МАҚТААРАЛДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакент кентінде ҚР Президенті әкімшілігінің бекіткен жоспарына сәйкес, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Таза көше, таза аула, ағаш егу» акциясы болып өтті. Мырзакент кентінің орталық алаңында аудандық полиция бөлімі, 2037 әскери бөлімі, дербес

10 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ» ӨТТІ

Түркістан облысы жастарының 2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша «Үйлестіру кеңесі» болып өтті. Аталмыш үйлестіру кеңесіне облыстық “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің басшысы Ернар Нұралыұлы, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” мекемесі басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы және аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Біздің елімізде жастар мәселесіне жоғарыда деңгейде мән беріледі. Бұл саламен мемлекетімізде тікелей «Жастар саясаты жөніндегі кеңес» айналысады. Төменде сол кеңестің функциялары мен негізгі міндеттеріне жан-жақты тоқталып өтеміз. Мемлекет басшысының 2008 жылғы 1 шілдедегі №625 Жарлығымен  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар

ЖЕКЕ ДАРЫНДАРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында Мақтаарал ауданына қарасты “№ 14 колледж” орта арнаулы білім беретін мекемесінің ғимаратында жастардың қатысуымен семинар-тренинг болып өтті. Бұл шараның мақсаты – жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, алға

ЖАСТАР ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІН

Мақтаарал ауданында ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профикалактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы аясында, аудандық прокуратураның жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Жастар және дәстүрлі дін» атты тақырыптарда

ЖИЫН АШЫҚ ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА ӨТТІ

Мақтаарал аудандық » Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мәжіліс залында 2024 жылғы 12 қарашада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаевтың төрағалық етуімен қоғамдық–саяси ахуал мәселелері бойынша құзырлы органдардың қатысуында 2024 жылғы 17 қазанда өткен мәжіліс хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДІНИ ҒҰЛАМАСЫ

Қожа Ахмет Ясауи – түркістандық ғұлама, әулие. Ясауи ұстаздарының  көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахмет Ясауидің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі

БҰЛ СӨЗ ДЕ ДҰҒА БОЛЫП САНАЛАДЫ

Ханафи мәзһабы – қазақ халқының сан ғасырлық діни тәжірибесінің негізгі желісі. Қазір де қазақ халқының 70 пайызы осы мәзһабты ұстанады. Тарихи негізге қарар болсақ Ханафи мәзһабының өзінің алар орны бөлек. Тіпті 2011 жылғы 11 қазандағы Діни қызмет және діни бірлестіктер

 «МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫ ДҮБІРЛЕТІП АТАЛЫП  ӨТТІ

1924 жылы 1 қарашада Мырзашөл өңірінің темір қазығы болып ең бірінші «Мақтаарал» кеңшары құрылған болатын. Еліміздегі алғашқы тұқым шаруашылығы болып құрылған кеңшар мақта шаруашылығымен айналысатын аймақтарды – Орта Азия, Закавказье, Поволжье және бірқатар аудандарды элиталық тұқымдармен қамтамасыз ету міндеті тұрды.

ДІН МЕН ДӘСТҮР, ТІЛ МЕН ТАРИХ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТЫНДАРЫ

Ислам діні – Еуразия мұсылмандары арасында Қарахан кезеңінде тарала бастап, Алтын Орда дәуірінде аяқталғаны баршамызға мәлім. Мәураннахр мен Анадолы және Каспий мен Еділ бойында жаңа түркі-ислам өркениетінің негізі қаланды. Яғни, біздің діни рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған ортақ тарихымыз бен

СОЛ БІР ЖЫЛДАР…

Биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған «Мақтаарал» кеңшарына  1985 жылы сәуір айында  директор болып тағайындалдым.  Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров шұғыл шешім қабылдап, «Әбдіжапар «Мақтаарал» кеңшарына басшы болып барасың»,-деді. Орнымнан қалай атып тұрғанымды білмей қалдым. – Асеке, менің

ТЕРБЕЛЕР КӨҢІЛ ЖЫР БОЛЫП

Мақтаарал аудандық орталық кітапханасында Мырзакентте туып-өскен жерлесіміз «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ақын-композитор, журналист-жазушы Бекжан Әшірбаевпен «Тербелер көңіл жыр болып» атты әдеби-сазды онлайн кеші болып өтті. Әдеби-сазды басқосуды аудандық кітапхана басшысының орынбасары Жанат Зұлпыхарова ашып жүргізіп отырды. Ол Б.Әшірбаевтың Республика күні

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Жамбыл атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысы діни істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маман Д. Аманов, ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы М.Асанхан

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ГЕКТАРЫНА 60 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛЫНУДА

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы берілген тапсырмаға сәйкес, ағын суды үнемді пайдалану мақсатында 2030 жылға дейін суғармалы егістік алқаптарында тамшылатып суғару технологиясын кеңінен қолдану керектігі айтылған болатын. 2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2,0 мың гектар алқапқа

ИНТЕРНЕТ САУДАДА САҚ БОЛУ КЕРЕК

Бүгінде алаяқтықтарда ең көп қолданылатын тәсіл – сайттарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда деп мәлімдейді құзырлы органдар.    Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін төмен баға көрсетіп, алдын ала төлем немесе толық төлем сұрайды. Жыл басынан бері

ЖАҢАЖОЛДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР КӨПШІЛІКТІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫНА БӨЛЕНДІ

Өткен жұма күні аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде апта сайын өтіп жатқан аудандық өнер фестивалі аясында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Жаңа жол ауылдық округінің өнерпаздары өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Бұл іс-шараны осы ауылдық округтің әкімі Марат Тұранов,

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

А.Қалыбеков ауылдық округіндегі Б.Соқпақбаев атындағы  жалпы білім беретін мектепте қазақ балалар әдебиетінің  классигі, талантты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» деген тақырыпта салтанатты кеш өтті. Биылғы жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізбесіне енгізілген

ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫМЕН ҚАТАР, ҚАУІПТІ ТҰСТАРЫ ДА ЖЕТЕРЛІК

Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  – ҚАНЫМЫЗДА БАР ҚАСИЕТ

Қайырымдылық жасау, көмек көрсету – бұл барлық әлем халықтарының байырғы заманнан келе жатқан дәстүрі. Қазір осы құбылыстың нақты қашан пайда болғанын дөп басып айту тіпті, мүмкін емес. Сондықтан, көмек көрсетудің қажеттілігі көптеген мыңжылдықтар бойы қалыптасқан деп тұжырым жасауға толық негіз

ӘУЕНДІ ӘРІ ӘСЕРЛІ КЕШ

Өткен бейсенбі күні «Мақтаарал» мәдениет үйінде өнер фестивалінің сахна шымылдығын Мақтарал ауылдық округінің өнерпаздары ашты. Ел арасынан талантты жастарды іздеу мақсатында өтіп жатқан  аудандық өнер фестивалін Мақтарал ауылдық округінің мәдениет, әлеуметтік және спорт бойынша бас маманы А.Абдикаримов ашып, сөз сөйледі.

ӘРІПТЕСІМІЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мырзашөлден шыққан талантты қаламгер – Тамара  Қуанышбекқызы Дәулетбаева журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталды. Тамара Қуанышбекқызы 1968 жылы 9 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде  дүниеге келген.

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауданында салтанатты кеш өтіп, осы салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, көпшілікті ұлттық мерекемізбен құттықтады. «Ұлттық мереке – бұл туған жерін, Отанын сүйетін әрбір қазақстандық үшін ұлық күн. Біздің бір ғана

«ДӘСТҮРЛІ» АЛАЯҚТЫҚ ТҮР­ЛЕРІ ДЕ ҚАЙ­ТАДАН КЕҢ ТАРАЛА БАСТАДЫ

Адамзат баласы виртуалды әлемге неғұрлым енген сайын қылмыскерлер, соның ішінде алаяқтар да заман көшінен қалмау үшін өздерінің қитұрқы әрекеттерін интернет және цифрлы технологиялар арқылы жүзеге асыра бастады. Дегенмен оған қарсы жасалып жатқан шаралар да көп. Мамандардың айтуынша, шынайы өмірдегі алаяқтықтан

КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының 2024 жылға азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар өткізу жоспары және облыс әкімдігінің 2024 жылға Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығуды өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылы 22-24 қазан аралығында Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығу жиындары болып өтті. Осы кешенді оқу-жаттығуды өткізу

ЕЛІМІЗДЕГІ БІРЕГЕЙ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ БІРІ

Мақта шаруашылығы тарихының музейі – еліміздегі бірегей әрі қызықты музейлердің бірі десек қателеспейміз. Оны көне музейлердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені, музей орналасқан ғимарат 1926 жылы тұқым шаруашылығы зертханасы ретінде салынған. Мақта шаруашылығы тарихы музейі ауыл шаруашылығын, яғни мақта шаруашылығын насихаттайтын

ФЕЙК АҚПАРАТ. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ОНЫМЕН КҮРЕС АМАЛДАРЫ

Фейк жаңалық дегеніміз – шындыққа жанаспайтын, алайда шынайы дереккөз ретінде ұсынылып, қоғамды жаңылыстыруға бағытталатын ақпарат. Жалпы фейк жаңалықтар екі санатқа бөлінеді. Алғашқысында автор материалдың ішінде жалған ақпарат бар екенінен хабардар болса, екіншісінде жалған ақпараттың барын білмей, бірақ белгілі бір көзқарасқа

МАҚТААРАЛДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН БОЛДЫ

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі, әкімдік бастамасымен, прокуратура және “Жастар арасындағы ресурстық орталығы” мекемесімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жиын болып өтті. Осы аталған жиынға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, прокуратура өкілдері, ауыл

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 68,2 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іскерлік форум шеңберінде құны 352 млн. АҚШ долларынан асатын 76 құжатқа қол қойылса, соның 68,2 млн. АҚШ доллары көлеміндегі келісімдер

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі, әкімдік бастамасымен, прокуратура және “Жастар арасындағы ресурстық орталығы” мекемесімен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жиын болып өтті. Осы аталған жиынға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, прокуратура өкілдері, ауыл

«ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы»  мекемесінің ұйымдастыруымен, “Жас алаш” ЖОМ-нің 9-10-11 сынып оқушыларына «Дін және дәстүр» атты кездесу өткізілді. Мақсаты – оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру  болған жиынға, Түркістан облыстық Дін істері

МАҚТААРАЛ – БАҚША ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АУДАН

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай облыстық «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты іс-шарасы болып өтті. Салтанатты іс-шара барысында Мақтаарал ауданы бақша өндіруден озат аудан атанып, облыс әкімінің арнайы дипломымен және статуэткасымен марапатталды. 2024 жылы аудан бойынша 60,6 мың гектар

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Ауданымыздағы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елдімекенінде күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі тұрғындардың пайдалануына берілді. Жаңарып, жаңғырған мәдени нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Конкурстық құны 307 миллион теңгені құраған «Алғабас» мәдениет

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИЯР ЕМЕС

Ақпараттық технологияның дамуы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, қала берді, пандемия электронды сауда саласының дамуына айрықша әсер етті. Электронды төлем әдістерін күнделікті қолданатын біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Дүниежүзілік Statista компаниясының болжамы бойынша, бұл даму келер жылдары да жалғаса бермек. Экономистер

Мақтаарал ауданы тұрғындарының назарына!

ХАБАРЛАНДЫРУ         «Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Түркістан облысының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу» бойынша қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды.        Қоғамдық талқылаулар мына мекенжай бойынша өтеді:       2024

ТЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АЛУДА ЕСКЕРЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастағанына міне, отыз жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатындай қабылетті ел болуға ұмтылудамыз. Әсіресе,

ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ

Тақырыбы адам мен қоғам болып табылатын әлеуметтану – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік оқиғаларды, әлеуметтік институттарды, әлеуметтік құрылымдарды және осы құрылымдағы өзгерістерді зерттейді. Қоғамдық өмірдің күрделі және динамикалық құрылымын түсінуге және түсіндіруге тырысатын әлеуметтану бірнеше салаға бөлінеді. Осы тұрғыда әлеуметтануды екі негізгі

АУДАНЫМЫЗДЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АБЫРОЙЛЫ ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТУДЕ

2024 жылдың 19-20 қыркүйегі күндері аралығында Сауран ауданында, Түркістан облысының қалалық және аудандық спорт клуб мекемелері қызметкерлері арасында футзалдан біріншілік болып өтті. Аталған біріншілікке облыс көлеміндегі спорт клубтарынан барлығы 11 команда қатысты. Тартысқа толы өткен ойындардың нәтижесі бойынша Мырзакент спорт

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның білікті теолог маманы Айдана Сейдуәлі Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, бірнеше кездесу өткізді. Облыс орталығынан келген маман, Мақтаарал ауданы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі А.Махсудамен біргелікте ауданымыздың қыз-келіншектермен бірнеше кездесулер өткізіп,

«МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢ­ГЕЙІН ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ АРТТЫРУ КЕРЕК»

Осы жылдың қазан айының басында Елордамызда «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II респуб­ликалық форумы өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттың мемле­кеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, 2022 жылы ре­ферендум арқылы Конс­ти­ту­цияға маңызды өзгерістер енгізілгеніне, соның

БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, өзінің Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан, жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады. Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқаратын зауытқа иелік ететін серіктестіктің директоры Абылай

КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен, «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орайластырылып, «Спорт бізді біріктіреді» ұранымен кіші футбол түрінен облыстық турнир болып өтті. Қызықты өткен бұл сайыстың басты мақсаты – әріптестер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, олардың денсаулығын,

АУЫЛДЫҢ ӨНЕРПАЗ ЖАСТАРЫ ӨНЕРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

Мырзакент кентінің орталық алаңында «Өнерлі өлке өрендері» өнер фестивалі аясында сахна шымылдығын А.Қалыбеков ауылдық округі өнерпаздары ашты. Жергілікті көрермен қауым алдымен округтің «Туған жерім – ауылым» атты кітап көрмесін тамашалады. Онда сөреге жергілікті ақын-жазушы, журналистердің кітаптары қойылған екен. Қолөнер шеберлері

ЖУРНАЛИСТЕР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАС ҚОСТЫ

Түркістан облыстық Журналистер Одағының ұйымдастыруымен Түркістан облысы және Мақтаарал, Жетісай аудандары журналистерінің бас қосуымен семинар-кеңес болып өтті. Жиында биыл 19 маусымда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев бекіткен «Масс-медиа туралы» ҚР Заңына масс-медиа мәселелері бойынша  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, журналистер мүддесін қорғауда маңызды

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» МАҚТААРАЛДА

Түркістан облысы бойынша өтіп жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Мақтарал ауданына келді. Түркістан облысы дін істері басқармасы ұйымдастырған бұл жиыннан көзделген басты мақсат – облыс тұрғындарын түрлі діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Рухани маңызы ерекше осы

ЗАЙЫРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ

Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі және білім бөлімімен біргелікті «Зайырлы Қазақстан және Исламдағы әйел бейнесі» атты тақырыпта аудан мектептерінің 9,10,11 сыныптарында оқитын қыз балаларға 2 күндік семинар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атап айтқанда – «№10 Асыл мұра», «№11 Қажымұқан», «№13 Н.Бекежанов»,

ҒАЛАМТОР ӘЛЕМІНДЕ ҚЫЛМЫС ӨРШУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Өкінішке орай бүгінде нашақорлық – қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының біріне айналып отыр. Бұл – болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Қазіргі таңда бұндай індетпен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру – өте өзекті

ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУЫ КЕРЕК

2022 жылдан бері облысымыз бойынша «109» біріңғай байланыс орталығы іске қосылған болатын. Орталыққа тегін қоңырау шалу арқылы тұрғындар әкімдіктің жұмысына қатысты кез келген мәселе бойынша сұрақтарына жауап алып, өтініш пен арыз-шағымдар бере алады. Осы мәселе бойынша Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Белгіленген кестеге сәйкес Атакент кентінде кент жастары мен тұрғындары арасында Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, «NEET» санатындағы жастарды жұмысқа тарту,

ӘРБІР ӨТІНІШ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың  8-ші қазаннан бастап, ауданымыздың әкімі Бақыт Насырханұлы Асанов кент және округ тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізуде. Оның халықпен алғашқы жиыны аудан орталығы – Мырзакент кентінде болып өтті. Онда аудан