Көктем – күн мен түн теңелетін, барлық жаратылыс жаңарып, айналаны түрлі-түске бөлеп, гүлденетін мезгіл. Көктемнің келуі табиғаттың оянуымен теңестіріледі. Жетісайдың көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштардың түбін әктеу және көшеттер отырғызу Жетісай ауданында үрдіске айналған. Күн күлімдеп шуақты күндер бастау алған сәтте ауданымызды қоқыстан тазарту, көгалдарндыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары өз жалғасын табуда.
Аудан басшысы Мұрат Болатұлының бастамасымен аудан көлемінде сенбілік жұмыстары өткізілді. Аталмыш сенбілік аясында қала,кент,ауылдық округтер аймағында көшелерге санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар ауданды жасыл белекке бөлеу үшін тал шыбықтары отырғызылды. Көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштарды бұтау жұмыстары да қарқынды жүруде.
«Тазалық – саулық негізі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Аудан халқының тазалық жұмыстарына қатысып, белсенділік танытуы туған өлкенің аббатануына деген жанаршылығы деп білеміз. Қазірде аудан аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз. Жетісай ауданын жасыл аймаққа айналдыру басты мақсатымыз» дейді аудан әкімі.
Жақсылықтың жаршысына айналған көктемгі көшет егу науқанына ұлағатты ұстаздар мен ауданымыздың жастары, белсенділер де өз үлесін қосуда.
2022 жылы аудан бойынша 23 543 түп көшет отырғызу жоспарлануда. Оның ішінде 500 түп арша, 1500 түп айлант, 1500 түп қарағаш, 2000 түп үйеңкі, 2000 түп терек, 5500 түп шырайгүл(петуния), 2580 түп роза гүлі (роза чайная), 3295 түп лалагүл(маргаритка),4668 түп бозғалдақ(шафран).
Бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына 400-ге жуық азаматтар қатысып, 4100 түп көшет егілді. Қалған жоспарланған көшеттер сәуір айының аяғына дейін отырғызылатын болады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.