Бүгінгі күні халық тығыз орналаскан оңтүстік аймақтардың тұрғындарын, әсіресе жастарды еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлеріне тарту, оларға мемлекеттік грант бойынша білім беріп, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін түбегейлі шешу – «Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша тоғыз жылдан бері ауыл жастары еліміздің түрлі аудандарындағы жоғары оқу орындарында білім алып келеді.

Жуырда Абай облысының орталығында орналасқан Әлихан Бөкейхан атындағы университетіне келген арнайы делегация  Бірлік ауылдық округінің және Мырзакент кент бітіруші сынып оқушыларына “Серпін-2050” бағдарламасының мағынасын түсіндіріп, үнпарақшалар таратылып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша жауапты оқытушылар құрамы мен осы университетте «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан студенттер, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіне қарасты мектептерінің бітіруші түлектерімен білім беру гранттары мен университеттің білім беру бағдарламаларын түсіндіріп өтті.

Түркістан облысынан түскен, университеттің 1 курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп, білім алу артықшылығы білікті профессорлар, тәжірибелі мамандар, әскери кафедра, академиялық ұтқырлық, жатақхана, қосымша мүмкіндіктерді атап өтті.

Осы кездесу кезінде университет өкілдері түлектердің тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай нақты жауаптар берді. Сондай-ақ, төменгі шекті баллмен (50 немесе 75) грантта білім алып, кәсіби мамандық иесі болуларына сәттілік тіледі.

«СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған