Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты балық шаруашылығы комиеті және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Шардара су қоймасы жағалуында айтулы іс-шара өтті.
   «Таза су айдыны» акциясымен ұйымдастырылған іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.
   –Республикалық экология, геология және табиғаи ресурстар министрлігінің «Таза табиғат» тұжырымдамасы аясында алғашқылардың бірі болып Шардара ауданында «Таза су айдыны» акциясы өтуде. Бұл іс-шараның мән-мазмұны ерекше маңызға ие. Шағалалы шалқар теңізіміз туризм кластерін дамытуға өте қолайлы аймақ саналып, қазіргі таңда демалыс аймағын құру бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мұнда келушілер таза су мен табиғи құмға ерекше назар аударып, қызығушылық танытады. Алайда, демалушы азаматтар мәдениетсіздікке де жол беріп жататыны жасырын емес. Суға түсушілер жағалауды ластап жатса, заңсыз балық аулаушылар теңіз түбін қытай торына толтырып тастайды. Бүгінгі тазалық акциясында су жағалауы ғана емес, сонымен қатар арнайы мамандар су түбіндегі қоқыстарды да тазаламақ. Бүгінгі тазалық акциясына жұмыла кіріскен барша азаматтарға аудан әкімдігінің атынан алғысымды білдіремін. Алда келе жатқан наурыз мерекесі құтты болсын. Ұлың оң болсын! – деді Б.Шомпиев.
   Мұнан кейінгі кезекте «Арал-Сырдария» облысаралық бассейнінің балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев, «Хамит» АӨК төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Бақытжан Серманизов, АЦУАБД №13 кордон қауымдастығының басшысы Сергей Ефимов сөз сөйлеп, жұртшылықты қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтап, су айдынын таза ұстауға үндеді.
   Мұнан соң тазалық жұмысы басталып кетті. Акцияға жиналған азаматтар топ-топқа бөлініп, су жағалауын тазалауға кіріссе, қайыққа мінген арнайы мамандар теңіз түбіндегі қоқыстарды шығару үшін теңізге шықты. Жалпы тазалық жұмысына 200-ге жуық мекеме қызметкерлерімен қатар ерікті балықшылар ұйымы да қатысты.
 Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
БАСТЫ МАҚСАТ – СУ АЙДЫНЫН ТАЗА ҰСТАУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған