Ақпан айының 16 – 17 күндері Түркістан қаласында құсбегіліктен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай Түркістан облысы чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Түркістан облысы Шардара аудандық №2 БЖСМ жаттықтырушысы Базарбаев Ибрагим спортшыларымызды бастап барған болатын. Аталған жарыста Мусалим Сафия сұңдарды далбайға салудан жүлделі 3 орынды иеленсе, жарыстың жеңімпазы болып Мусалим Салман бас жүлдені еншіледі.
 Ақпан 27 күні Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатына жерлесіміз Базарбай Ибрагим қатысады.
Жерлестеріміздің жеңістері құтты болсын дей отырып, алдағы жарыстарға жерлестерімізге қолдау көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.
Шардара спорт.
ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған