2022 жыл – Балалар жылына арналған «Балалар – біздің болашағымыз» атты тақырыппен Мақтаарал ауданының аумағына қарасты 56 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында футболдан жарыс басталды.
   Мырзакент кентіндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионында өтіп жатқан жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық соттың төрағасы Құнанбай Мұсаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Серікбаев және демеушілер командаларға сәттілік тілеп, жарысты ресми түрде ашық деп жариялады.
   «Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдерге білім берумен қатар, өнер үйретіп, спортпен шұғылдандырып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеті. Балаларымыз – біздің, ұлтымыздың жалғасы. Олар – болашақ еліміздің, жеріміздің иесі. Сондықтан, бүгін Мақтаарал ауданында өтіп жатқан футболдан мектеп оқушылары арасындағы жарыстың мақсаты да сол – дені сау ұрпақты қалыптастыру әрі оларға патриоттық тәрбие беру. Баршаңызды бүгінгі жарыстың ашылуымен құттықтай отырып, сәттілік серіктеріңіз болсын деп тілек білдіремін. Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» – деді Бақыт Насырханұлы.
   Ашылу рәсімінде еліміздің әнұраны шырқалып, жарысқа қатысушылар көк туымызға қарай бой түзеді. Осылайша 56 мектептің командалары арасындағы футболдан үлкен жарыс басталып кетті.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында спорттың футбол түрін дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда ауданның атынан «Мақтаарал» футбол клубы ҚР Премьер-лига ойындарында өнер көрсетіп жүр.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
МАҚТААРАЛДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған