Жуырда «Көмек-ата» бөбекжай балабақшасында өзімнің ұйымдастыруыммен «Сиқырлы сандар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, сандарды дұрыс танып, ретімен орналастыруға үйрету, санау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту және шығармашылық белсенділігін арттыру болды.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ойын технологиялары кеңінен қолданылып, балалар түрлі қызықты тапсырмалар арқылы «Сиқырлы сандар» еліне саяхат жасады. Олар сандарды ажыратып, заттарды санап, салыстыру жұмыстарын орындап, геометриялық пішіндерді танып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Әр тапсырма бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай әзірленіп, олардың білімге деген қызығушылығын оятуға бағытталды.

Сабақтың шығармашылық бөлімінде тәрбиеленушілерге алдын ала дайындалған сандардың үлгілері ұсынылды. Балалар берілген сандарды түрлі-түсті қиылған қағаздармен және пластилинмен безендіріп, әр санға ерекше көркемдік беруге тырысты. Қағаз қиындыларын ұқыпты жапсырып, пластилинді илеп, саусақтарымен дәл орналастыру арқылы олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл жұмыс балалардың тек сандарды есте сақтауына ғана емес, сонымен қатар ұсақ моторикасының дамуына, қолдың икемділігі мен көз мөлшерінің қалыптасуына, ұқыптылыққа, төзімділікке және эстетикалық талғамының артуына оң әсерін тигізді. Әрбір бүлдіршін өз жұмысын ерекше безендіріп, қиялының ұшқырлығын байқатты. Бір-бірінің жұмыстарын тамашалап, өзара пікір алмасуы олардың қарым-қатынас мәдениеті мен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өте белсенді болып, барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әрбір жетістік мадақталып, балалардың
