жылғы егіннен астықтың келуіне байланысты бағаның төмендеуі кезеңі тұрақты өсу үрдісіне жол берді. Ағымдағы жылдың шілде айында елімізде егін жинау жұмыстары басталғаннан бері, Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланды. Бұл

СУБСИДИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №331 бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30

МАҚТААРАЛДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН БОЛДЫ

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі, әкімдік бастамасымен, прокуратура және “Жастар арасындағы ресурстық орталығы” мекемесімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жиын болып өтті. Осы аталған жиынға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, прокуратура өкілдері, ауыл

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 68,2 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іскерлік форум шеңберінде құны 352 млн. АҚШ долларынан асатын 76 құжатқа қол қойылса, соның 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдер

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі, әкімдік бастамасымен, прокуратура және “Жастар арасындағы ресурстық орталығы” мекемесімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жиын болып өтті. Осы аталған жиынға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, прокуратура өкілдері, ауыл

«ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы»  мекемесінің ұйымдастыруымен, “Жас алаш” ЖОМ-нің 9-10-11 сынып оқушыларына «Дін және дәстүр» атты кездесу өткізілді. Мақсаты – оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру  болған жиынға, Түркістан облыстық Дін істері

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АЛДЫҢҒЫ ҮШТІКТЕ!

Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бұл күні тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген

МАҚТААРАЛ – БАҚША ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АУДАН

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай облыстық «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты іс-шарасы болып өтті. Салтанатты іс-шара барысында Мақтаарал ауданы бақша өндіруден озат аудан атанып, облыс әкімінің арнайы дипломымен және статуэткасымен марапатталды. 2024 жылы аудан бойынша 60,6 мың гектар

348 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМА ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛГЕН

Елімізде жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 576,4 мың отбасы жалпы сомасы 348,9 млрд. теңге мөлшерінде қамтылған, оның ішінде қыркүйек айында 525,9 мың отбасына 35,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Мұндай жәрдемақыны алғандардың тізімінде біздің Жетісай

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Ауданымыздағы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елдімекенінде күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі тұрғындардың пайдалануына берілді. Жаңарып, жаңғырған мәдени нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Конкурстық құны 307 миллион теңгені құраған «Алғабас» мәдениет

АУДАНЫМЫЗДА ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Бұл жиынға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен жергілікті депутаттар, аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков, аудан

Түркістан облысының 700-ден астам мектеп директоры министрлік мониторингінің қорытындысы негізінде басқару құзыреттіліктерін арттырады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өткен жылдың қараша айындағы білім беру ұйымдарының қызметін кешенді талдау және бағалау қорытындысы бойынша Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарының, сондай-ақ Арыс және Түркістан қалаларының мектептерінде бұзушылықтарды жою және білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Түркістан облысында жүргізілген

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке және қоғамдық мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері,

9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ 4 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

ҚР Үкіметі кезекті отырысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қарады. Осы отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңде экономиканың өсімі 4%-ды құраса, нақты секторда оң динамика 5%-ды, қызмет көрсету саласында 3,8%-ды құрағанын

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИЯР ЕМЕС

Ақпараттық технологияның дамуы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, қала берді, пандемия электронды сауда саласының дамуына айрықша әсер етті. Электронды төлем әдістерін күнделікті қолданатын біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Дүниежүзілік Statista компаниясының болжамы бойынша, бұл даму келер жылдары да жалғаса бермек. Экономистер

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙТЫН ЗАҢ

Ағымдағы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» заңға қол қойған болатын. Осы қабылданған бұл жаңа заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын 

Мақтаарал ауданы тұрғындарының назарына!

ХАБАРЛАНДЫРУ         «Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Түркістан облысының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу» бойынша қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.        Қоғамдық талқылаулар мына мекенжай бойынша өтеді:       2024

ТЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АЛУДА ЕСКЕРЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастағанына міне, отыз жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатындай қабылетті ел болуға ұмтылудамыз. Әсіресе,

ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ

Тақырыбы адам мен қоғам болып табылатын әлеуметтану – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік оқиғаларды, әлеуметтік институттарды, әлеуметтік құрылымдарды және осы құрылымдағы өзгерістерді зерттейді. Қоғамдық өмірдің күрделі және динамикалық құрылымын түсінуге және түсіндіруге тырысатын әлеуметтану бірнеше салаға бөлінеді. Осы тұрғыда әлеуметтануды екі негізгі

АУДАНЫМЫЗДЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АБЫРОЙЛЫ ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТУДЕ

2024 жылдың 19-20 қыркүйегі күндері аралығында Сауран ауданында, Түркістан облысының қалалық және аудандық спорт клуб мекемелері қызметкерлері арасында футзалдан біріншілік болып өтті. Аталған біріншілікке облыс көлеміндегі спорт клубтарынан барлығы 11 команда қатысты. Тартысқа толы өткен ойындардың нәтижесі бойынша Мырзакент спорт

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның білікті теолог маманы Айдана Сейдуәлі Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, бірнеше кездесу өткізді. Облыс орталығынан келген маман, Мақтаарал ауданы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі А.Махсудамен біргелікте ауданымыздың қыз-келіншектермен бірнеше кездесулер өткізіп,

«МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢ­ГЕЙІН ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ АРТТЫРУ КЕРЕК»

Осы жылдың қазан айының басында Елордамызда «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II респуб­ликалық форумы өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттың мемле­кеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, 2022 жылы ре­ферендум арқылы Конс­ти­ту­цияға маңызды өзгерістер енгізілгеніне, соның

БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, өзінің Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан, жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады. Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқаратын зауытқа иелік ететін серіктестіктің директоры Абылай

БИЫЛ 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Бүгінде блысымыз бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. 2024 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен, «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орайластырылып, «Спорт бізді біріктіреді» ұранымен кіші футбол түрінен облыстық турнир болып өтті. Қызықты өткен бұл сайыстың басты мақсаты – әріптестер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, олардың денсаулығын,

АУЫЛДЫҢ ӨНЕРПАЗ ЖАСТАРЫ ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

Мырзакент кентінің орталық алаңында «Өнерлі өлке өрендері» өнер фестивалі аясында сахна шымылдығын А.Қалыбеков ауылдық округі өнерпаздары ашты. Жергілікті көрермен қауым алдымен округтің «Туған жерім – ауылым» атты кітап көрмесін тамашалады. Онда сөреге жергілікті ақын-жазушы, журналистердің кітаптары қойылған екен. Қолөнер шеберлері

ЖУРНАЛИСТЕР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАС ҚОСТЫ

Түркістан облыстық Журналистер Одағының ұйымдастыруымен Түркістан облысы және Мақтаарал, Жетісай аудандары журналистерінің бас қосуымен семинар-кеңес болып өтті. Жиында биыл 19 маусымда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев бекіткен «Масс-медиа туралы» ҚР Заңына масс-медиа мәселелері бойынша  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, журналистер мүддесін қорғауда маңызды

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» МАҚТААРАЛДА

Түркістан облысы бойынша өтіп жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Мақтарал ауданына келді. Түркістан облысы дін істері басқармасы ұйымдастырған бұл жиыннан көзделген басты мақсат – облыс тұрғындарын түрлі діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Рухани маңызы ерекше осы

ЗАЙЫРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ

Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі және білім бөлімімен біргелікті «Зайырлы Қазақстан және Исламдағы әйел бейнесі» атты тақырыпта аудан мектептерінің 9,10,11 сыныптарында оқитын қыз балаларға 2 күндік семинар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атап айтқанда – «№10 Асыл мұра», «№11 Қажымұқан», «№13 Н.Бекежанов»,

ҒАЛАМТОР ӘЛЕМІНДЕ ҚЫЛМЫС ӨРШУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Өкінішке орай бүгінде нашақорлық – қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының біріне айналып отыр. Бұл – болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Қазіргі таңда бұндай індетпен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру – өте өзекті

ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУЫ КЕРЕК

2022 жылдан бері облысымыз бойынша «109» біріңғай байланыс орталығы іске қосылған болатын. Орталыққа тегін қоңырау шалу арқылы тұрғындар әкімдіктің жұмысына қатысты кез келген мәселе бойынша сұрақтарына жауап алып, өтініш пен арыз-шағымдар бере алады. Осы мәселе бойынша Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

         Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, жұмыс сапарымен Жетісай ауданына келген облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мақта алқаптары мен мақта зауыттарында, мақта қабылдау пунктерінде болып, шаруалармен тілдесті.    

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Белгіленген кестеге сәйкес Атакент кентінде кент жастары мен тұрғындары арасында Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, «NEET» санатындағы жастарды жұмысқа тарту,

ӘРБІР ӨТІНІШ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың  8-ші қазаннан бастап, ауданымыздың әкімі Бақыт Насырханұлы Асанов кент және округ тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізуде. Оның халықпен алғашқы жиыны аудан орталығы – Мырзакент кентінде болып өтті. Онда аудан