Мырзакент кентінде жастарды жұмыспен қамту мақсатында «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы және аудандық Мансап орталығы, “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері бірлесіп аудан жастарына еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Әлеуметтік маңызы ерекше осы жәрмеңкеде «AMANAT» партиясының өкілдері «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы «Аманат» партиясы Еңбек және халықты қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткенін, аталған жоба шеңберінде еліміздің барлық жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, жылдың мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдікпен несие беру, жастарды ірі кәсіпорындарда тағылымдамадан өткізу сынды жұмыстар атқарылып жатқанын екенін айтып өтті.

Сонымен бірге осы жәрмеңкеде «Жастар практикасына» және тұрақты жұмыстарға жастарға жолдама берілді. Жұмысқа жолдама алған жастар ерекше көңіл-күйге бөленіп, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. «Жастарға жұмыс» жобасы аясындағы осындай еңбек жәрмеңкелері алдағы уақытта да жалғасын табады.

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған