Қазақстан халқы тілдері күніне орай №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебінде ұлт ұстазы, қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым, ақын әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Турекулова А., орыс тілі пәнінің мұғалімі Таглиманова Ж. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұртазаева Е. ұйымдастырды. Танымдық шараға мектептің 5–9 сынып оқушылары белсенді қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, ақынның мол рухани мұрасын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, ақынның өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп, жатқа оқыды. Үш тілде орындалған көркем шығармалар оқушылардың тілдік қабілетін шыңдап, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.

Іс-шараның ерекше әрі әсерлі бөлімдерінің бірі – 9-сынып оқушыларының Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына байланысты дайындаған сахналық қойылымы болды. Оқушылар өздеріне берілген рөлдерді шебер сомдап, көрермендерге ұлт ұстазының ел болашағы, ұлт руханияты мен ағартушылық жолында атқарған еңбегін әсерлі жеткізді.

Әдеби-танымдық шара барысында оқушылардың мәнерлеп оқу, сахнада өзін еркін ұстау, шығармашылық іздену қабілеттері байқалды. Сонымен қатар ұлттық өнерге, ана тіліне және рухани құндылықтарға деген қызығушылықтары арта түсті.

Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақты білімге құштар болуға, елін-жерін құрметтеуге, отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеуге ерекше мән берілді.

Қорытындылай келе, «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Танымдық шара оқушыларға ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып, оның ел үшін атқарған еңбегінен тағылым алуға мүмкіндік берді. Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасы – кейінгі ұрпаққа қалдырған баға жетпес рухани қазына. Оны дәріптеу – ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі.

А.ТУРЕКУЛОВА,

№44 «Жаңа дала» ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҰЛТ ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *