«Назым-А» бөбекжай балабақшасында ата-аналармен «Сақтасаң-өз халқынның салтын сақта, Тіл-қазына алтын қақпа» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.
Аталмыш сайысты балабақша құрылтайшысы Аликулова Аида меңгеруші өзім сөз сөйлеп ашып бердім.
Одан кейін қатысушы ата-аналар «Қыран», «Тұмар» болып екі топқа бөлінді.
Сайысымызды логикалық сұрақтар «Миға шабул» интеллектуалды шоуымен бастадым.
Онда қатысушылар түрлі бағытта қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ойынымыз үш қақпадан тұды. Бірінші «Тас қақпада» «Сөздің түбін сөз табар» берілген суретке қарап, мақал-мәтелді табу болды. Онда қатысушылар өте белсенді қатысты. Келесі «күміс қақпа» Ескірмейтін есті сөз бойынша сынға түсті. Онда жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады. (ән, би, өлең, т.б.). осы аралықта ата-анаалардың бойын сергіту мақсатында «Гүлдер» тобының бүлдіршіңдерінің орындауында «Парижге саяхат» биін тамашалады.
Соңғы Алтын қақпа бөлімінде «Тәрбиенің тамыры салтымызда» (салт-дәстүр туралы сұрақтар) берілді. Атап айтсақ, қашықтық өлшемдері, ерулік, ат терлеу сынды сұрақтарға жауап берді.
Сайыс соңында қазылар алқасы Ахметова Оразкул, Алденова Жадыра, Жүргенбаева Нургүлдердің шешімімен жеңімпаз топ анықталып балақшаның арнайы дайындалған алғыс хаттарымен марапатталды.Сайыс қызықты да тартысты өтті.
Айнұр АНАРБАЕВА,
«Назым-А» бөбекжай
балабақшасының меңгерушісі.