Түркістан облысы аумағындағы ауылдарды мобильді интернеттен бөлек, жоғары жылдамдықты байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері инвестор «NanoTech» ЖШС облыс көлемінде жалпы 70-ке жуық ауылдық елді мекен тұрғындарын ғаламторға қосты. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.
   «Түркістан облысы аумағындағы 74 елдімекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Бұл мәселені шешуде Заңнамалық деңгейде өзгерістер қажет. Елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің міндеттілігі бүгінде ешқандай заңдармен және жарлықтармен көзделмеген»- деді Елнұр Рахымбердіұлы.
   Өткен жылы кең жолақты интернетке қосылу үшін 49 ауыл таңдалған, ал іс жүзінде тек 37 ауыл қосылды. Мұның бәрі ұялы байланыс операторларына байланысты. Биылғы жылы «Kcell» АҚ жоспарланған 124 ауылға кең жолақты интернетті тартуды ұсынды. Сонымен қатар, «Beeline» АҚ 40 елді мекенді интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ЖЫЛ БАСЫНАН 70-КЕ ЖУЫҚ АУЫЛ САПАЛЫ ҒАЛАМТОРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған