Бәйдібек – Жетісу  алабындағы  көшпелі  тайпалар көсемі. Ақыл- парасатымен,  ерлік  істерімен  елге  ұйытқы  болған тарихи тұлға.Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібектің әкесі Қараша 578-632 ж. (қытай жылнамасында 530-604 ж деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен. Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді. Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан бақа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7-8 ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады. Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған. Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға. Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000-2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ-VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады. Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытады.

Дулат, Доғлат – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б. з. б. 2 ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.

Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны ҚұмтөкейАлматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, далулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Далулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434 – 453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 ж. өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші далулар мен қыпшақтар еді. Далулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған. Мемлекет билеушісі Құбырат хан қайтыс болған соң, хазарлар мен аландардың шапқыншылығына ұшыраған далулардың бір бөлігі Аспарух ханның бастауымен Оңтүстік Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға қарасты жерлерге өтті. Олар барған жерінде Дунай бұлғарлары атанды. Жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 ж. Аспарух басқарған бұлғар мемлекетін (қазіргі Болгария) құрды. Аспарухтың інісі Ботбай (Ботбаан) басқарған далулардың екінші бір бөлігі хазарларға бағынып, Хазар қағанатының белді тірегіне айналады. Қағанат ыдыраған соң, Ботбай әулеті ата мекеніне оралған, сөйтіп, қазіргі Далу тайпасының бір тармағын құраған деген де пікір бар. Ұлы Бұлғар мемлекетінің үшінші бөлігі Еділ бойымен жоғары ығысып, кейін Еділ Бұлғариясының негізін қалағаны белгілі.                                                                                                 Жаныс (758-834 ж) Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны – Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт  пен Жантақ. Өкінішке қарай, біздің құзырымызда Жаныс руының төрт атасы туралы мәлімет бар да, басқалары жайында деректер жетіспейді. Олардың екеуі Жарлықамыс пен Жанту туралы мағлұмат толығырақ. Сонымен Жарлықамыс екі бұтаққа: Байыс пен Қасқарауға (Бейімбет) бөлінеді. Байыс өз кезегінде бес ата: Қарымсақ, Назар, Жолсейіт, Қайыпберді, Байсейітке жатады. Қасқарау үш ата: Ораз (оның Сұлтанкелді, Бөкен атты ұлдары болды), Бұқар (Баба, Сырымбет, Құлболды мен Тілеуімбет) және Елтүзер (Төке, Туыс). Өтей атасы екі бұтаңтан өрбиді: Мәуетей мен Мауза. Жалмәмбетке (Бөгетжайлы) Бесқалмақ жатады. Бұл әтноним жеке тұлғаның есімі емес, ол әлде бір себептермен Жанысқа қосылатын кірме қалмақтардың тобы деп түюге болады . ….. Дулат (723-816 ж) бабамыз қартайған шағында аян түс көріпті. Ертесіне төрт баласын шақырып алып былай деп өсиет айтыпты: – «Төртеуің де дәулетті, ырысты болады екенсіңдер. Ұрпақтарыңның өрісі кең болады екен. Ұрпақтарың мына жағы Құлжадан бастап Алатаудың етегінен ары қарай сонау Қазығұрттың етегі мына жағы Қаратаудың етегіне дейінгі кең жерді жайлайды екен. Менің әруағым ырза болсын десеңдер маған демеу болған мына өзі батыр, текті Шапыраштыдан еш уақытта іргелеріңді ажыратпай бірге болыңдар. Шапырашты мен Дулаттың ынтымағы мықты болса сендерді ешқандай сырттан жау алмайды. Елді билеу билік жүргізуден Сиқым да құр болмайды екен, бірақ бүтін билік Жаныста болады екен. Жаныстың ұрпағына бектік дарыған екен. Ерлік батырлық Ботпай мен Шымырдан шығады екен. Түсімде Нүрила әжем (Домалақ ана 660-738) бір етек жұмыртқаны әкеліп төгіп жібергенде бүкіл жер дүниеге шашылып жайылып кетті. Тәңір оңдаса ұрпағым көп болады екен. Төртеуің де тату ынтымақты болыңдар. Осы өсиетімді кейінгі ұрпақтарыма да жеткізерсіңдер» – депті. Қазір бұл сөздің шындыққа айналғанына тарих куә. Жаныстан (758-834) бастап Төле биге (1662-1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған. Төле бидің жетінші атасы болып саналатын бүкіл Жаныс кіндігінен өрбіген аталардың ішінд егі ең көбі жетіге бөлінетін Жортуылдан Жанту, Жантудан: Жайылмыс, Байыс, Өтеміс. Ал, Жайылмыстан: Қожамберді, Қыбырай, Жамбай. Қожамбердіден : -Құдайберді,Құдайқұл,Кәдірқұл,Кәдірберді,Олжанқұл,Сұлтанқұл,Ақберді. Құдайбердіден :- Тугелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай,Бақыбек (2-әйелінен),Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен)Құдайменді,Токпан,Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен: -Тыныбек,Ақбота,Шора,Өтебай,атақты Төле би,Елібай ; Төле биден: – Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай),Ниязбек,Қазыбек (2-әйелі Рақыш),Жиенқұл,Жасыбек,Тасыбек(3-әйелі),Қожабек,Жолан (4-әйелі),Қожамжар,Алдамжар (5-әйелі),Жақсықұл(6-әйелі),Айнакөз (7-әйелі),Табылды (8-әйелі). Қожамжардан: -Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді. Жантақтан екі ұл: Қадыке (Ерубай) мен Еламан.

Соңғыдан екі ұл: Қотыр мен Жуанбек; одан Қасқа батыр. Көрініп отырғанындай, Өтей мен Жалмәмбет аталары туралы біздің мәліметіміз тапшы, ал Шегір, Жантай мен Оймауыт батырдың тегі туралы мүлде бейхабармыз. Соған ңарамастан, тұтастай алғанда Жаныс руының шығу тегі жайында недәуір мағлұмат алуға болады. Тіпті, XIX ғасырдың алға шқы жартысында өмір сүрген Момбек датқаға дейін туыстық жүйе аңғарылады. Жанысқа ол 37 атадан барып қосылады. Жауынгерлік ұраны «Жаиыс» болғаиымен, кең ауңымда жалпы дулат ұраны «Бақтиярды» да қолданады. Оның үстіне ішкі рулар арасында, әсіресе, бәйгелерде атақты Төле би есімін атап, «Төле» деп шабады. Жаныстың рулық таңбасы Дулаттың да, басқа туыс аталары Ботбай, Шымыр, Сиқымдардың дөңгелек О . белгісіне жақын таңбаларынан да басқашалау – (Гродеков пен Аристов), (Аманжолов, Востров бойынша), бірақ, бұнда тұрған қым- қиғаш айырмашылың жоқ, бәлкім, әлдебір автор кішігірім өрнектеуде дате жіберіп алуы да кәдік, оның үстіне Н. Аристов бұл таңбаны келтіріп отырып, Гродековңа сілтеме жасайды, В. Востров болса өз жорамалында Гродеков пен Аманжоловқа нұсқайды. Дулат рулары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында негізінен Жетісу облысы Қапал, Жаркент, Верный уездерінде, соным ен ңатар Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде тұрады.Жанту – Ұлы Жүз Дулат тайпасы құрамндағы Жаныс руының бір атасы. Шежіре деректері бойынша, Жантудан Жайлмыс, Ақберді, Өтеміс, Жаңабай, Қуажақ, Қожамберді, Құдайберді ұрпақтары тарайды. Олар социалистік революциясына дейін Әулиеата, Верный уездерін мекендейді. Жайылмыс –Жантудың үлкен ұлы.Ескішще білім алып,хат таныған,сауатты кісі болған.Жайылмыстан –Қыбырай,Жанбай,Қожамберді тарайды.Үш ұлы да Самарқан, Бұқара қалаларында діни мектептерде білім алады.Ұрпақтары: Өзбекстан Республикасының  Ташкент облысында,Алматы,Жамбыл,Түркістан облыстарында тұрып жатыр.

Қыбырай Жайылмысұлы (1589-1682) Жаныстың шөбересі.Жайылмыстың үлкен ұлы.Көне көз қармялардың айтуынша.Жантудың үлкен немересі болғандықтан ел билеу істеріне көп араласқан,соғыс өнерін жетік меңгерген, арабша сауаты бар  тұлға болған. Есімханмен Ташкент билеушісі Тұрсынхан соғысқанда, Қыбырай батыр Есімханның жағында болған. 1677 жылы Қыбырай 15 жасар Төле биге Түркістанға хан ордасындағы қызметке барар алдында берген батасы: «..Ақбоз мінген айдарлым, тарпаң туған тұмарлым…
Туралап тартып шығатын, алысты жақын қылатын,
Көреген көзді бол!
Мыңнан жалғыз қиялап, туралап тартып шығатын
Алысты жақын қылатын, сезеген сары сөзді бол!
Айналаңда ақ еділ хақтың жолын ту еткен – елің болсын ормандай.
Жау жоқ деме – досыңда, дос жоқ деме – жауыңда,
Жүрмегейсің қорғанбай.
Кәмелетке келіпсің, еліңе дес беріпсің, мүшелерден адал өт, қарияға аман жет.
Қай қиянда жүрсең де – осы батам – болсын серт!»
(«Ақ бата». «Өнер» баспасы, 2002. 45-б.).
Бұл батырдың атымен аталған Ташкенттің қасында (20-25 км) Қыбырай деген ауыл бар.  Бұл кісі  көнекөз қариялардың айтуы бойынша Ташкенттің манындағы Қыбырай ауылында жерленген.  Кіреберісте Елгиз огач ота – Жалғыз ағаш ата деп жазылған. Ертеде бейіттің басында жалғыз ағаш өсетін содан шырақшылар сөйтіп Жалғыз ағаш атанып кеткен дейді. Бейіттің тасына әрең көрінетін арабша бір жазу бар бірақ шырақшы оның мағынасын білмейді, яғни бұл Қыбырайдың бейіті ма жоқ па анығын білмейді.  Қыбрай ауданында 49 мола бар екен ,бірақ қайсысында Қыбырайдың жатқанын білмейді.

Қожамберді –Жайылмыстың кіші ұлы.Қожамберді – Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжанқұл, Сұлтанқұл, Ақберді. Құдайберді – Тугелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай, Бақыбек (2-әйелінен), Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен), Құдайменді,Токпан,Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен – Тыныбек, Ақбота, Шора, Өтебай, атақты Төле би, Елібай; Төле биден – Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай), Ниязбек, Қазыбек (2-әйелі Рақыш), Жиенқұл, Жасыбек, Тасыбек (3-әйелі), Қожабек, Жолан (4-әйелі), Қожамжар, Алдамжар (5-әйелі), Жақсықұл (6-әйелі), Айнакөз (7-әйелі), Табылды (8-әйелі). Қожамжар: Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді                                                                                                                                                  ЖАМБАЙ ATA

Дулат ата Ташкент қаласында білімді отбасында туылған . Әкесі Тілеуберді ( Жарықшақ ) өз дәуірінде білімді әрі парасатты адамболғандықтан Ташкент ханының бас уәзірі лауазымында қызмет жасаған . Тілеубердінің анасы Домалақ ене ( Нурила ) құдіретті , жақсылықты алдынан болжай білетін дана әйел болганы тарихтан белгілі . Ол туралы көп кітаптарда жазылған . Дулат ата бала кезінде Нурилә әженің тәрбиесінде өсті . Алдын Taшкентте екі жылдық діни мектепті бітірген соң , тоғыз жасында Бухарадағы жоғары діни медресеге оқуға түседі . Зерек бала өзінің білімге құмарлығымен басқалардан ерекшеленетін . Діни оқу мен қатар ақындық , суретшілік , жертану , есеп сабақтарында , үлкен ықылас қойып оқыды . Қанша көп білім алғанымен мақтаныш сезілмеді . Талап ынтасы арта түсті . Осы зеректігімен кейін ғалым Дулат, ақын Дулат , суретші Дулат , батыр Дулат , қолбасшы Дулат тағы басқа оннан артық қосалқы атақтарға ие болған адам . Дархан  ( кеңпейілді ,өте өнегелі  ) Дулат Захридин Мухаммед Бабурмен бөле екендігі « Білім және Еңбек » журналында жрияланған . Дулаттан Сиқым , Жаныс , Шымыр және Ботбай туылған . Жаныстың сегіз ұлы болған . Олар : Жанту , Жантен , Жарылқамыс ,Жалмамбет,Өтей  , Шегір ( Ахмет ) , Оймауыт , ( Әлменбет ) , Бөгежіл .  Жантудан – Өтеміс , Байыс жəне Жайылмыс туылған . Жайылмыстан- Қыбырай , Жамбай , Қожамберді ( Жаныстар ) туылады Өтеміс , Байыс,Қыбырай,Жамбай,Қожамберді ( бес ата Жаныстар ) осы күнге дейін қыз алыспайтыны туралы жоғарыда айттық . Себебі бір туған ағайын , бауырлас деп саналады .

Орбұлақтағы Салқам Жәң­­­гір мен Самарқанның әмірі Жалаңтөс баһадүр­дің жоң­­ғарларға қарсы қол бірік­тірген  шайқасының жеңісі, бұдан бірнеше жылдан кейін Ордабасыда үш жүздің хаң­дары мен батырларының, билерінің ауызбіршілікпен жиналып, ортақ тіл табысып, бірігуінің тарихи  ма­ңыз­дылығы барлығын дә­лелдеп, ой салды. Бұдан бы­лай бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығарып, бас­қын­шы жауының бетін қай­тарып отырды.

Салқам Жәңгір мен алшын Жалаңтөстің қолбасшылығымен басталған ұлт тағдырын жоқта­тып, ойлантқан, өздерінен күші басым аса ауыр шайқаста ша­пырашты Қарасай, арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, суан Елтінді, қырғыздар Көтен мен Табай батырлар Жетісудан жауды қуып шығып, жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, азаттықтың ақ та­ңын атырды.

Жоңғар, ойрат, төлеңгіт, қал­­­­­ма­қ­тар да өз ішінде талай зоба­лаңды бастан кешірді. Өзара араздасып ауызбіршіліктері кете бастаған ойрат ұлысы өріс-қоныс­тарынан айрылып, басқа жерлерге қоныс аударды. Олардың көзіне ессіз жатқандай Дешті Қып­шақ даласы мен Моғолстан қара­­мағындағы Жетісу өңірі тү­сіп, қызығушылықтарын оятты. Ер­тіс, Шідерті, Қамысты, Есіл бойларын иемденіп, Еділ саға­сын­дағы суы мол жайлымды жер­­ге ауыз салды. Бүкіл қа­зақ дала­­сына басқыншылық шабуылдар жасады.1640 жылы Тарбағатай құрылтайында «Дала жосығын» қабылдап, Жоң­ғар хандығы мемлекетінің құры­лымын тіктеп алуға кірісті. Бұған қытайлардың қысымы, жаңа құ­ры­лып жатқан Қазақ хан­дығы кедергі келтіріп, мақсатын жүзеге асыртпай, жолдарын бай­лай берді. ХVІІ ғасырдың 30-жылдары ойрат­тардың билеу­шісі Хара-Хұла өмір­ден өтті. Осы қолайлы сәтті ұтымды пайда­лануға асыққан Ба­тыр қоң­тайшы қалмақтың ба­сы бірікпеген үш тайпасын өзі­не бағынышты етті. Олардың көсем­дері, торғауыттар басшысы Хо-Өрлік пен дүрбіт­тердегі Далай тайшының көме­гіне сүйеніп, бірлескен мемлекет құрды. Бұл мемлекет тарихта Жоңғар хан­дығы деген атпен әйгіленді. Осы ғасырдың екінші жартысынан бас­тап жоң­ғарлардың қазақ даласына бас­қыншылық соғыстары өрши түсті. Олар қытай мен орыстың отты қару-жарағын қолға түсіріп, біраз күшейіп алып, айналаға көз аларта бастады. Батыр қоңтайшы он тоғыз жыл (1634-1653) билеген кезінде Қазақ хандығына үш рет ірі әрі жойқын шапқыншылық жорықтар жасады.Алғашқы шайқас 1635 жы­­лы тұтқиылдан басталып, жоң­ғарлар жеңістің дәмін татты. Екін­­ші соғысы 1643 жылы өтіп, Ор­бұлақ шайқасы тарихта ерекше орын алды. Орбұлақ қолайлы қорғаныс және соғыс жүргізу үшін қазақтарға өте ыңғайлы болды. Қорғаныс желісі мен шабуылды  ұтымды әрі тиімді ұйымдастырды. Жалаңтөстің жасақталған кәсіби әскері жоң­­ғарлардың тас-талқа­нын шы­ғарып, ту-талақай етті. Мы­сын басып, біраз шығынға бат­ырды. Қанды шайқас орнында қазылған ордың іздері әлі де сайрап жатыр. Осында қырылған жоңғарлардың сүйектері бұл жерден әлі күнге дейін табылады. Жер табиғаттың нәріне айналып, тыңайтқыш болып кеткендей, күл болған қап-қара сүйектер көз сүріндіреді.

«Ерте дүние тарихындағы» осындай ұлы ерлікті біздің бабаларымызда жасағандығы кешегі тоталитарлық, мәңгүрттік заманда қағаберіс, қағажу қалып келгенін енді-енді біліп жатырмыз. Қазақ Совет энциклопедиясында ұлы Жамбыл жырлаған Өтеген батырдың атасы Сырымбет Жетісуда Салқам Жәңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері сапында жоңғар қалмақтарының қонтайшысы Батур бастаған 50 мың жаумен 1643 жылы Орбұлақ маңында бірнеше күн созылған. Жамбай баба жайлы айтсақ, облыстық «Ақ жол» газетінің  1997 жылғы 28  мамырдағы санында жарияланған жазушы-тарихшы Бақытяр Әбілдаұлының «Бабалар ісі- өнеге, сөзі – өсиет» айдарымен  берілген «Орбұлақта  шайқасқан жауынгер Жамбай баба  ұрпақтары елдік, ерлік дәстүрді  жалғастырмақ» мақаласын оқып,  мағлұмат алуға болады. Ос мақалдан үзінде келтірер болсақ:

… Қазақ Совет Энциклопедиясында ұлы Жамбыл жырлаған Өтеген батырдың ағасы Сырымбет Жетісуда Салқам Жәңгір хан  бастаған 600  қазақ  жауынгері сапында  жоңғар қалмақтарының  қоңтайшысы Батур бастаған 50 мың жаумен 1643 жылы Орбұлақ  түбінде  бірнеше  күн соғысып, қазақ жерінде  өткізбегені жазылған.

Онда  шешуші  сәтте  көмекке жеткен  Жалаңтөс  баһадүр қосынының  ішінде Жаныс-Жайылмыстың  үш ұлы Қыдырбай, Жамбай, Қожамберді де болғандығын  құймақұлақ шежіресі қарттардан да  естігеніміз бар еді. Тіпті Өзбекстанның Самарқанд облысында Жамбай атаның қыстауы осы күнге дейін осылай аталып келеді.

 

Бүгінгі таңда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласы жұртшылық  арасында кеңінен  талқыланып, қолдау табуда.Мақалаға ұлт зиялылары, қарапайым көпшілік ел ертеңі үшін рухани жаңғырудың  қажеттілігін айтып, пікір білдіруде.  Елбасының : «Біздің  бабаларымыз ғасырлар бойы  ұшқан құстың  қанаты талып, жүгірген аңның  тұяғы  тозатын ұлан-ғайыр  аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың  болашағын, келер ұрпағын,  бізді қорғады дей келе, «әрбір өлкенің халқына  суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс», – дейді.

Үш жарым ғасыр өткенде қан­­ды шайқас орнында қазылған ордың айқын іздері, тарих бе­тінде қашап жазылған алтын әріп­тей әлі тыртығы жазылмай жат­қаны, ерліктің қаншалықты қымбатқа түскенінің айқын дә­лелі. Бұл соғыс қазақ халқының ауызбіршілігін, бір-біріне деген жанашырлығын, ынтымақты жарас­тығын, қиын-қыстау кездегі бір-біріне қамқорлық жасағанын тағы да дәлелдеп берді. Қазақтың салқам Жәңгір бастаған сарбаздарына Самарқан әмірі Жалаңтөс баһадүр 20 мың әскерімен көмекке келіп үлгеріп, дұшпанның арман-мақсатының күлпаршасын шыға­рып, жеңіліс дәмін таттырды. Осы бір жан берісіп, жан алысқан, шай­қас өткен киелі жер көп шежі­ре шертіп, бүгінге дейін бей­мә­лім жұмбақ сырды жариялап, соғыс­тың шындығына көз жеткіз­гендей, қазылған оқпаналар ізі жақсы сақ­талған.

Жер ыңғайына байланысты Орбұлақ қорғаныс пен оңтайлы қарсы ұрысқа әдейі таңдалған. Салқам Жәңгірлердің аз қолмен шабуылдауға қолайлы қорғанысы болатын. Таудың терісі – беткей, түстігі – тау арнасына кірер өзен. Жау беттейтін жақ тегіс те, жан-жағы алақанға салғандай айқын кө­рінетін. Сырт беті – терең сай. Осы қамашауда жақындағанын тырп еткізбей оққа ілдіріп, әрі қарға адым бастырмай қағып түсіруге ыңғайлы бекініс еді. Тек жауды жақындатып бетпе-бет келтірмей, маңайлатпай, көмек келгенше уақыт созып, шыдап, төтеп берсе болғаны. Жалаңтөс баһадүр қолымен бірге, Кіші жүз Әлімұлы, Төртқара Жиенбет батыр-жырау, бес мың қолды жинап, сақадай сай қаруландырып, асығыс аттанады. Олар Елек тұсынан самарқандық қалың қолға қосылады. Жиенбет Есім ханның да, оның баласы Салқам Жәңгірдің де сенімді до­сы және қол бастаған батыры екенін байқаймыз. Бұлармен көп­тен бері жақын байланыстары әрі сыйластықтары бар, дос­тығы тереңге кеткен, бір-бірін қы­сылшаңда тастамайтын дос-жар еке­ніне көзің жетеді.

Орбұлаққа дейін Батыр қоң­­тайшы қырғыздарды 50 мың қолымен шауып, 10 мың тұт­қынды  қол-аяғын кісендеп айдап келе жатқан. Осы жеңісіне масайрап, Жетісуды баса-көктеп, талап-тонап, оңай олжаға кенелмек те ойы болған. Жері шүйгін, суы мол тау ішіндегі  қолайлы жер Үйгентастың белі арқылы, Арал­төбе мен Қоғалыны тіке басып, Қараталға қарай өтсе, Жетісуды оңай шауып, олжалап өз ұлысына қарай асып түсуге болады. Қазақ қо­лы қоңтайшының бұл айласын алдын ала түсініп, көп шығынға жол бергізбей, алдын кесіп, қос бүйірден қысатын жерге тос­қауыл қоюды ойластырған.

1643 жылғы маусым айының аяғында қоңтайшы әскерінің алдын Белжайлауға  жеткізіп, бас-аяғын шілденің бас кезінде жинап алып, қазақтарға қа­лың қолмен шабуыл жасауды ойластырған. Олар Салқам Жәң­гірдің жауынгерлері жолын бөгеп, соншама тосқауыл болып, төтеп береді деп күтпеген. Осы аз ғана уақытты қазақтар тиім­­­ді пайдалануға жанталасып, Са­марқандағы Жалаңтөс баһа­дүрге шұғыл хабар беріп, тез же­туін өтінген. Өйтпесе Жетісу бо­йын күші басым қоңтайшы әскері қанжоса етіп, жайпап кететінін түсінген.

Батыр қоңтайшы қырғыздарға Алакөлдің солтүстік беткейіндегі ордасынан Ресей мен Қытайдан алдырған отты қарулармен жасақ­талып аттанғанын көрсететін тарихи дәлелдер жеткілікті.

Орыс елшісі Григорий Ильин­ мен татар Кучембердейко Ку­чеев­­тің мәліметінде Батыр қоң­тайшы Белжайлаудағы Ор­бұлақ шай­қасында әскерінің ауыр соқ­қыға ұшырап, біраз жауын­гер­лерінен айрылып, қат­ты қай­ғырып, өкініп отырға­нын байқаймыз. Бұл жорық  жоңғар­ларға оңайға соқпаған.

Теке өзенінің бойындағы Қа­бық­сары тауында Батыр қоң­тайшының зайыбы Дара Уба Зал­ча айым орыс елшісі Г.Ильинді қа­былдайды. Бет біткеннің сұ­луы, хор қызындай үлде мен бүлдеге оранған ол көңілсіз еді. Ханшаның әкесі Хо-Өрлік те кезінде хан болған. Осы кездесуде жұбайы Батырдың жорықтан әбден абыржып, көңіл-күйі бұ­зылып, ордасынан сыртқа шықпай, үнсіз жат­қанын айтып, ешкімді қабыл­дамайтынын жеткізген. Шы­нында да қоң­тайшыға бұл жеңі­ліс ауыр соққы болып тиіп, абы­­­ройын айрандай төгіп, бақ­талас­тары арасында беделі түсіп, еңсесін жерге қарат­ты.

Тұран өлкесінің әскери бас қолбасшысы Жалаңтөс Батыр қоңтайшы әлі де тек жатпай, кек сақтап, қайта соғатынын түсінді. Ол жоңғарлар арасындағы беде­лін қайтаруды ойластырып  жат­­­қанын сезді. Самарқанның ба­тыр-әмірі осы жеңісті шайқас­тан соң,  әске­рі­нің арасындағы  17 мен 25 жас ара­­лығындағы бес мың жігіт­ті Жетісу аймағын қорғауға қал­дырады.Жалаңтөс өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі.Ежелгі дүние тарихында осындай ұлы ерліктерді біздің бабаларымыздың да жасағанынан кешегі тоталитарлық мәңгүрттік заманның салдарынан хабарсыз қалып, етек-жеңіміз жиылып,еңсеміздің тіктеген Егемендік алғалы енді-енді біліп жатырмыз. Қазақ совет Энциклопедиясында ұлы Жамбыл Жырлаған Өтеген батырдың атасы Сырымбет Жетісуда Салқам Жәңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері сапында жоңғар қалмақтарының қоңтайшысы Батур бастаған 50 мың жаумен 1643 жылы «Орбұлақ» түбінде бірнеше күн соғысып, өз отанының шекарасынан өткізбегені жазылған. Қалмақтың қалын қолымен шайқасқан 600 жауынгер жаудан жеңілуге шақ қалғанда, Самарқан қаласынан 20 мың жасақты бастаған алшын Жалаңтөс баһадүр жетіп, қазақтардың тарихи жеңісіне өз үлесін қосады.

Осы соғыста ел ағалары Қыбырай,Жамбай,Қожамберді сияқты Жаныстың Бөгежілінен шыққан батыр-Шабайұлы Жақсығұл батыр . 4 ғасыр бұрын Есімханның заманында жасаған (шамамен 1600жж басында) Марқасқа жыраудың алғаш жырлаған «Еңсегей бойлы ер Есім» жырын Жаныстың Қазанғап Байболұлы (1889-1945) үйреніп жазып қалдырған.
«Далаға шығып Ер Есім,
Жинады қазақ жаранын.
Тұтқындарын босатып,
Шақ қылды қошын тамамын.
Есепсіз ерлер жиылды,
Айтайын бір-бір хабарын:
Ұлы жүзден Жақсығұл,
Бөгежілі затынан,
Руы еді Жаныстан.
Шабайдың ұлы Жақсығұл
Ауада ұшқан аққудың,
Шашар еді қандарын.
Ер Алатау Қоңыраттан,
Батыры еді әмбенің.
Бөртұғалиұлы Жиембет, (*немесе Бөртуғашұлы)
Алшын дейді аңғарғын.
Үйсін батыр Сүлеймен,
Білмеймін ру, намдарын.
Патша қылды қазақтар,
Атасының орнына (*Есімнің әкесі Тәуекел хан Түркістанды Тұрсынхан шапқаннан кейін өлді)
Есім болсын хандарын.
Нәсілі Шыңғыс төреден,
Қабыл тұт мұны бәрлерің.
Құтты болсын тақытың
Мүбарақ болсын қадамың,
Жолын болсын әумиін!..
Дуылдасын қалың жұрт,
Кілемге алтын салады.
Қазығұрттың басына, (*Қазығұрт тауының тарихы тек кеме айналасы емес)
Хан көтеріп шығады…
Ту көтерді, сарын қып
Есім хан деген ұранды.
Шапаққа енді қамданып,
Ташкенге қошын шығарды.
Есепсіз ерлер жиіліп,
Дүркін-дүркін айдады.
Білдірместен шаһарын,
Түн ішінде қамады.
Әр дарбаза ауызына,
Мыңнан әскер қояды.
Зеңбірек атып, талқандап,
Ордасын ханның бұзады. (*Тұрсынханның)
Аллалап тегіс, ұран сап,
Қазақтың бәрі ұрады.
Атқан садақ қалаға,
Қардай болып борады.
Тұман болып оқтар түтеді,
Өткізбеді аспаннан,
Жасын ұшқан қарғаны.
Тастан берік сарайды,
Дәрі қойып ақтарды…»

Артынан Есімхан Тұрсынханмен (Тұрсынхан ант беріп) татуласып, Есім қалмақтын мәселесін шешпекші болып бір жылдық жорыққа аттанады.
Жақсығұлды елде былай деп қалдырады:

«Жақсығұл мерген, елде қал!
Қылатын сенің ісің бар.
Шолғыншы болып айланып,
Асынып мылтық байланып,
Елдің шетін електеп,
Некен саяқ деректеп,
Рахат, ұйқы көрмейін!
Алдымдағы қалың жұрт,
Анықтап айтшы билерді,
Аттарын, сірә, кім деймін?
Үш жүздің енді баласы,
Қарар тауып ойлады,
Ынтымақпен сайлады:
– Құдайберді Жаныстан, (*Төле бидің атасы)
Ең әуелі болғаны.
Орта жүздер сайлады,
Арғын Шаншар мырзаны.
Қаз дауысты Қазыбек,
Осыдан тарап шығады.
Кіші жүз Алшын Жидебай,
Баласы мұның Әйтеке
Шежіреде шығады…»

Есімхан қалмақ жаққа аттанып кеткесін елді қайтадан Тұрсынхан шапты:

«Қырғын салды қазаққа,
Самалын құдай ондады.
Қара жерді қандады,
Буаз қатын кез келсе,
Ішін тіліп жайлады.
Бас қамында анасы,
Шырылдап жылап баласы,
Бесіктер қалды жол-жолда.
Найзамен түйреп жамғарды,
Өлікпенен бөгеді,
Қыр менен адыр, сайларды.
Ошаң етер адам жоқ,
Исапсыз көрді пайданы.
Төрт түлік малды айдады.
Тозғыны шығып қазақтың,
Бір бөлегі ауды Бұхарға.
Жиделібайсын барғалы.
«Ұлы жүз алты ауыпты,
Байсынға», – деген сөзі бар.
Хан Тұрсынның заманы,
Ең әуелгі барғаны.
Бес ауыпты мұнан соң,
Әзіз Төле нұсқасы,
Сонда айтылар қалғаны.
Шежіреден оқындар,
Көбі ауқым Шуға ауды,
Отан қылып тұрғалы.
Кейінірек күнінде
«Үш ата» өткен заманда,
Қоңтажы деген бір қалмақ,
Бері қарай тағы айдады.
Бір бөлегі ұрысты,
Қарсы тұрып жаулармен,
Біреу жоқ сау қалған…»

Жақсығұл аңға шығып Тұрсынханның елді шапқанын білмей қалады:

«Мергеннен Жақсығұлдай аз сөйлейін,
Жұртқа ие, шолғыншы еді басындағы.
Зерігіп кеткен еді тауға таман.
Аң атып жолбарыспен аю, қабан.
Үш жүзге аты шыққан заңғар еді,
Атақты озық мерген осыншадан.
Аспаннан аққуды атып түсіреді,
Жердегі былай тұрсын жүгірген аң.
Болжаса, жолдың бойы кесілген бас
Көп өлік жердің жүзі қып-қызыл қан.
Хан Тұрсын елді қырып қойған жайпап,
Байлауда бір қатары қалғандардан.
Қарлы тау зорға шықты ең басына,
Дәрісін оң келтірді жамбасына.
Бастады Қатағанға қырғын түтін,
Тоғыстың Бадам менен арасында.
Түтінін түтініне қосты атып,
Жаңғырық пайда болды тау тасына.
Жақсығұл атты мылтық топ үстіне,
Кез келген тұра алмады ат үстінде.
Тең екен сұр мерген мен батыр Шабаз,
Жақсығұл Есімханды қарсы алмақ боп,
Қамданды, атысуға оқ-дәрі аз боп.
Әулиеата тарапқа,
Сапар тартты Жақсығұл…
Жылап-жылап алады,
Елді ойлап аулақта

Міне, сол Самарқаннан шешуші сәтте көмекке жеткен Жалаңтөс баһадүр қосынының ішінде Жаныс Жайылмыстың үш ұлы Қыбырай, Жамбай, Қожамберді де болғандығын талай құймақұлақ шежіреші қарттардан сан рет естігеніміз бар-ды. Самарқан облысында Жамбай атаның қыстауы бұл күндері Жамбай қаласы атанғаны да ел үшін мақтан. Сол Жамбайдың ағасы Қыбырай атанда Ташкент түбінде мекен бар. Халық әні «Қыбырайда» да «Келін боп түскен жерім Қыбырай елі» дейді ғой.

Ал, Қожамберді – атақты Төле бидің атасы, Әлібек бидің әкесі. Міне, сол ағайынды Қожамберді, Жамбай, Қырыбай, өздерінің туысы Сырымбет, Өтеген батырды өмірге әкелген Өтеғұлды әкесі соғысып жатқанда, Самарқаннан жиналып аттанғандығы туралы аңыздың ақиқаттығы архив деректерімен дәлелденген болатын. Ағайынды Қыбырай, Жамбай, Қожамберді қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бастарын өлімге тіккен жауынгерлер болғандығына еш күмән жоқ. Орбұлақтағы шайқас – даңқы алысқа жеткен жеңіс!

Талай тарихтың көленкесінде қалып, жауынгершіліктін салдарынан жоқ болғаны белгілі.

Орбұлақ түбінде үлкен жауынгерлер қолын бастап келген баһадүрлердің арасында Дулаттан тарайтын Жамбай батырдың да болғандығы ұрпақтары үшін де үлкен мақтаныш. .

 

Қоянды тау шыңының шы­ғыс жағында Күреңкейтау, Аламантау, Құяпатытау, Сары­тау, Боқан таулары иық­тасып созылып жатыр. Көкжеті тауы­ның арғы жа­ғында жоңғарлар. Таудың жоталарында терең сай бар. Таудың етегімен келе жатқан жоңғарлар шұңқырға жайғастырылған қазақ жа­уын­герлерін байқамайды. Ор­бұлақтың қия беткейіндегі қой­­тас­ты паналап ор қазып алып,жауын улы жебемен қар­сы­­ алады. Сонымен қатар сасық­те­ке­­нің түтінегін де пайдаланады. Улы жебе қадалса, безгек тигендей сұлап түседі. Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін шөп. Шілде айында гүлдейді. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді. Сосын жағып өртейді. Жан-жаққа жайылған түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Мұны аңғармаған жау жапырып тастамақ болып лап береді. Олар осы кезде улы жебе мен улы тү­тін­ге ұрынады. Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлері улы түтінге тұншыққандарды шетінен жапырып шаба береді. Ал қазақтар уланса қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, тазарып алады. Аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып сауықтырады. Алғашқыда жаппай қырылып, біраз шығынға ұшырап не болғанын білмеген ойраттар біразға дейін естері шығып, бет­темей қалады. Сөйтіп уақыт ұт­қызып, көмек келгенше қазақтар біраз күнді оздырады.

Белжайлаудағы  Итшоқы  жо­та­сының баурайында 1993 жылдың 3 шілдесінде мерей­тойлық шаралар басталып, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев халқымыздың тарихи қаһарман­дығын қатысушыларға жан сүйсінерліктей әңгімелеп, ата-бабаларымыздың жанталасқан орасан зор ерлігіне бас игізіп, мақтан етті. Ел мен жерді қор­ғау, ұлтты сақтаудағы батырлары­мыздың қайсарлығы мен табан­дылығын, елу мың әскерлі қоң­тай­шыны бар болғаны алты жүз қолмен әдепкі кезде тойтарып, бетін қайтарғанын, Салқам Жәң­гірдің әскери тактикасының үз­­­­дік­тігін айтып жарияға жар салды. «Со­­лардан қалған белгідей… ай­лап-апталап бастарын ажалға тік­кен ардақтардын жанына түс­кен жыртықтай, тәніне түскен тыртықтай боп атамзаманғы оқ­пана шұңқырлар әлі жатыр»,  деді дарынды жазушы Әбіш ағамыз.Міне, сол Самарқаннан шешуші сәтте көмекке жеткен Жалаңтас бахадүр қосынының ішінде Жаныс-Жайылмастың үш ұлы Қыбырай, Жамбай, Қожамберді де болғандығын талай құймақұлақ шежіреші қарттардан сан рет естігеніміз бар-ды. Солардың бірі Жамбыл қаласында мектептерде, есеп-санақ техникумына директор болған педагогика ғылымдарының кандидаты, қазір марқұм болып кеткен Сейдуалы Амандосов Қазақстан өз алдына егемен,тдербес мемлекет болып жарияланғаннан кейін Өзбекстанның Самарқан облысына бірнеше адаммен барып Жамбай ауданындағы екі-үш шарушылықта тұратын туыстарымен қайта табысып келгенін жыр етіп айтқан еді. Сол Самарқан облысында Жамбай атаның қыстауы бұл күндері Жамбай қаласы аталғанында мақтан еткен болатын. Сол Жамбайдың ағасы Қыбырай атында Ташкент түбінде мекен бар. Халық әні «Қыбырайда» да « Келін болып түскен жерім қыбырай елі» дейді ғой. Ал Қожамберді – атақты Төле бидің атасы, Әлібек бидің әкесі. Міне, сол ағайынды Қожамберді, Жамбай, Қыбырай өздерінің туысы Сырымбет те (кейін Өтеген батырды өмірге әкелген Өтеғұлдың әкесі) соғысып жатқанда Самарқаннанжиналып аттанғандығы туралы аңыздың ақиқат архив деректерімен дәл келетіндігі таңдандырады. Ағайынды  Қыбырай, Жамбай, Қожамберді қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бастарын өлімге тіккен жауынгерлер болғандығына еш күмән жоқ.

Жамбай бабаның мәңгілікке көз жұмған жері  Түркістан облысының Төле би ауданындағы Сұлтанрабат ауылына күнгей жағынан жалғас Жыланбұзған аулына іргелес жатқан зират ішінен қабірі табылған.

Бір қызығы – Жамбай баба бейітін табуға түрткі, болған осы Жыланбұзған ауылына тақау Бейнеткеш, Маятас, Шырақшы ауылдарында тұратын ұрпақтары емес, Ташкент уәлаяты (облысы) Бостандық ауданы Қызылсу ауылында тұратын Зейнеткерлер – бұрынғы мұғалім Қарақұл Нұрлыбаев пен милиция майоры Мұқтар Төленбаев болып шықты.Бұл өткен ғасырдың сексенінші жылдары болатын.

Біздің  Бостандық ауданында негізінен қазақтар тұрады. Ата –баба әруағын қатты қадірлейді. Мазарларды өте күтеді. Бірде  Текешов Құттыбай деген жолаушымен көздейсоқ  ұшырасып  қалғанда маған Төлеби ауданындағы Бейнеткеш  ауылынан Сейтұлы Текей  деген  тоқсаннан асқан қария  көмектесе алатынын  айтқан еді. Шынында да солай  болып  шықты,- деді Қарақұл Нұрлыбайұлы.

Бұл күнде жасы тоқсан үштен асқан Текей қария:

1947 жылы жылқы бақтым. Көктемгі қымызмұрындық басқосуында Жамбай бабаның сүйегі Жыланбұзған іргесінде жатқанын Қарабала, Андас, Райымқұл, Тасқын, Жаңабай деген қариялардан естіген едім, – деді сеніммен. – Бұл сөзімнің растығын осы зираттың көрқау, шырақшысы мына Усманәли Умаров та айта алады.

Мен 88 жастамын. Тегім – жаныс. Бірақ өзбек болып кеткенбіз. Бұрын осы зиратта нағашыларым көрқау болып көрген екен, менімен жетінші, балаларыммен сегізінші атадан шырақшыларымыз. Бұрын бұл жер Жамбай мазары делінуші еді. Сол мазардың орны мынау. Кейінірек 1880 жылы Мамашәріп деген әулиенің сүйегін осы жерге қайта жерлегелі «Мамашәріп мазары» атанып кетті. Осында Төле бидің Ниязбек, Қожамжар деген балаларының өздері болмасада ұрпақтарының талайы бақилық жай тапты.

Жамбай мазары осы жерде екенін дамолла Әлихан, Әбдірахым, Жұмабай ағалардан, Базарбай, Шынәлі, Ташполат аталардан, Рахымжан, Нодирмат және Умар бабалардан өз құлағыммен естігенмін, – деді зират шырақшысы Усманәли Умаров.

Дәл осы сөзді Қарамыс, Жаңабай, Ақмырза, Елшібай, Үмбет, Дөненбай бабалардан да естігенмін, – деп қоштай түсті өзі де баба болған 93 жасар Текей Сейтұлы.

Бұған еш күмәнім жоқ – деді Бейнеткеш ауылының ағасы Қапалбай Мырзақұлов. – Сонау көрінген Қаратаудың етегінде –Ә тей, Тіней бұлақтары, Дауылбай сайы деген жер. Әтейі,Тіней– Жамбай бабамыздың бір әйелінен көрген дихан ұлдары екен. Бұлақ жағасына су шығарып, егін салған, қауын-қарбыз еккен, бие байлап, қымыз ашытқан. Сол заманнан қалған «Өтей, Тіней жолда ма екен, сусыны толы сарыаяғы қолда ма екен?» деген сөз ел ішінде әлі ұмытылған жоқ. Түркістан, Жамбыл облыстарында сол Әтей, Тіней ұрпақтары тарады. Диқан бабаларымыз әрі-бері өткен жолаушыларды тегін сусынға қандырып, сауап алған берекелі кісілер болыпты.

Ия кеше Әулиеата, бүгін қайта Тараз атанған қаламызда сол бабалардан тараған Балпық деген атамыз Ресей империясының үшінші гильдиялы көпесі болған , Сонау  Иран, Ауғанстан, Қытай, Туркия елдеріне керуен жіберген. Кеңес үкіметі орнаған соң қуғын – сүргінге ұшырап, Жамбай бабаның мазары тұрған қыстақта қаза болды деп еді, – деді Балпық шөбересі, Омар немересі, Міржалалұлы Аманкелді.

-Балпық  атамыздың  сүйегі де  дәл осы  зиратта жатыр,- деді  Текей қария.

-Япырай,ә? Жарықтық бабасының жанынан жай  тапқан екен ғой. 1932-33 жылдардағы ашаршылықта  әке-шешелері  шыбындай қырылған жетімдердің  талайы Әулиеата  қаласында.  Жамбыл облыстық мұғалімдер институтының  талай жылдар  басқарған Сауранбай  Төленбаев  қария,-  Балпақ  жарықтық  тікелей ұрпағы суретші  Шәкен Ниязбеков- тәуелсіз Қазақстан Республикасының  ұлттық  туының авторы. Орбұлақ түбіндегі  шайқасқан Жамбай бабасының  тәуелсіздік жолындағы күресінің игі  жемісіндей  осындай туымызды  желбіретіп  отырғанымызға да шүкір.

Жоңғар басқыншылығына  қарсы күрескен Жамбай  бабаның  Құлтас атты ұлынан тараған  ұрпақтары Өзбекстанның  Самарқанд, Ташкент облыстарында  тұрса, қызы  Ақбикеден  өрбігендері Түлкібас  ауданында  Нөкіс  Жамбайлар  атымен  белгілі. Кешегі Еңбек  Ері Әзімбек Исмаилов, бүгінгі Түркістан  университетінде  еселі еңбек еткен академик Сайлау  Шалқаров сияқты бүкіл қазақ елі  мақтан  ететін  ұл-қыз ұрпақтары аз емес.

Жамбай  ұрпақтары  Қазақстан  тәуелсіздігі үшін аянбай  күрескен жауынгер  бабасының зиратына мазар тұрғызуды қолға  алып жатыр. «Өлі  разы болмай тірі байымас» дейтін  дәстүрмен қазіргі  тапшылық жағдайында да  осыған бел байласа, бұл  олардың ата  ерлігіне лайықты туғандығы шығар.

«Жамбай-Жаныс,

Болдық таныс.

Болғанда жаңа таныс

Кетпе алыс»,- деп әндетуші  еді бұрын әке-шешелеріміз. Жамбай бабаның баяғы жоңғар-қазақ  соғысы кезінде адасып қалған ұрпақтары 300 жылдан соң  қайта табысып, енді бір-бірінен қол үзіспей, аталарымыз ерлік, елдік дәстүрін жалғастыруға  баталасып  қайтысты.

 

Енді Жамбай ұрпақтары туралы сөз қозғакп көрейік.- Құлтас , Бектас , Әтей және Тіней аталар дүниеге келеді .

Құлтас , Бектас атaлaрдaн тараған ұрпақтары Өзбекстанның Ташкент облысы , Бостандық ауданында және Шыршық қаласының аумағында мекен еткен . .Бостандық ауданындагы Жамбайлар Шыршық өзенінің оң және сол жағалауында Қаржан тауының етегіндегi Қосмола тауының күнгей саласында Қызылсу ауылында,          Азатбас ауылында , Керегетас елдімекенінде т.б елдімекендерде тұрып жатыр.Жайылмыс Жантудың үшінші баласы яғни Өтеміс Байыстан кейінгі перзенті . Жайылмыс ( батыр ) да өз заманында жоғары діни білім алған сауатты азаматтардың бірі болған . Оның үстіне ірі саудагер , алдын Ташкент төңірегіндегі ірі саудагерлермен бірге Шығыста Қытай , Үнді т.б. батыста Астрахан , Сарытау . ( Саратов ) т . б . қалалармен сауда – саттық жасаған Ташкенттегі саудагерлердің көсемі саналған . Қожа Ақбармен бірнеше рет сауда жасап қайтқан. Осылайша арадағы достық нығая түсіп сол сапарларының бірінде Қожа Ақбармен Жайылмыс құда боламыз деп уәделеседі . Уәдесінде тұрып , ортаншы перзенті , енді ғана Бұхара медресесін  бітіріп қайтқан Жамбайды Қожа Ақбардың Мукарама деген қызына үйлендіреді . Сол  Мукарамадан Құлтас , Бектас деген екі ұл туылады .

Жамбай ата қонысы қазіргі ТашГРС пен Қадірлік арасындагы жазық далада болған. Осы қонысынан Қаржан тауының күнгей беті Шыршық өзенінің солтүстігіндегі Мыңбұлақ , Керайғыр жайлауларына көшіп баpa жатқанда Керегетасқа келіп түнейді . Сол күні Мукарама анамыз толғатып,таңға жуық ұл туады . Дүниеге келген перзентке есім қоюдан алдын Жамбай ата бұл  түнеген жердің аты қалай аталады деп жергілікті халықтан сұрайды . Жамбайдың бұл сұрауына жергілікті халық өкілдері бұл елді мекеннің аты  «Керегегас» деп жауап береді . Сонда ойға шомған қасиетті атамыз бұл жердің кереметі болса керек , киелі жер екен деп баласының атын да сол жердің атын ұйқастырып Құлтас деп қояды . Керегетастың кереге сөзін өшіріп Алланың құлы болсын деген ниетпен тас сөзінің алдына құлды қосып жазады . Осындай шешімге келуі дүниеге келген баланың басы тастай берік болсын дегені болса керек. Жамбай ата жаз бойы жайлауда болып, қыраулы қыста қысқы қонысқа қайта оралу қиыншылық тудырғандықтан оның үстіне екі араның ұзақтау болғаны себебінен бір күзде қазіргі Қызылсу  өзенінің бойында қоныс теуіп қалады . Бұл жер мал қыстатуға да ыңғайлы екен, ауа райы да айтарлықтай қиыншылық туғыза  қоймайтынын сезген болса керек ,осы елді мекенді қысқы қонысқа айналдырады . Бір қызығы бүгіні жауған қар ертеніңе-ақ суырылып жер қарайып қалады екен. Міне осы қасиет жылқы мен қой үшін таптырмас жай емес ие! Осыдан кейін Қызылсу өнірінде көп жылдар бойы қоныстанады. Сауда жұмысын да осы жерден (бастайды. Қалаға жүн,тері,астық,жеміс-жидек сатып, қаладағы дүкеншілерден қант,шай тағы басқа заттармен айырбас жасайд. Осылайша жағдайлары оңалып кетеді. Малдары көбейіп, саудасы ірілене бастағаннан кейін  үлкен- үлкен қалалармен ,оның сауда орталықтарымен байланысып, байлығы арта түседі.

Жамбай ата өз қаражатымен жергілікті халықтың басын біріктіріп Қызылсу өзенінің суын үлкен арық жасау арқылы жерді суландырды. Бұл арық бүгінге дейін «Жамбай арығы» деп аталып келеді . Қия жерге үй салдырып, баурайына бау ектіреді, тегістеу жерлерге жазық алаңдарға егіс үшін қажет деп үй салдыруға рұхсат бермейді. Ол кезде Қызылсу ауылының шекарасы  Үштас сайы, соның Шыршыққа қосылған жерінен бастап Мыңбұлақ тауының күншығысы, ал бастысы Әулиесудың Шыршыққа қосылған жерінен тура Қосмола тауының үлкен шоқысына дейінгі, Оңтүстігі Әулиесу өзенінің Шыршық өзеніне қосылған жерінен Үштастың суына ,яғни  Шыршыққа қосылғанға дейінгі аралық болған.

Қызылсу ауылының жері құнарлы , жайылымы шалғын ,тау бөктерінің бауыры толған жабайы алма , алша , долана , жаңғақ т.б. да жеміске бай өңір . Суы да мөлдір тұнық , шипалы мекен . Жамбай атаның саудасы ірілене түсіп қарамағындағы малы көбейіп, мол байлыққа ие бола бастайды . Енді ол сауда жұмысын шығысы Қытай , Үнді , батысы Еділ өзенінің бойына , тіпті Румға дейін сауда саттық жасап қайтады екен.Керуенге артылған дүние –мүліктің толық сақталуы үшін қорғайтын жасағы да болған..Бір шеттегі Шыршық өңірі Жібек Жолынан оқшалау жатқандықтан, негізгі қонысты Қазығұрт тауынынң етегіне ауыстырады. Бір жерден бір жерге көшудің қоныс аударудың оңайлыққа соқпайтыны белгілі. Оның үстіне сол жерге бауыр басып, қимастық сезімі ұялаған соң үдере көшу әлбетте ауырлау. Сондықтан ба ел аузында Жамбай ұрпқтарының осы қоныс аударуға байланысты қалған мынадай : » Күнгейі күміс ,теріскейі алтын,суы шипалы жерім-ай ,  Өзгеге қайтып қиямын.» деген сөз бар. Осы қасиетті өлкені иесіз қалдырмайын деген болса керек ,Жамбай ата екі баласы Құлтас пен Бектасты осында  Қызылсуға қалдырады.

Қазығұрт өңіріне көшіп келген жылы қыс аязды болып, қар қалың жауады. Қыстың соңы жұтқа айналып, Жамбай атаның қорадағы қойлары қырылып,жылқысы аштан өледі. Қойшы таяқ ұстап, жылқышы ер жастанады. Енді Жамбайдың азамат болып қалған баласы Әтей сол өңірде тұрактын бір атақты байдың қойын бақса, Тінейі жылқысын бағады. Жаз жайлауда жүріп егіз туған қозының біреуін жасырып,өзіне жақын саналған қойшылардың қойына қосады. Ал Тіней болса байдың жүз биесі құлындаса, он– он екісін байдан жасырып жаз жайлауда бірге отырған жылқышы достарына апарып қоса береді. Осылайша бес-алты жыл өтпей -ақ өздері де  мен деген байлардың қатарына қосылады. Балаларың арқасында бай қатарына қосылған Жамбай ата Қазығұрт бауырынан қоныс аударып, Қызылтөбеге көшеді . Осы бір төбенің«Қызылтөбе» деп аталуының себебі айналадағы төбелерден бір ерекшелігі, күні бүгінге дейін мамыр айында бұл төбе түгелдей қып-қызыл қызғалдақпен көмкеріліп жатады екен.Осындағы Үшбұлақ пен Шырақшы арасы  малға жайлы,әсіресе Ұлы Жібек жолына жақын құтты қоныстардың бірі еді. Байлар қатарына қосылған Әтей мен Тіней сауда жұмысымен айналыса бастайды. Бұлардың бай болуына басты себеп өздерінің еңбегі мен атақты байдың қозы-құлыны екендігі есіне түсіп, бұл » күнәні» қайтсек жууға болады деп ой туады. Сөйтіп ,ғұлама саналған молдалар мен сөзі дуалы қарттардан сұрауды жөн деп табады. Олардың берген жауабын мақұлдап «күнәдан» пәк болу үшін жол бойына қауын-қарбыз егіп,өсіріп      оны  арылы-берілі өткен жолаушыларға тегін таратып беретін болған  . Сол жолдың бойына «Дауылбай бастауға» Керуен сарай құрып , жолаушыдан түнегені үшін ақы алмайды екен.  Осылайша қарттардың аталы сөзін басшылыққа алып Қызылтөбедегі қонысындағы «Дауылбай бастаудың» суы Керуен сарайдың ортасынан өтеді . Олар еккен қауын мен қарбыз жолаушыға да, жергілікті халыққа да ақысыз беріліп Әтей мен Тінейдің аттары барша  жұртқа мәлім бола бастайды  . Сонымен қатан көлігі, көшіндегі түйелеріі мен аттарына жем-шөп , тұрар-жайы ақысыз беріледі.  Керуеншілердің шаршаған көліктерін, яғни түйелері мен аттарын осында қалдырылып, сапарынан қайта оралған кезде тыңайған  мал-мүліктерін қайтып алып, еліне қайтатын болған . Осындай қайырымдылық пен дархандық жасаған бабаларымыздың аты маңайдағы елдерге тарайды . Ел ішінде « Алтын алма — алғыс ал, алғыс- алтын емес пе » деген сөз бар емес па, бұл жасаған қайырымдылықтары Жамбай баба аттарын көкке көтереді. Жібек жолындағы керуеншілердің оларды барлығы құрмиетпен қарайтын болған. . Керуен сарайға қонған әрбір жолаушы ағайынды екі жігіттің меймандостығы мен жомарттығына әбден риза болады. Ел аузында осы күнге дейін мынандай сөз сақталып келеді . « Әтей , Тіней жол да ма екен , Сары аяғы қолында ма екен ?! » Осылайша дуалы ауызды адамдардың батасын алған Әтей , Тіней аталарымыз санаулы жылдың ішінде дәулеті асқан атақты  байлар қатарына қосылады . Енді қарамағындагы малы  «Дауылбай « бастау төңірегіне симaған cоң, үлкен жайылым іздей бастайды . Керуен сарайға үлкен ұлы Құлманбет пен Өтенге қалдырып ,Тараз шаһарына қоныс аударады.Тараз- сол кездегі ең ірі сауда орталығы екендігі көпшілікке мәлім ,атақты сауда орталықтары қатарына қосылған мекен болды.. Бұл қалаға сауда жасау үшін Үнді елінен Қытайдан , Ираннан, Самарқанттан , Астраханнан , Ресей елінің барша қалаларынан саудагерлер тынбай келіп – кетіп , сауда жасайды . Әтей , Тінейдің Тастөбедегі қонысы мал жайылымына да ,сауда жасауға да қолайлы саналғандықтан Әтей , Тінейдің балалары осында тұрақтанып қалады . Қазір Жамбыл облысы , Жамбыл ауданы бұрынғы Куйбышев-қазіргі Тастөбе , « Бесжылдық» ( қазіргі Шәкен Ниязбеков атындағы ауылы)  Жамбай ата ұрпақтары тұрып жатыр.. Қоныс аударамыз деп ,бір жағы Шыршық,бір жағы ірі сауда орталығы-Тараз қаласының маңайына орын тепкен баба ұрпақтаы енді есін жинай бергенде Жамбай ата қартайып, төсек тартып жатып қалады.Өзінің аманаты бойынша бабамыз қайтыс болғаннан кейі,»Дауылбай бастауының» маңына жерленеді.Бұл жер қазір-«Жыланбұзған» деп аталады Сұлтан-Рабат елдімекенінің маңы. Олд кезде Сұлтан Рабат- сарай орталығы , сарайды қорғайтын әскері , шабарманы , күзетшісі , байланысшысы , уәзірлер мекемесі , тұратын үйі , ат сарайы т.б . қоймалар мықтап қоршалатынг болған.Рабатқа кіре беріске үлкен  қос қақпа  тұрғызылған.  Төңірегіндегі жергілікті халық,рабаттықтарға қызмет көрсететін болған  . Ата мазары осында  қойылған.  Осындағы тұрғылықты  халықтың аузында мынадай бір аңгіме бар; « Рабат қала сияқты өркендей бастаған  кезде  бір жесір кемпірдің екі баласы болыпты, Олар өте кедей тұрады екен . Тек екі ешкіні сауып сүтін пайдаланады . Күндердің күнінде кемпір ешкіні сауыії алғаннан кейін сүтті , үйге кіргізуді ұмытып, ошақ басында қалдырып қояды . Таңертең келіп қараса ыдыс бос , сүт жоқ , ал ыдысты ішіне екі теңге алтын бар екендігін көреді . Ертеңіне тағы да сүтті қалдырады , кешегі оқига қайталанып, ыдыста тағы да екі алтын теңге жатқанын көреді .Кемпір бұл батпан құйрық байлық жыланның әр күгі сүт құятын ыдысқа екі теңгеден қалдырып кетеніне көзі жетеді. Осылай жылдар өте береді . Кемпір мол дәулетке ие болып , екі ұлын байлардан артық қаражат жұмсап , дүркіретіп той жасап үйлендіреді . Мұны көрген халық  мұнда қандай сыр бар деп сұрақтың шешімін білгісі келеді. . Кемпір бар сырды  байқаусызда құрбы-досына айтып қояды . Айтылған әңгіме шаһар билеушісіне жетеді. Билеуші кемпірді сұрақтың астын ала бастайды.Одан кейін шаһар билеушісі өзінін шабармандарына зығыр майын жинауды бұйырады . Зығыр майын қазанға қыздырып ,жыланнын ініне кұйдырады . Жыландардың біразы өледі . Өлмей қалған жыландар бүкіл халықты  да, малды да түгелдей қырып тастайды , сөйтіп бұл жер алдымен «Жылан қырған» , кейін « Жыланбұзган » деп аталып кетеді. Осы оқиғадан кейін 150-200 жылдай бұл жерге ешкім қоныстанбайды , тек ХІХ ғасырдың соңында 1830 – 1990 жылдары өзбек ағайындар көшіп келе бастайды . Олар о дүниелік болған кісілерді   Жамбай мазарының бір шетіне  жерлейді.  Сол жерленгендердің қатарында Әулие Мама Шәріптің сүйегін Жамбай мазарына қайта жерлейді . Бұрығыі орны әлі caқтаулы . Сөйтіп бұл мазар- Жамбай мазары емес , енді «Мама Шәріп мазары» деп аталып кетеді.

Жамбай атаның тағы бір ұрпақтары Түркістан облысы Түлкібас ауданы қос Көкбұлақ өзендерін бойлай мекендейтін Нөкіс руыннан тараған ұрпақтары тұрып келеді.
XVII ғасырдың екінші жартысы шамасында Араб елінен кіші Мекке Медине есебіндегі қасиетті Түркістанға екі кісі Шейх Зин, Накөз дін ілімін тарату мақсатында келген көрінеді. Түркістан маңындағы мақсат мүддесін орындаған соң , миссионерлік қызметтерін одан әрі жалғастырыу мақсатында Әулиеатаға (Таразға) барады.
Бұл азаматтар тоғыз жолдың торабы саналған Таразда біраз аялдаған. Сонда ру басы, өзі діни білімдіжан-жақты оқып,ел ішіне аты тараған Жамбай   ата өзінің қызы Ақбілекті Шейх Зинге қоспақшы болғанда, ол кісі өзінің жасының ұлғайып айтып, жасы кішілеу Накөзге жол берген екен. Уақыты жетіп Ақбілек анамыз ұл табады. Бірақ бұл кезде Накөз бабамыз туған еліне шұғыл шаруамен аттанып кетіп, сол кеткеннен қайта оралмайды. Жаңа туылған нәрестеге  Жиенбет деп ат қояды. Ұлы жүздің ардақты ағалары  Жиенбетті ұлы атасы Жамбайдың құшағына беріп, қолына жілік ұстатып, өзінің ақ батасымен » енді сен де Жамбайдың бір ұлысың» деп шешім жасайды. Сөйтіп Жиенбет- Жамбай атаның бір баласы саналады. Қазіргі Нөкіс ұрпағы деп жүрген ру осы Жиенбеттен тарайды. (Осы бүгінге дейін Нөкіс ұрпақтары Жамбай атаның төрт баласынан тараған ұрпақтарымен қыз алыспайды). Арғы бабамыз Накөз ауыз екі айтылу барысында тіл өзгерісіне ұшырап, Нөкіс деп аталып кеткен.

Жамбай ата шежіресін құрастыруға ел азаматтары Әзімбек Смайлов пен Қарақұл Нұрлыбаев аталарымыз көп еңбек сіңірді.Қарақұл атамыздың ел  тарихы және әдеби жинақтар жинақтаумен де ерекшелен. Қарақұл атамыздың жинақтарының ішінен «Суға кеткен келеді» әңгімесін   оқырмандарға ұсынып отырмыз:                         «Жамбай ауылы, Көктемнің соңғы айы. Ауыл жайлауға  көшкелі  1-1,5 ай болған. Қаратөбе  жайлауының күнгей  бетінде әр  жылы 10-15 үй  қыстаудан осы  жайлауға қонады да ұзақ жайлауға  бармай  осы жерден қыстауға қайтады. Бұл Қожаберген болыстың  қонысы.  Келіп кетушілер үшін жолға  жақын  күрделі емес  мәселелерді   осы жерде  шеше салуға  да қолайлы.

Қатар тігілген  алты,  сегіз қанатты он төрт – он бес үй. Бұл үйлердің ішінде  үш үй  ерекше көзге түседі. Бұл үйдің бірі болыстың қонақ үйі, бірі  бала-шағасы отыратын үйі,  үшіншісі  ас дайындайтын қымыз ашытатын, айран  қайнататын үйі. Бұл ауылдың, әже  жеңгелері, келіндері, ересек,  неберелері сәске түске  науқастанып жатқан  үлкен  ата- Бұғыбайды көруге  және айтқа құтты болсын  айтуға түгел кеткен. Сондықтан ауыл тып-тыныш жаңбыр жауып басылғандай Тек қана бір отар қой баққан  Наушанбек  көрінеді. Наушанбектің  жанында көлеңкелеп жатқан Байтөбеттің бүгінгі  ыстықтан тілі аузына сыймай, үнсіз  екі  иығынан демалып ентіккеніне көз тігіп отырған қойшы баладан өзге  жан жоқ.

Бүгін  таңертең айт  намазынан келген болыс  Қожаберген  ұзақтан келгендердің  ішінен әкесі  Бұғыбайды  қанша көз тігіп қарағанмен көре алмады.  «Сырқаттанып жүріп еді. Жатып қалған-ау!» – деп ойлады да, бұдан бес күн бұрын  ата-анасына  хал жайын сұрап бір кеш  қонып қайтқанын еске  алды да  көшпен бірге  айт намазын  оқуға  мешітке кіріп кетті. Намаз аяқталған соң үш-төрт азалы үйге  құран оқып жайлауға,  үйіне қарай  ат басын бұрды.

Көктемнің соңғы айы. Табиғат ерекше  бір таңғажайып көрінісіне бөленген кез. Бүкіл жер беті  көк  майса жамылған. Бірнеше түрлі гүлдер  өсімдікпен жарыса  өтіп бара жатқан адамға жел  әсерінен  ұзап  кеткенше   қайта –қайта иіліп  сәлем  бергендей.

Кеш гүлдейтін үшхат, тобылғы сияқты  ағаштар да аппақ гүл жарып  әлемді  гүлге  бояғандай. Осы  көріністерді  тамашалап  алланың, жаратушының  құдіретіне таң қалып  арқайсысымен  сырласып  сөйлесіп келе  жатқандай ерекше  бір хош иісті таза  ауаны  еркін  жұтып талай жолға  келгенін білмей  де қалады. Қарсы алдында  Қосмола , оң жағында  Мыңбұлақ және оның ар жағында Қаржан таулары  сонау  Алтай  тауларына  ұласады деп көз алдында таулар  қартасын   елестеткендей ақ. Үй  алдына  келгенін бірақ сезді.

Ауыл тыныш  ұйқыда жатқандай. Атты  байлап  тартпасын босатты, да ақ  үйдің  ағаш  өткізіп қойған темір шынжырын ашты да үйге кіріп қымыз ішіп есікті  қайта  жауып торы  жорғаның  тартпасын қайта  тартты.  Шылбырын шешіп атты  мінуге  ыңғайлана  бергенде  қарсы жақтағы  қыраттан бір топ әйелдердің келе  жатқанын көріп атты  қайта  байлады да  тартпасын босатты. Қонақ үйдің есігін  ашып қонақтар отыратын  орындыв бір көзден  өткізді де, ас үйдің  алдындағы бірнеше  самауырдың екеуіне от жақты да, алма  ағашының  көлеңкесіне  қойылған  бөренеге  отырып демалды. Келе жатқан әйелдер тобы  тура  болыс  үйіне  жақындады. Болыс  орнынан тұрып бір қолынан  шәугімі, бір  қолындағы  сүлгісін жерге қойды да  әже,  жеңгелер мен  амандасты. Үш-төрт қарт әжелердің  қолына  су  құйып  тұрғанын көріп, бірге келген келіндердің  біреуі қоярда қоймастан  әжелердің  қолына суды  мен  құяйын деп қалған  жеңгейлердің келіндердің қолына  түгелдей су құйып шықты.

Келгендерді  қонақ  үйге  отырғызып барлығы тыныштық, амандық  жұртқа  үлкен  байлық тілеп бата  оқыды. Керегеге  сүйеп  қойылған  бір десте  ақ  дастархандарды алып қонақтар  алдына  жая бастады. Сөйтіп ас үйге қарай  бет алды. Шәугімді  қайта  суға  толтырып жатқан  келінді  көріп  мұнда кел дегендей  ишара білдірді. Ас үйге келген  келіндерге мына  нан мынау  жасаулы  тұрған дастархан  қонақтарға  тарта беріңіздер деді де, өзі сабадағы  қымызды  қозғай берді. Келіндер  бірінен соң бірі  дастарханды  толтыра түсті. Мұның  соңынан үлкен тегенеге сүзілген  қымызды  өзі  алып  кірді. Болыс  қымызды  енді  құя  бергенде, төрде  отырған Зәуре  әже, Алтынай келін қайда  деп сұрап қалды. Ол кісі суға  кетті,ьқазір келеді,- деп қысқа  жауап берді.  Келген қонақтар бірі қымыз, бірі  айранды  іше  бастады. Дастархан толған науат, қант неше  түрлі тәттілер, сондай-ақ сары май, ерітілген май, сүзбе, ірімшік, өрік-мейіз, жаңғақ, бадам дәнектері, бал тағы  басқалармен толып тасты.Әжелер мен  жеңгейлер өзара қызу әңгімеге  кірісе бергенде, ас үйге қайта  шығып,  келіндері  шақырып мына  жаңа сойылған қойдың етін түгелдей қазанға  салыңдар. Бірің  от жақ, етті таза  пісіріңдер деп ескертті де,  қонақтарға  қайта келіп, отыра  кетті. Екі  иығынан демалған  қайнаған  самаурынды әкеліп шай  кеселер  салынған үлкен  тегенені және  шәйнекті қойды. Келіндердің бірі  шайын демдеп қонақтарға  ұзата бастады. Есік алдында жақын отырған Болыс үй төрінде ілулі  тұрған домбыраны қолына  алды да алдымен әжелерді мақтап  айттарыңыз құтты болсын  қош келіпсіз- сынай білдірді де жалпы  көпшіліктің бала-шағасы, мал  басы  аманшылығын сұрап отырды. Әңгімеде биылғы егістің жақсы өскендігі,  жемістердің мол түйіндегені  туралы айта келіп ауыл аралап  сауда-саттық жасап жүрген  саудагерлердің  айырбасына  тері, жүнді  бермеңдер. Биылғы қыркүйекте  екі  есе қымбат  алатын арнайы  сатып  алушылар келеді. Біз  олармен келісім  жасадық деп  көпшілікке ескерту айтты.  Домбырада аздап ән айтты да соңын күйге  ұластырды. Отырғандар риза болып, «көп жасаңыз, бақытыңызға бақыт  қосылсын» -деп  қошемет  көрсетіп жатты. Домбыраны  керегеге  сүйеп  орнынан тұра бергенде  отырғандардың  біреуі  абысын келмеді, біз енді  қайтайық  рұқсат етіңіз,- дегеніне  сұраған  абысыныңыз суға  кеткен, қазір  келеді. Тамақта пісіп  қалды-ау деп ас үйге  шығып кетті. Шындығында да ет пісіп,  келіндер нан илеп жатқан екен. Сүзіліп алынған еттің  ішінен піскен бауырмен құйрықты  бөліп алып  бауырды  тең бөліп әрқайсысының  үстіне  құйрық кесіп  қойды да  келіндерге  қарап әрбір адамға толық жететіндей етін құйрық, бауыр  қойыңдар. Әжелердің алдына жамбас, одан  кейінгілерге  тоқпан жілік, асықты жілік егер қыздар болса  тоқпан жілікті соларға қойыңдар деп  дайындап, өз  орнына келіп отырды. Біраздан соң жаңа піскен қой еті  қонақтарға  тартыла бастады. Ас жеп  болған соң, айран қатылған жас  сорпаны  рахаттанып  іше  берді. Осыдан соң  бақ, дәулет, ынтымақ тілеп бата  оқыды да енді  қайтайық деген ыңғай білдірді. Жұрт  далаға  шығып  бірнен соң  бірі қол жуа бастады. Барлығы  рахметін айтып ризашылығын  білдіріп  қоштасып енді ғана 40-50 қадам  аттағанда  Қаратөбеден  түсіп келе  жатқан бір топ жастар  оның  соңында  жайлап келе жатқан әжелер мен келіндерін көріп, анау келе жатқан Алтынай абысын шығар-ау, аз кідірейік деп когалға жайласып отыра кетті. Аз уақыттан соң әйелдер тобы тура  қонақтардың алдына  келіп сәлемдесті. Бірін-бірін айтпен  құттықтады. Қайда асығып барасыздар бүгін қонып айттықжеп ертең  қайтасыздар деп Алтынай  асысын  осы сөзді бірнеше қайталап шықты. Қонақтар бұл ауылға  түстен бұрын  келгенін  қайнысының күткенін,  өлең айтқанын  бәрін-бәрін  айтып, енді қайтып бара  жатқанын мәлімдеді.

Қонақтар  қоштасып жолға түсті.  Алшалы бұлаққа келіп беті-қолдарын салқын суға жуып, біреулері су ішіп рахаттанып  аз  демалды да осы  сендер бүгін  не байқадыңдар деп сөз бастады,  Аханай әже. Қайным үлкен Азат  болысының бастығы, әкесі, балалары да ел билігін  көрген ақылды адамдар  болғанын  қайнатамыз үйде  бірнеше  рет әңгімелеп отырғанын  естінем. Жақсының осындай бір жақсылық белгілері болады екен. Оны өз көздеріңмен  көрдіңдер ғой бүгін. Мен болыспын демей  балаша   жүгіріп бізге қызмет етті ғой.

Шетіректе отырған  орта жастағы қара торы жеңгей сөз  аяқтала бергенде «Ұлық болу үшін кішік болу  керек»- деген осы екен десе,үшінші біреуі  құдай бұлардың  осы  кішіпейілдігіне бола бақты да, дәулетті де үйіп берсе керек. Ертеде арғы атасы Ермек  бір байдан бата алып бай болған  деседі ғой. Ата  әжелерім қонақтар келгенде  әңгімелеп отырғанын талай  естігенмін. Перзент берсе осындай берсін деп тілек бата тартып үйді-үйіне тарасты.»

МЫРЗАЛЫ   ҒАЛЫМЖАН  АЛТЫНБАЙҰЛЫ

 

 

 

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған