«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының құрамы бүгін қайта жасақталды.
Аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде бас қосқан партияластардың жиынына аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Асанов Бақыт Насырханұлы, филиал төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев пен аудандық мәслихат хатшысы Қадір Сәрсекбаев қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партия филиалының саяси кеңесі Бюро мүшелерінің жаңа құрамын сайланды. Негізінен партия мүшелері мен партия жанашырлары, ардагерлері топтастырылған жаңа құрам 11 адамнан жасақталды.
  Ал, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» комиссиясының құрамы 9 адамнан, «Партиялық бақылау» комиссия мүшелері де 9 адамнан жасақталды.
Айта кетейік, атқарылар жұмыстардың барысында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында аталмыш комиссия құрамына енгізілген азаматтар түрлі салалардан таңдалды. Ұсынылған азаматтар партияластар арасында дауысқа салынып, сайланды.
  «Партия филиалының саяси кеңесі Бюросына немесе партия филиалы жанынан құрылған қандай да бір комиссияға мүше болу – үлкен жауапкершілік пен адалдықты, ашықтық пен шынайылықты талап етеді. Сіздерге айтарым – өздеріңіз өзгелерге үлгі бола біліңіздер, әрбір істеріңізде жаңашылдық болсын. Сіздерді біз көптің ішінен іріктеп, таңдап алып отырмыз. Сондықтан, партияның атына кір келтірмей адал еңбек етеді деп сенеміз» деді жиын соңында аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Бақыт Асанов.
МАҚТААРАЛДЫҚ «NUR OTAN»-ДЫҚТАР ЖАҢА ҚҰРАМЫН САЙЛАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған