«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Бұл қосымша ел азаматтары арасында танымал бола бастады. Осылайша, 2021 жылғы 5 ақпандағы жағдай бойынша мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны 265 мыңнан асты.
Бұл туралы МКК Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып өтті.
Сондай-ақ статистиканы да келтірді. Оған сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80% – дан астамды құрады, ал 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейі 90% деңгейіне дейін өсті.
Ж.Іңкәрбаев шамамен 15 млн. төлем мобильдік қосымшалар және екінші деңгейдегі банктердің терминалдары, МКК «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, egov.kz «Электрондық үкімет» порталы, МКК порталы, оның ішінде «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылағанын деп атап өтті.
МКК салықтарды пайызсыз төлеуге арналған қосымшаны іске қосты