Мақтаарал ауданында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жайдарман ойындарынан аудан әкімі Бақыт Асановтың кубогы өтті. Балалар жылына арналған сайыс қалың көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
     Бұған дейін ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтердің өз ішінде командалар арасында сайыстар өтіп, одан іріктеліп шыққан 11 команда және өзге аудандардан қосылған 4 еркін құрама өздерінің бар өнерлерін ортаға салып, аудан әкімінің кубогы үшін қызықты ойын көрсетті.
    Ауқымды жобаға аудандық мәслихаттың депутаттары Мұхтар Ажыкаблов пен Сүндет Кенжебаевтар арнайы қонақ ретінде қатысты. Сондай-ақ, жайдарманның кіл мықты ардагерлерінен құралған әділ-қазы алқасы аудан әкімі кубогына әділ төрелік жасады.
   Ойынның нәтижесі бойынша Шардара ауданынан келген «Ұзын ата» командасы ІІІ орынды, Достық ауылдық округі әкімінің құрамасы ІІ орынды иеленді. Өзінің үздік әзілдерімен қалың көрерменді күлкіге қарық қылған Бірлік ауылдық округі әкімінің құрамасы І орынды алып, аудан әкімі Бақыт Асановтың кубогын жеңіп алды.
Барша командалар мен үздік жайдарманшылар арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, жүлделі орын алған командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, жайдарман ойындары бойынша Мақтаарал ауданының өз мектебі қалыптасқан. 2017 жылы Мақтаарал ауданынан шыққан «Сырдария құрамасы» жайдарман тобы республикалық лиганың чемпионы, 2020 жылы «Мақтаарал құрамасы» командасы КТА ойындарының чемпионы атанған.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖАЙДАРМАНШЫЛАР МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН САЙЫСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған