Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастауы болды деп санаймын.
«Қаңтар оқиғасы» деген атаумен тарихта қалған сындарлы сәттің өрбуі мен салдары, себептерін арқау ету арқылы басталған Жолдау халыққа расында серпіліс, сенім сыйлады. «Саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды көздейді» деп Мемлекеттік басқару жүйесіне енгізуіге тиісті әрі тиімді болатын бастамаларды тізбектеп берді.
“Енді біреулер геосаяси ахуал қатты шиеленісіп тұрған кезде елді «горбачевтік қайта құрудағы» сияқты берекесіздік жайлап, көше демократиясы белең алып кете ме деген орынды қауіптерін айтты. Бірақ, мен елімізге түбегейлі реформалар қажет екеніне бек сенімдімін. Әйтпесе, тоқырауға тап боламыз. Біз оның салдары мемлекетті қалай күйрететінін тарих қойнауына кеткеніне көп бола қоймаған кеңес тарихынан жақсы білеміз”-деген Мемлекет басшысы ең басты саяси реформалар туралы кеңінен қозғады.
Еліміздің саяси моделін қалыптасыру үшін қиын да болса да күрделі қадамдарға барудың басты ұстаным болуы керектігін айтқан Президент Парламенттің төменгі палатасына заң қабылдау мәртебесін беру керектігін мәлімдеді. Бұл түптеп келгенде Суперпрезиденттік басқару формасы өзгеріп, Парламенті қуатты мемлекетті қалыптасырудың алғышарты болары анық.
Облыс әкімдерін тағайындау – өңірлерді дамыту ісіндегі басты басымдық беретін жағдай екені аян. Алдағы уақытта бұл үрдіс мәслихаттардың әлеуетін күшейту арқылы облыс әкімдігіне 2 немесе одан да көп кандидаттың ұсынылып, солардың арасынан баламалы түрде таңдау жасау арқылы жүзеге асыру көзделуде.
«Amanat» партиясының 1 наурыздағы съезінде биылғы жылы партия төрағалығынан кететіні жайлы айтқан ұстанымына Жолдау барысында тағы да тоқталды. Сонымен қатар, облыс әкімдері мен орынбасарлары партияның өңірлік филиалдары төрағалығынан кетіп, партия мүшелігінде болмайтыны да айтылды. Бұл өз кезегінде партиялық шынайы бәсекені, мүшелері үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады күтілуде. Сайлау туралы Заңның да тармақтары қайта қаралып, Мәжіліс, мәслихат депутаттарын сайлауда 70% партиялық, 30 % мажоритарлық жүйеге негіздемекші. Бұл халықтың сайлауға деген сенімін арттырып, өз таңдау еркін жасауға мүмкіндік тудырады.
Әлемде болып жатқан геосаяси оқиғаларадың әсерінен туындаған кризистік жағдайлар ел экономикасына, әлеуетіне қауіп төндірмеуі тиістігін ескертпі, қуатты елді құрудың негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Бүгінгі Жолдау – елдің басқару жүйесіне ғана емес, әкімшілік-аумақтық өзгерістерге алып келетін негізгі айшықты ойлармен ерекшеленді. Тарихи тамырға сүйене отырып, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын екіге бөліп, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарын құру туралы шешімі – халық күткен, көңілге қонымды іс болғалы тұр. Бұл – тек дәстүрлі сабақтастығымызды сақтау ғана емес, сол аумақтағы халықтың бүгінгі тұрмысына да айтарлықтай оң өзгеріс алып келері анық. Біз бұған Түркістан облысын құру тәжірибесінен толықтай көз жеткіздік.
Сонымен бірге Президент Жолдауда журналистер «сырттан берілген тапсырыстармен жұмыс істемеуі керек» деп, ұлттық баспасөздің жауапкершілігін еселей түсті. «Мемлекет мүдделерін, қоғам қажеттілігін және медиа саласындағы өзгерістерді ескере отырып» «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды өзгерту керектігін еске салды. Ұлттық құрылтай құру туралы идеясы да елдің көңілінен шығатыны айқын.
Қалай десекте, бүгінгі Жолдау ел тарихына алтын әріппен жазылар, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іскер асырудың басты, құнды құжаты ретінде саналары анық.
Ел Президентінің «Уақыт қаншалықты қиын болса да, біз өз бағытымызды өзгертпейміз» деп сеніммен айтуы – Мемлекет тұтастығын нығайтуға шақырған үндеуі деп түсіндік.
Енді біздің алдымызда Мемлекет басшысының «Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз» деген ұстанымы аясына топтасып, ел бірлігін нығайтып, «Жаңа Қазақстан» құруға бірлесе атсалысу міндеті тұр!
Бейсен Тәжібаев,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА АТСАЛЫСУ – ХАЛҚЫМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған