Күні кеше қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті.
   Консультациялық-кеңесші органның төрайымы, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова басшылық жасаған жиынға аудан прокуратурасының прокуроры М.Кабаев, «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Есімханов, «Атакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері У.Джурумбетова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы м.а. Д.Хаметов, «Мырзакент-Қызмет» МКК басшысы М.Ажикабылов, «Мақтаарал-сервис» МКК басшысы Б.Шампиев, «Атамекен» ҰКП Мақтаарал аудандық филиалының директоры М.Шакенов және кеттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
   Күн тәртібіне сәйкес, жиында аудандық пробация қызметі бөлім бастығы м.а. С.Адиловтың және аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыру-жинақтау, талдау бөлімінің басшысы Н.Джанабековтың ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалады.
Жалпы 9 айда 43 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 6 азамат ауылдық округтерге ақылы қоғамдық жұмыстарға, 5 адам аудан әкім квотасы бойынша, қалған 32 азамат әр түрлі шаруа қожалықтарға жұмысқа тартылған.
   Пробация есебінде тұрғандардың 53-іне психологиялық көмек берілген. Сонымен қатар, 30 сотталған азаматтың жанұясына бір реттік азық-түлік үлестірілген. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы тарапынан «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкер негіздерінде оқу үшін 3 азамат жолданып, нәтижесінде 2 азамат сертификат алған. Сотталғандар арасында қайта қылмыстың алдын алу мақсатында 3 рет спорттық жарыстар өткізілген.
Жиын қорытындылау барысында баяндамашылардың берген есебіндегі ұсыныстарды басшылыққа алу үшін хаттама түзіліп, тиісті мекеме басшылары мен кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.
      Айта кетейік, Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші консультациялық-кеңесші орган қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға, пробациялық есепте тұратын азаматтарға, әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерi қызметінiң мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған.
ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨМЕКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған