Жуырда №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекетіміздің президенті Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Қазақстан, Таза мектеп, Таза сынып» тақырыбында 20-24 қаңтар күндері аралығында экологиялық тазалық акциясы өткізілді.

Аталған шараны мектептің аға тәлімгері Р.Каримованың басқаруымен «Өзін өзі басқару» ұйымының фракция мүшелері ұйымдастырды. Мектеп оқушыларына акция мақсаты толық түсіндірілді.
Акцияға жоғары сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Тазалық – денсаулық кепілі. Тазалықты сақтай отырып салауатты өмір сүруге бейімделу керектігі толықтай түсіндірілді. Сынып бөлмелерінің тазалығы басты назарда болды.
Акцияға қатысқан оқушылар аталған шараның әлі де жалғасуына өз үлестерін қосуға, қоршаған ортаны таза ұстауға қашан да белсенді болуға уәде етті.
Сондай ақ, осы акцияға қатысты кейбір оқушыларымыз өз шығармашылықтарын шыңдап өлең шумақтарын шығарып оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал жасады.

Таза Қазақстан
Тазалықты ту етіп,Белсенділік танытып,
Жас шыбықты ну етіп.Еңбекке ден қояйық.
Қоғамды таза ұстаймыз. Таза ұстап ортаны,
Тазалықтан қашпаймыз. Ластықты жояйық.
Келіңдер достар, кәнеки,
Президентті қолдайық! – деген өлең жолдарымен 9- сынып оқушысы Сапаралы Мадина оқушыларды «Таза Қазақстан, Таза мектеп, Таза сынып» акциясында белсенділікке шақырды.
Зәрібай Әділет,
№44 «Жаңа дала» ЖББМ «Өзін өзі басқару»
ұйымының ақпарат және баспа фракциясының
штаттан тыс тілшісі.