Жетісай ауданының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Болатұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, жеке қабылдау өткізді.
   Жеке қабылдауға аудан басшысымен қатар, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты.
  Жеке қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу бойынша өтініштерін айтып келді.
   Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған атаулы әлеуметтік көмек алу өтініштері бойынша заң аясында кеңестер беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына барып «Жұмыспен қамту» кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар.
Аудан басшысы жауапты сала мамандарына арнайы тапсырма беріп, тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыруды тапсырды.
   Жеке қабылдауға келген тұрғындар көтерген мәселелер белгіленген уақыт шеңберінде оң шешім табатындығына сенім білдірді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
МҰРАТ БОЛАТҰЛЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған