«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жанынан парасат клубы ашылды. Жаңадан ашылған пікір-талас алаңында жергілікті халықтың ұсыныстарына қарай өңір басшылары мен тұрғындар тұрақты түрде ашық диалог жүргізіп, ең өзекті проблемаларды талқылап, түсіндіру мен шешу жолдарын қарастырды.
Аудан әкімінің өзі басшылық жасаған жиынға ауданның ардагерлері, әкімдер мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, орта буын өкілдері мен жастар, журналистер мен белсенді блогерлер қатысты.
  «Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен ұштасады. «Парасат» алағында ауданымыздағы өзекті мәселелерді осындай басқосуларда ашық талқылап, халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шешу жолдарын қарастыратын боламыз», – деді Бақыт Насырханұлы.
Жиында клубтың ережесімен толық таныстырған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Досым Асабаев кулбтың мақсаты мен міндеті, оның құрамы, басшылық жасау тәртібі, жалпы клубтың ұйымдастыру жұмыстары жөнінде кеңінен баяндады. Сондай-ақ, клубтың кезекті отырысына бірнеше мәселелі тақырыптар ұсынылды. Осылайша жиынға қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер тыңдалды.
  Басқосудың нәтижесінде клубтың хатшысы бекітіліп, құрамы нақтыланды. Сонымен қатар, алдағы 1-наурыз күні өтетін жиынға аудандағы әлеуметтік саладағы мәселелер төңірегінде тақырып бекітіліп, аталған тақырып бойынша кемшіліктерді анықтау үшін арнайы мамандар мен қоғам белсенділерінен, блогерлерден тұратын жұмысшы топ бекітілді.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
МАҚТААРАЛДА «ПАРАСАТ» ПІКІР-ТАЛАС КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған