Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Оқушылар үйінде бүгін, яғни қыркүйектің 24-і күні ботаникалық бақтың ашылу салтанаты болып өтті.
  Бұл бақ экология-биология бағыты бойынша үйірмеге қатысатын оқушыларға үлкен қуаныш сыйлады. Өйткені бұл жерде оқушылар өсімдіктер әлемі туралы мәліметтер білумен қатар енді тәжірибе жүзінде бөлме өсімдіктерін күтіп баптау және көбейту жолдарын да үйренеді.
  Ботаникалық бақтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А. Таженов, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Айдарова, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А. Бердалиева және БАҚ өкілдері қатысып, оқушыларға бос уақыттарын тиімді әрі шығармашылықпен өткізуге,табиғатты қорғауға,елін сүйетін патриот болуға тілек білдірді.
Шардарада БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ашылды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған