Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтар арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және қайта қылмыс жасаудың алдын алу.
Салтанатты шараны ашып беру үшін аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, аудан прокуроры А.Досаев, аудандық соттың төрағасы Қ.Мұсаевтар сөз сөйледі.
Спорттық шарада 4 команда өзара бақ сынасып, бас жүлдені алу үшін қызықты ойын көрсетті. Мұндай шара биылға үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданында пробацияның есебінде 95 азамат тұр.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған