Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі» 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының талаптарын орындау, мал ұрлығының алдын алу үшін, малды таңбалау, құжаттандыру, сырға салу, ҚР «Ветеренария туралы» Заңымен белгіленген ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын күшейтіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының нақты жүргізілуін ұйымдастыру мақсатында, 2021 жылдың ақпан айының 20-нан бастап, Шымкент – Мақтаарал тас жолы бойына «Сырдария» бекеті орналастырылған. Аталған бекетке Жетісай, Келес және Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері, Ветеринария бөлімінің мамандары жұмылдырылған. Мұнда мамандар күнделікті ауданнан жайылымға тасымалданып жатқан малдардың сырғаланғаны, құжаты бар-жоқтығын толыққанды тексеруде. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қараусыз қалдырылған және тіркелмеген малдарды қамау мақсатында 11 мал қамайтын орын ашылған.
  Сонымен қатар мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында Мырзакент және Атакент кенттерінде орналасқан мал базарларында әр аптаның жексенбі күні таңғы сағат 06:00-ден бастап рейдтік іс-шаралар атқарылуда. Үй жануарларын тасымалдаған автокөліктердің құжаттары, төрт-түліктердің құжаттары тексерілуде. Соның нәтижесінде құжаттары жоқ болған тұрғындардан түсініктемелер алынып, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен 350 тұлғаға қатысты әкімшілік шара көрілген.
   Жалпы тексерілген автокөліктер саны 2021 жылдың 2 айында 43, ал ондағы үй жануарларының саны 140. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша жалпы 30 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған. Ауыл әкімдері, мал иелері және бақташылар арасында жалпы түзілген үш жақты келісімшарттар саны-878.
    Оған қоса әрбір ауыл әкімшіліктерінде өткізіліп жатқан жиналыстарда бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау бойынша, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жандандырылатын болады.
Мақтааралдық полицейлер мал ұрыларынан сақтануды ескертеді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған