Жетісай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, одан сырттай танысы 2020 жылдың желтоқсан айында мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат шығарып беретінін айтып, 150 000 теңгеге жуық ақшасын алған. Бірақ сенген танысы жәбірленуші әйелге берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған жайт Жетісай АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» тіркелді.
     Полицейлер қазіргі таңда қоғамымызда көптеп орын алып жатқан қылмыстың бірі –алаяқтық екенін ескере отырып, бірден іске кірісті. Осы жайтқа байланысты күдіктіні ұстап, алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде қырағы қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Өзгенің ақшасын оңай жолмен иеленіп, сан соқтырған әйелді ұстау шаралары жүйелі жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке-басын анықтап, оны АПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай ұсталған алаяқ әйел, алдау жолымен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «келу туралы міндеттемеде».
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда «102» телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.
Мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстадыемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған