Елімізде қолға алынған экологиялық бастамалардың бірі-«Таза Қазақстан» республикалық акциясы өз жалғасын табуда. Осыған орай N64 Мақталы жалпы білім беретін мектебінде аталған акция аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Шара барысында мектеп ұжымы жұмыла еңбек етіп, білім ордасының ауласын және айналасын күл-қоқыстан тазалады. Әріптестер бірлесе отырып, ағаш түптерін әктеп, гүлзарларды ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде атқарды. Мектеп ауласы көркейіп, тазарып, оқушылар мен ауыл тұрғындары үшін жайлы орта қалыптасты.
Мектеп басшылығы осындай шаралар тек сенбілікпен шектелмей, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатынын атап өтті. «Таза Қазақстан» акциясы ұжым мүшелерінің табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Сұлугүл Рыскелдиева,
N64 Мақталы жалпы білім беретін мектебінің директоры.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ауласы абаттандырылды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған