Ағымдағы  жылдың мамыр айының 08-15 күндері аралығында Карағанды қаласында жасөспірімдер арасында баскетболдан  Қазакстан Республикасының чемпионаты болып  өткен еді.

Қызықты әрі тартысқа толы өткен сол жарыс кезінде 2012-2014 жылы туылғандар арасында  Түркістан облысының командасы жүлделі ІІ- орынға ие болды. Қуантарлығы осы облыстық құрамының сапында ойнаған 12 спортшының 8 спортшысы Мақтаарал ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылыры болып табылады. Сонымен бірге, осы сайыс кезінде «Жарыстың ең үздік ойыншысы» атағын Алинұр Серікбай иеленді.

Ал, сол чемпионатта 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы жарыста тағы да  Түркістан облысының командасы жүлделі ІІІ- орынға ие болды. Осы команда сапында ойнаған 12 спортшының жетеуі  де  ауданымыздағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары болып табылады.  Сол жарыстың ең үздік ойыншы атағын Рахат Катешов иеленді.

Тағы бір атап өтерлік жағдай  үстіміздегі жылдың 5-11 мамыр күндері аралығында Жетісай қаласында Ауылдық спорт мектептері арасындағы футболдан 2009 жылғы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасысының Чемпионаты болып өткен  еді. Аталған сол жарысқа облыстық құрама командасы сапында өнер көрсеткен Қуандық Ілімов жаттықтыратын – Мақтаарал аудандық №2 БЖСМ оқушылары; Нұрасыл Сапарбай, Айдархан Әбдижанат, Рамзан Фаизиевтер чемпион атанды.

СПОРТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ ШӘКІРТТЕРІ ӨРЛЕП ТҰР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған