Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов пен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов №1 Облыстық перинаталдық орталығында болып, жас аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады.
  «Аяулы аналар! Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймын! Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел – бүтін бір шаңырақтың шамшырағы. Ендеше мерейлі мерекеде Сіздерге тек шаттық пен қуаныш тілеймін. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да, үлгілі қалыптарыңыздан айнымай жүре беріңіздер», – деп жылы лебізін білдірді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.
    Бүгінгі күні перинаталдық орталықта 656 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 609-ы нәзік жандылар. Олардың қатарында дәрігерлер мен медицина ғылымдарының кандидаттары және денсаулық сақтау саласының үздіктері бар.
    «Сіздер мереке күндерінде де жұмыс істеп, жаңа туған жас сәбидің үнімен балалы болған отбасылардың қуанышына себепкерсіздер. Шын жүректен қолдау көрсеткендеріңіз үшін және науқастарға күн сайын көрсететін қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз», – деп ақ халаттыларға жүрекжарды лебізін білдірген Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов нәзік жандылардың еселі еңбектеріне тілеулестік білдірді.
    Айта кетсек, Түркістан облысы бала туу бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері облыста 10 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Ал облыстық перинаталдық орталығында дүние есігін ашқан 1571 баланың 38-і егіз болса, біреуі үшем.
   Бұл орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұның барлығы өңірдегі жүздеген нәрестенің өмірін сақтап қалуға және мыңдаған әйелдердің үміт отын қайта жағып, ана болу бақытын сыйлауға мүмкіндік береді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАС АНАЛАРДЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған