Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 660 млрд 253 млн теңгеге жетті. Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына (27,7%) тиесілі. Кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,5%), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласына – (12,7%) тиесілі. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.
  «2021 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 859 млрд теңгеге жетті. Нақты көлем индексі бойынша облыс республикада 8-орынды иемденді. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында ауыл, орман өсіру және балық шаруашылығының үлесі – 19%, өнеркәсіп – 14,7%, білім беру 14,4%, көлік және қоймалау – 11,6% алып отыр», – деді Бағлан Абайбекұлы.
  Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 707 млрд 802 млн теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артқан. Сондай-ақ, ҚР бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,1%-ы Түркістан облысына тиесілі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 660 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған