Маусым айының үшінші жексенбісі – Қазақстанда медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.
Ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекелеріне байланысты облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында спорттың 4 түрінен облыстық спартакиада өтті.
    Спорттық додаға Жетісай қаласының, Атакент, Асықата кенттерінің аудандық ауруханаларының ұжымы және бас дәрігер Берік Есімханов бастаған «Мырзакент» аудандық ауруханасының ұжымы қатысты.
     Спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тартыс түрінен өткен жарыста «Мырзакент» аудандық ауруханасының ұжымы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, футболдан ІІ орын, волейболдан ІІ орын және үстел ІІ орынды иеленіп, мерейлерінің үстемдігін көрсетті.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
МЫРЗАКЕНТ» АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған