«Тұрсынкүл апа» бөбекжай-бақшасының аралас 5-6 жасқа арналған «Балдәурен» тобына «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткіздім.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндерге өрттің қауіптілігін түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін үйрету және төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстай білуге баулу болды.
Тәрбиеші ретінде өзім балаларға өрттің қалай пайда болатыны, отты абайсыз қолданудың салдары қандай болатыны жөнінде түсінікті тілмен баяндап, көрнекіліктер арқылы мысалдар көрсеттім.

Балаларға «Өрт – тілсіз жау» деген сөздің мәні түсіндіріліп, үйде, далада немесе ойын кезінде отпен ойнамау керектігі ескертілді.
Сабақ барысында бүлдіршіндер өрт сөндірушілердің қызметімен танысып, олардың арнайы құралдарын суреттер арқылы көрді. «101» нөміріне қоңырау шалу тәртібі, түтіннен қорғану, үлкендерге дер кезінде хабар беру сияқты әрекеттер рөлдік ойын арқылы бекітілді. Балаларға төтенше жағдай кезінде сабырлы болып, дұрыс шешім қабылдау қажеттігі үйретілді.
«Балдәурен» тобының тәрбиеленушілері іс-шараға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіздік ережелерін қайталау арқылы алған білімдерін көрсетті. Бұл тәрбиелік жұмыс арқылы балалар өмір қауіпсіздігін сақтаудың маңызын түсініп, өздерін және айналасындағыларды қорғаудың алғашқы дағдыларын меңгерді.
Мұндай шаралар балабақшадағы тәрбиелену-шілердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Жамал ТУТКАБАЕВА,
«Тұрсынкүл апа» бөбекжай балабақшасының МАДТ тәрбиешісі.
