Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді, заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру – мектепке дейінгі тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта «Алпамыс батыр» бөбекжай-бақшасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Балабақшада өткізілетін әрбір іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп ережелерін құрметтеуге баулу, өз құқықтары мен міндеттерін жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Апталық барысында балалармен «Менің құқығым – менің міндетім», «Әдепті бала – арлы бала», «Жолда жүру ережесін сақтайық», «Қауіпсіз балалық шақ», «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыптарында танымдық әңгімелер, сюжеттік-рөлдік ойындар, сурет салу, көркем әдебиет оқу, викториналар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп мәдениеті, достық пен сыйластық құндылықтары кеңінен насихатталды.

Педагогтер балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы тәрбиелеу әдістерін тиімді пайдаланып, заңға құрмет пен тәртіпке бағынудың маңызын қызықты форматта түсіндірді. Тәрбиеленушілер белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, тәртіптің қоғамдағы орны туралы түсініктерін кеңейтті.
Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-аналарға құқықтық тәрбие, бала қауіпсіздігі және отбасындағы тәртіп мәдениеті жөнінде кеңестер мен ақпараттық жадынамалар ұсынылды.
«Алпамыс батыр» бөбекжай-бақшасы алдағы уақытта да «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, елін сүйетін, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары, мәдениетті және саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете береді.
Тәртіп – тәрбиенің тірегі, ал заңға құрмет – жарқын болашақтың кепілі.
Усманова Жания Амангельдиевна,
«Алпамыс батыр» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі.
