Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Facebook-тегі парақшасында Жаңатаста бес кішкентай баланың өмірін жалмаған трагедия туралы жазды.

«Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды», – деді облыс әкімі.

 Сапарбаев қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

 «Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғысына ортақтасып көңіл айтамын», – деп түйіндеді өңір басшысы.

                                                              Жаңатастағы трагедия
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерден өрт шығып, 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 2 ұл мен 3 қыз уланып, ауруханаға жатқызылды. Балалар біраз уақыттан кейін жан тапсырды.

Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмысқа, анасы дүкенге шығып кеткен.

«Спутник Қазақстан»

Бес періште өлімі: Бердібек Сапарбаев қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған