Қоғамдағы кез келген өзгеріс ең алдымен азаматтардың белсенді ұстанымынан басталады. Бүгінде адамдардың елдегі қоғамдық үдерістерге деген қызығушылығы артып, өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға деген сұранысы күшейіп келеді. Осындай жағдайда Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғамның түрлі өкілдерінің пікірін ортақ алаңда тоғыстырып, ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін ерекше мүмкіндік.
Құрылтайдың басты құндылығы – оның қоғамдағы әртүрлі көзқарастар мен ұсыныстарды біріктіре алуында. Мұнда тек мемлекеттік маңызы бар мәселелер ғана емес, сонымен қатар өңірлердегі тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік, мәдени және қоғамдық бағыттағы сұрақтар да қарастырылады. Сондықтан Құрылтай депутаттарын таңдау кезінде олардың тәжірибесі, азаматтық ұстанымы және қоғам игілігіне қызмет ету қабілеті маңызды рөл атқарады.
Сайлау мәдениеті – қоғамның өркениетті даму деңгейін көрсететін көрсеткіштердің бірі. Азаматтардың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы, ақпаратты саралай білуі және қоғамдық пікір қалыптастыруға саналы түрде қатысуы маңызды. Бұл тек белгілі бір кезеңдегі міндет емес, күнделікті азаматтық ұстанымның көрінісі болып табылады.
Қазіргі таңда ақпараттың жылдам таралатын кезеңінде кез келген саяси үдерісте шынайы әрі нақты ақпараттың маңызы арта түсуде. Азаматтардың дұрыс ақпаратқа сүйене отырып шешім қабылдауы қоғамдық тұрақтылыққа және өзара сенімнің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан сайлау барысындағы ашықтық пен жауапкершілік қағидаттары ерекше мәнге ие.
Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғамның болашағына әсер ететін маңызды қадамдардың бірі. Бұл үдеріс азаматтардың пікірін ескеруге, жаңа бастамалардың жүзеге асуына және қоғамдық диалогтың дамуына жол ашады. Елдің дамуы тек қабылданған шешімдерге емес, сол шешімдерге қоғамның белсенді қатысуына да байланысты.

Құдайберген АКУЛИЕВ,

Жетісай ауданы.

Саяси маңызды қадамды бірге жасайық

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған