Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне түнгі сағат 03:00 шамасында «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, құрбысының үйіне қонаққа барған. Содан соң үйіне қайтпақ болып, «Daewoo Matiz» маркалы автокөлігін қыздыру мақсатында іске қосып, өзі үйге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті азамат көлікті айдап, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеді.
   Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына толық құрамда шығып, жедел-тергеу амалдарын бастап кетті. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде, Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Осылайша оны ПБ-не жеткізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
  Тергеу барысында анықталғандай, мас халдегі күдікті ер адам қараусыз тұрған автокөлікті көріп, оңай жолмен ақша табу арам ойы туындаған. Содан соң көлікті айдап, 1 шақырым жерде тұратын анасының үйіне алып барған. Алайда көп ұзамай полицейлердің құрығына түскен.
Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығының алдын алу мақсатында, тұрғындарға ұрлықтан сақтану үшін көліктерін бейнекамералармен жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін, ал автокөліктерге қажетті құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын ескертеді. Егер де, сіз, қандайда бір қылмыстық оқиғаның немесе ұрлықтың куәгері, құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі.
Түркістан облысының полицейлері автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған