«Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы» – деп Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен бастағым келеді. Қазіргі уақытта мұғалімнің жауапкершілігі оқушы өмірінде жоғары болып тұр. Мұғалім – білім беруші және тәрбие ісімен шұғылданушы, қоғамдық жұмыстардың белсене қатысушы болып тұр.

Жалпы қоғамда қазіргі уақытта «Мұғалім» атына сыни пікірлер айтушылар көбейгені рас. Осы сын айтушылардың көбісі педагогика саласына қатысы жоқ адамдар. Білім саласына қатысты Заңдарды, нормативті құжаттар хабары жоқ бола тұра, келеңсіз хабарламаларды месенджерлерге жария етіп отырады. Көңілің құлазиды. Мағжан Жұмабаев айтпақшы Алты алаштың баласының басы жиналса, төр мұғалімдікі демекші, Қазіргі заманда қоғам мұғалімді төрге шығармай қойған сияқты. Сол себепті қазіргі мұғалім заманауи мұғалім болу керек. Ол үшін мұғалімнің кәсібилігі жоғары дәрежеде болуы тиіс. Заман талабына сай коммунактивтіболу қажет. Ең бастысы білімнен емес, мінезден бастау керек сияқты.
Заманауи мұғалім ұжымда өзін еркін сезінетін, өз ойын, өз ұсынысын бүкпей айта алатын болу тиіс. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деген сөз бекер айтылмаған шығар. Адам организміндегі ең басты мүше – жүрек. Ендеше мектептегі басты кісі ол – мұғалім. Мұғалім заман талабына сай болмаса істің бәрі бекер. Мұғалім өзін үздіксіз жетілдіре отырып, заман талабына сай сабақ беруі қажет. Оқушыларға дұрыс бағыт, күшті шабыт, биік мақсат сыйлау әрбір заманауи мұғалімнің міндеті деп ойлаймын.
Құрметті, мұғалім, сізді алда келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, творчествалық табыс тілеймін. Заман тыныш, Еліміз аман болсын!
Дуйсенбеков Сагит Сарсенбекович,
Т Рысқұлов атындағы ЖББМ директоры.
