Педагог сусындатып оқушыны тек білім нәрімен қана қоймай, оның өмірлік көзқарасы, таным-түсінігі қалыптасуына, көлік көкжиегі кеңеюіне үлес қосатын бірден бір тұлға. Сондықтан оқытумен қатар, алдындағы әр шәкіртінің психологиясын бес саусағындай білуі тиіс. Оқушының психологиясын меңгерсе, оған қалай әсер етуді де біледі. Ал кез келген үйрету моделінде ауызша айтудан бұрын, көз алдындағы үлгі-образ болуы аса маңызды. Мұғалімнің ана тіліне деген құрметі аса зор болса, әр ісінен, сөзінен тілге деген махаббатының лебі есіп тұрса, окушылары да автоматты түрде 03 тіліне жанашыр, патриот болып қалыптасады. Осы орайда Абай Құнанбайұлының мына сөзін келтіре кетуді жөн санадым: «Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, досынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады». Міне, дана Абайдың өзі бала кімді көбірек жанына жақын тұтса, сол адамнан алар өнегесі де мейлінше молырақ болатынын баса айтқан. Оқушы ұстазын жақсы көріп, оның әр сөзін санасының түкпіріне терең сіңіруіне оларға деген қарым-қатынасы әсер етеді. Әр баламен досындай сырласып, жүрегіне жол таба алса, олар да мұғалімнің айтқанынан әрі кетпейді. Аузынан шыққан әрбір сөзін дұрыс деп қабылдайды, ұстазының касиеттерін де өз бойына сіңіреді. Ендігі кезекте педагогтың жауапкершілігін тілге тиек етейік. Әр ұстаз бүгінгі заманның ағартушысы, осы күннің Абайы мен Ыбырайы.


Оның мойнындағы жауапкершілік жүгі кезіндегі ағартушы ұстаздардан бір кем емес. Сол себептен баланың ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру үшін әр педагог өзінен бастауы тиіс. Қазіргі кезде көшедегі жарнамалардың қатесінен көз сүрінеді. Оны оқи-оқи санамызға сіңіп, дұрыс секілді қабылдап кетуіміз де ықтимал. Теледидар тілі де шұбарланып барады, балалардың көретін ойын- сауық контенті де тілді бұзып, түрлі сленгті, жаргонды араластырып сөйлейтіндерден құралады. Міне, осындай өрескел жағдайдың бәріне тосқауыл қойып, баланың орынсыз, қате сөйлегенін дер кезінде түзете алған мұғалім ғана OK бойы озық тұрады. Баланың да, баска әріптестерінің де алдында абыройы асқақ болады. Жай ғана «тілді құрметтеу керек”, “қазақ тілінде таза сөйлеу керек» деп пафоспен ұрандатпай, осылай орайы келгенде қазақ грамматикасына сәйкес қай сөзді қалай айту керегін, оқушылар ондай қатеге бой алдыруына не себеп болатынын айтып түсіндіруі шарт. Мектеп бағдарламасына сай тақырыпты өткеннен кейін, уақытты жоспарлап, ауысқан он-он бес минутында ертегі оку, бағдарламадан тыс көркем әдебиет оқып, дебат түрінде оны талқылау, оқушылардың ойын сұрау, миын қозғап, фантазиясын дамытатын қызық сұрақтар кою арқылы тілге деген сүйіспеншілігін оятып, балалардың тіл байлығын, сөздік корын дамытуға болады. Мәселен кітап мазмұнын айту барысында кейіпкердің орнында өзің болсаң кайтер едің, автор мұнымен не айтқысы келді, оқиғаны автор ретінде өзің қалай аяқтар едің немесе қалай жалғасқанын тілейсің деген секілді сұрақтар қойып, баланың қиялы ұшқыр болуына әрі ана тілінде ойын еркін жеткізуіне сеп бола аламыз.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі ретінде өзім балаларға осындай әдістерді колданамын. Оқушының, ары кетті ұлтының алдындағы жауапкершілігін, тілге деген құрметті арттыру міндетін ұғынған әр педагог осы жолда жанкешті еңбек етуден аянбаса керек.
Адебаева Ақшолпан Улмесбековна,
Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Хиуаз Доспанова атындағы № 28
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
қосымша білім беру педагогы.