Жетісай ауданының прокуратурасы жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың сенім телефонына келіп түскен «мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарда тәрбиеленетін балаларға берілетін жан басына шаққандағы қаржының төленбей жатқаны, жұмысшыларға жалақы берілмегені туралы» хабарламаларға сәйкес аудан прокуратурасы тарапынан еңбек, кәсіпкерлік саласындағы заңнамалардың сақталуына талдау жасалып, мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары бұзылғаны анықталды.
  Жетісай ауданы көлемінде 20 мемлекеттік, 145 жеке меншік мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілер бар.
Мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында 16 854 бала тәрбиеленіп, 3 716 қызметкер жұмыс жасайды.
  2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім саласы, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мектептер мен мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыру облыстық салалық басқармалар арқылы жүзеге асырылады.
 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 3-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
  Осы Кодекстің 105-бабының 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары: жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды, жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Дегенмен, 16 854 балаға ұсынылатын қаржы мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын 165 кәсіпкерлік субъектіге берілмей, олардың құқықтары бұзылған.
  10.02.2021ж. аудан прокуратурасымен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының атына «заңдылықты бұзушылықты жою туралы» ұсыну енгізіліп, 16 854 балаға ұсынылатын қаржы 877 154 млн теңге аударылып, 165 кәсіпкерлік субъектінің және онда жұмыс істейтін 3 716 жұмысшының конституциялық құқықтары қорғалды.
  Прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Жетісай ауданының прокуратурасы.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған